Құстардың қысқы тіршілігі жайлы түсініктерін кеңейту;
— Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Бақылау барысы Көркем сөз Ж. Смақов Шыр, шыр еткен торғайды Таспен атып торғайды Қорғамаса болмайды Ұя бұзған оңбайды. Кіп-кішкене торғайлар Құс өкпелеп кетеді Ағаштарды қорғайды Ауламызға қонбайды.
Балалармен әңгімелесу:.
Қараңдаршы, балалар, біздің аулада қандай құстар ұшып жүргенін. Бізде күзде ұшпай қалған құстарды қандай құстар деп атайды? (қыстап қалатын құстар)
Қыстап қалатын құстар мен жыл құстарының қандай айырмашылығы бар? (қыстап қалатын құстардың жүні қалың, мамық, тұмсықтары мықты)
Біз жақта қандай құстар қыстап қалады? (қарға, торғай, кептер)
Қыста торғайлар немен қоректенеді? (дәндермен, тамақтың ұсақ қалдықтарымен)
Қыстап қалған құстарды неге тамақтандыру керек? (оларға тамақ жетіспейді, ал олар тоқ болса жылы жүреді)
Қазір бақылап торғайлардың не істеп жүргеніне көңіл бөлейік және көргенімізді әңгімелеп берейік.
Торғайлар неге адамға жақын жүреді? (адамдар оларға тамақ береді, яғни ұсақтарды тастайды)
Еңбек Ағаш жапырақтары мен бұтақтарды жинау
Мақсаты:бірлесе жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын арттыру Қ/О: «Бір, екі, үш-жүкір!»
Мақсаты: тез жүкіруге жаттықтыру, ептілікке, ұжым жетістігіне ұмтылуға баулу. Жаттығу ойындары«Шығыршыққа түсір».
Мақсаты: