Ис bestProfi


және әмбебап контейнерлерді пайдалану шарттары



бет15/73
Дата12.06.2023
өлшемі0,87 Mb.
#100704
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73

және әмбебап контейнерлерді пайдалану шарттары

454. Тез бүлінетін жүктерді тасымалдау үшін изотермиялық және жабық вагондар, рефрижераторлық және әмбебап контейнерлер пайдаланылады. Изотермиялық вагондардың, рефрижераторлық контейнерлер шанағының жүк пен сыртқы ауа арасында жылу алмастыруға мүмкіндік беретін жылу оқшаулағышы болады. Рефрижераторлық вагондарда және рефрижераторлық контейнерлерде жүктерді тасымалдау кезінде белгіленген температуралық режимді сақтау қамтамасыз етіледі. Вагон-термостарда белгілі бір мерзім ішінде жүк шоғырлап жинаған жылу немесе суық сақталады. Жабық вагондар мен әмбебап контейнерлер жүкті жауын-шашыннан қорғайды, ал жылытқан жағдайда, жүк шоғырлап жинаған жылуды немесе суықты белгілі бір мерзімге сақтайды. Жабық вагондар, бұдан басқа, жүктерді тасымалдау кезінде жүк үй-жайын реттелмейтін тура желдетуге мүмкіндік береді.
455. Санатына рефрижераторлық секциялар мен АРВ-Э жататын рефрижераторлық вагондарда осы Қағидада аталған тез бүлінетін жүктер тасымалданады.
456. Вагон-термостарда сақтау мерзімі 10 тәуліктен аспайтын термиялық дайындалған тез бүлінетін жүктер тасымалданады. Биологиялық жылу шығарушы ретінде жеміс-көкөністер вагон-термостарда тасымалданбайды.
457. Тез бүлінетін жүктерді рефрижераторлық вагондарда тасымалдау кезінде температуралық режим мен желдету қажеттігі осы Қағидалардың 41-қосымшасына сәйкес тиеу сәтіндегі жүктің түріне немесе температурасына қарай белгіленеді.
27. Жануарлар мен құстарды тасымалдау тәртібі
458. Темір жол көлігімен жануарлар мен құстардың барлық түрлерін (бағалы аңдарды, зертханалық, хайуанаттар паркінің және үй жануарларын, теңіз аңдарын, араларды, балықтарды қоса) (бұдан әрі - жануарлар мен құстар) тасымалдауға ұсыну «Жөнелтушінің коса берілген құжаттары» деген бағанында көрсете отырып, жүкқұжатқа қосымшасымен және ветеринарлық қадағалау саласындағы тиісті уәкілетті органдар берген ілеспе құжаттар болған кезде жүзеге асырылады.
459. Жануарларды тиеу, түсіру кірме жолдарда жүргізіледі.
460. Жануарлар жөнелтуші осындай тасымалдар үшін арнайы жабдықтаған арнайы вагондарда немесе жабық вагондарда жүргізіледі.
Жануарларды тасымалдау үшін жабық вагондарды жабдықтауды жүк жөнелтуші жүргізеді.
461. Жануарларды тиеуге таза, ал асыл тұқымды жануарларды тиеуге - жуылған және заразсыздандырылған вагондар беріледі. Вагондардың жануарларды тасымалдауға жарамдылығын «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес ветеринарлық инспектормен немесе ветеринарлық дәрігермен бірлесіп жүк жөнелтуші белгілейді.
462. Жануарларды тиеу, түсіру Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасына сәйкес ветеринарлық қызмет өкіліне міндеттітүрде хабарлау арқылы жүзеге асырылады.
Жануарларды тиеу, түсіру тәуліктің жарық уақытында жүргізіледі. Жануарларды тәуліктің қараңғы уақытында тиеуге, түсіруге жануарларды тиеу, түсіру орындарының жеткілікті жарықтануы болғанда ғана рұқсат етіледі.
463. Жануарларды жабық вагондарға тиеу мына мөлшерде жүргізіледі:
ірі қара мал (үлкен) - 16-дан 24 басқа дейін оның көлемі мен салмағына қарай;
ірі қара мал төлдері - 24-тен 28 басқа дейін;
бұзаулар - 36-дан 50 басқа дейін оның жасына қарай;
қойлар мен ешкілер - 80-нен 100 басқа дейін;
шошқалар - 50-ден 60 басқа дейін (бір жануардың салмағы 80 килограмға дейін болғанда), 44-тен 50 басқа дейін (салмағы 80-нен 100 килограмға дейін болғанда), 28-ден 44 басқа дейін (салмағы 100-ден 150 килограмға дейін болғанда), 20-дан 28 басқа дейін (салмағы 150 килограмнан артық болғанда);
жылқылар - 14 бастан артық емес;
түйелер - 8 бастан артық емес.
Жануарлардың көрсетілген санын вагонға орналастырғаннан кейін, тағы бір жануар сиятындай жеткілікті бос аралық қалдырылады. Асыл тұқымды және жоғары өнім беретін жануарларды тиеу нормаларын жүк жөнелтуші мемлекеттік ветеринарлық қызмет органымен келісім бойынша белгілейді.
464. Жылқылар вагонның бойлық осіне қатарластырып бастарымен есік аралық кеңістікке қарай, вагонның әрбір жартысында екі қатардан орналастырылады. Жолсеріктің өтуі үшін ортаңғы қатарларында шеткілеріне қарағанда бір жылқы кем қойылады.
Вагондар жылқыларды тиеу үшін жылқы байлайтын төрт көлденең тақта-белдеулермен, екі есіктік тақта-төсемдермен, екі бойлық және төрт жемдік тақталармен жабдықталады.
Жылқыларды тек тағасыз күйде ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.
465. Ірі қара мал вагонда көлденең немесе бойлық тәсілмен орналастырылады.
Ірі қара малды мамандандырылған вагондарға тиеу тек көлденең тәсілмен ғана жүргізіледі.
Ірі қара малды тиеу алдында, оны көлденең тәсілмен орналастыру кезінде вагонның бойлық қабырғасының алынбайтын тақталарына 1-2 жануарға бір шығыршық есебімен малдарды байлау үшін темір шығыршықтар (немесе қапсырма) бұрандашегелермен бекітіледі. Вагонның шет жақ қабырғаларына вагонға көлденең алынбайтын тақталарға салынатын, вагонның шет жақ қабырғаларына жақын әрқайсысы екі тақтадан тұратын сөрелер төселеді. Ірі қара малды тиегеннен кейін вагондардың есік ойығына торлар орнатылады.
Ірі қара малды бойлық тәсілмен орналастыру кезінде вагондар жылқыларды тасымалдауға арналғандай жабдықталады, бірақ есік ойықтарына есіктік тақта-төсемдердің орнына торлар орнатылады. Қойлар, ешкілер, бұзаулар, шошқалар мен ірі қара мал төлдері вагондарға байлаусыз тиеледі.
466. Бір вагонда бұқалар мен сиырларды, қошқарлар мен саулық қойларды, қабандар мен мегежіндерді, сондай-ақ жануарлардың әр түрлерін бірге тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Шошқаларды қысқы мезгілде сыртқы ауаның температурасы минус 25o С-тан төмен, ал жазғы мезгілде - салмағы 100 килограмнан астам ірі семіз шошқаларды температура +25o С және одан жоғары болған кезде тиеуге рұқсат етілмейді.
467. Ұсақ жануарлар торлар мен жәшіктерде бірнеше қабатпен тасымалданады. Вагонның бүйір қабырғасы бойынша тор мен төбе арасындағы аралықтар кем дегенде 0,2 метр болуы тиіс. Жәшіктер мен торлар малдарды күту және желдету үшін өтпе қалдыра отырып, бойлық қабырғаға орнатылады.
468. Вагондап жөнелтілетін жабайы жануарларды тасымалдау әрбір жеке жағдайда тасымалдаушы мемлекеттік ветеринарлық қызмет органымен және жүк жөнелтушімен келісім бойынша белгіленетін жағдайларда жүргізіледі.
Терісі бағалы аңдар олардың түрлеріне қарай металл торлы есіктерімен ағаш торларда тасымалданады. Торлардың есіктерінің өз бетімен ашылмайтын және құлыпқа жабылатын мықты ілмектері бар.
469. Құстарды тасымалдау су өткізбейтін тұтас түбі бар торларда жүргізіледі.
470. Жүк жөнелтуші жануарларды жүкті жеткізу мерзімі мен оған қосылатын екі күнді ескере отырып, бүкіл жүру жолына су мен төсемелер қорымен қамтамасыз етеді.
471. Жем мен төсемелерді тасымалдау үшін жүк жөнелтушінің өтініші бойынша және оның есебінен жеке вагондар беріледі.
472. Жануарларға ілесіп жүретін жолсеріктер жүктерді ілесіп осы Қағидалардың 21-тарауында көзделген міндеттерді орындайды. Жүк жөнелтушінің өтініші бойынша және оның есебінен малдарға ілесіп жүрген жолсеріктер үшін жеке вагондар беріледі.
473. Жануарларды тасымалдау кезінде жолсеріктер оларды жазғы мезгілде тәулігіне кем дегенде екі рет, қысқы және өтпелі кезеңдерде бір-екі рет суарады.
Жануарларды суару жүргізілетін станцияларды тасымалдаушы белгілейді.
474. Ішінде жануарлары бар вагондарды жүру жолында көңнен тазартуды магистральдық темір жол желісінің операторымен және мемлекеттік ветеринарлық қызмет органымен келісім бойынша белгіленетін станцияларда ғана поездың тоқтап тұрған кезінде жолсеріктер жүргізеді. Мұндай станциялар жануарлары бар вагондардың вагондардың тазалануы көзделген темір жолдарға берілуін қамтамасыз етеді.
Ауру жануарлар табылған, сондай-ақ жануарларды ерекше жағдайларда тасымалдау кезінде вагондарды жүру жолында көңнен тазартуға тыйым салынады.
475. Сапар барысында малдың жаппай немесе жекелей ауруының, өлуінің әрбір оқиғасы туралы, сондай-ақ мал азық пен су ішуден бас тартқан жағдайда, жолсеріктер жазбаша түрде станция бастығы арқылы осы станция орналасқан аумақтағы ветеринария саласындағы органдарға, олардың малдарды әрі қарай тасуы мүмкіндігі немесе оларды кідірту туралы шешім қабылдау үшін хабарлайды.
Ауру жануарларды жүру жолында союға рұқсат етілмейді.
476. Жануарлары бар вагондарды кідіртудің барлық оқиғалары туралы, жануарларды вагоннан түсіріп тастау туралы станция, осы Қағидалардың 29-тарауында белгіленген тәртіппен жалпы нысандағы ГУ-23 актісін жасайды.
Актінің көшірмесі ветеринария саласындағы органның жазбаша талабымен бірге тасымалдау құжаттарына қосып беріледі. Жүк құжатының «Тасымалдаушы белгілері» бағанында станция жалпы нысанда актінің жасалғаны және ауырған немесе өлген малдармен жоспарланбаған жұмыстарды орындау кезінде тасымалдаушы шеккен нақты шығындар туралы белгі соғады. Тағайындалу (шекаралық немесе өтпелік) станциясында жүк қағазындағы белгінің негізінде жүк жөнелтушіден (экспедитордан) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауырған немесе өлген малдарды түсіріп алғаны үшін тасымалдаушы шеккен нақты шығыстар өндіріліп алынады.
477. Жүру жолында жануарлар тасымалданатын вагондардың техникалық ақаулығы табылған жағдайда тасымалдаушы дереу вагонды жөндеуді жүргізеді. Егер вагондарды дереу жөндеу мүмкін болмаса, ветеринария саласындағы органның рұқсаты бойынша, тасымалдаушы жануарларды ветеринарлық-санитарлық өңдеуден өткен басқа вагонға ауыстырады.
478. Мал тиелген вагонның түсіру үшін келгені туралы жүк алушыға және ветеринария саласындағы органдарға хабарланады.
479. Жануарларды түсіру аяқталғаннан кейін жүк алушы вагондардың (үшінші санат бойынша кейінгі өңдеуге жататын вагондардан басқасы) есік аралық кеңістігінде көңді және төсеме қалдықтарын қалап үюді жүргізеді.
Көң мен төсеменің қалдықтарын жүк алушылардың өтініші бойынша қалап үю үшін тасымалдаушы келген вагондардың саны мен жергілікті жағдайларға байланысты қосымша уақыт белгілейді.
480. Вагондарды зарарсыздандыру жүк алушылардың есебінен жүргізіледі.
481. Ветеринария саласындағы органдар карантин жариялаған жағдайларда, тасымалдаушы жануарларды тиеуді уақытша тоқтату немесе шектеу туралы жариялайды.
Карантин жарияланған станцияға келген жануарлар тиелген вагондардың бару адрестері жүк жөнелтушінің, жүк алушының өтініші негізінде және ветеринария саласындағы органның шешімі бойынша басқа станцияларға өзгертіледі.
28. Ветеринарлық, фитосанитарлық бақылауға жататын жүктерді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет