Қыркүйек Серуен №1 Жыл мезгілдерінің өзгеруін бақылау Мақсаты



бет13/25
Дата16.10.2023
өлшемі63,58 Kb.
#115854
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
Серуен - күз (1)

Зерттеу жұмысы Қайың мен шетен т.б. ағаш жапырақтарын табу, олардан асфальтқа өрнек құру.
Еңбек
Алаңдағы жапырақтарды жинауға аула сыпырушыға көмектесу
Мақсаты:бірлесе жұмыс істеуге, мақсатқа жетуге баулу.
Қ/О: «Түлкі мен қояндар».
Мақсаты: жануарлар мінез-құлқын ажырата білу
Жаттығу ойындары: Қозғалысты дамыту.
Мақсаты:аяқ қозғалыстарын түрлендіре жаттығу жасау.


Қазан
Серуен №6
Ұшып кететін құстарды бақылау
Цели: ұшып кететін құстар туралы түсініктерін кеңейту;

  • Құстарға деген танымдық қызығушылығын арттыру.


Бақылау барысы
Көркем сөз
Қайтқан құсты көрдің бе?
Қаптай ұшқан әуелеп.
Күткен күзім келдің бе,
Сыңсып бағың мәуелеп.
Жаз қызығы өтті енді,
Құстар қайтып кетті енді.
Қол бұлғап қоштасамыз,
Төбеден құстар өткенде


Балалармен әңгімелесу, сұрақтар:

  • Күз келгенде құстар тіршілігі қалай өзгереді?(құстар жемі азаяды, күн суытады, құстар ұшып кетуге дайындалады, балапандарын ұшуға жаттықтырады)

  • Бұрынғы бақылағандар бойынша жазғы және күзгі құстар жайлы айтыңдар?(жазда жем көп, олар балапандарына жем тасиды, қоректендіреді)

  • Құстар жемі күзде қайда кетеді? (жәндіктер жоқ болады, өсімдіктер қурайды, дәндер мен тұқымдар азаяды)

  • Құстардың ұшу мерзімі неге байланысты деп ойлайсыңдар, ең әуелі қандай құстар ұшып кетеді? (Ең әуелі жәндәктермен қоректенетін құстар, сонан соң дәнмен, тұқыммен, астықпен қоректенетін құстар ұшып кетеді)

  • Құстар ұшуға қалай дайындалады? (олар үйір-үйір болып жиналады, ұзақ жолға ұшуға дайындалады, тамыздың аяғынан бастап ұшып кете бастайды)

  • Ең соңынан қандай құстар ұшып кетеді? (үйрек, қаздар-су тоғандары қатқанша ұшпайды, су астында қорек табылады)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет