37
2-
мәтін
Сократтың ақылы
Сократқа біреу келіп: - Досың жайлы не естігенімді айтайын ба? - дейді.
-
Токта. Маған әңгіме айтар алдында үш сынақтан өтуіңді сұраймын.
-
Үш сынақ?
-
Иә, менің
досым туралы сейлер алдында, бір сәт тоқтап, айтатыныңды ой елегінен
өткізіп алғаның абзал болар. Бірінші - “Шындық сынағы.” Досым туралы айтатынын
100 пайыз шындық екеніне сенімдісін бе?
-Жоқ. Негізі біреудің айтқанын естідім де, содан...
-
Жарайды. Олай болса, сен ол әңгіменің өтірік-рас екенін білмейсің.
Екінші -‘‘Жақсылық сынағы.” Досым туралы айтатының жақсы ма, әлде..?
-
Жоқ, жақсы емес, керісінше...
-
Сен рас
болған-болмағанын білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе айтқың келе
ме сонда? Оған қарамастан сынақтан өтуің мүмкін, соңғы - ‘‘Керектілік сынағы.”Досым
туралы айтатының керегіме жарай ма?
-
Білмеймін ғой енді, бәлкім...
-
Түсінікті. Маған айтатының қиындық емес, жақсылық емес және қажеті жоқ нәрсе.
Оны айтып несіне әуре боласың?
Достарыңызбен бөлісу: