№_______ іс-тәжірибені өткізуге арналған келісім-шарт
Өскемен қаласы «___»_______2023ж.
Бұдан әрі «Университет» деп аталатын «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ атынан, Жарғы негізінде әрекет етуші, Басқарма төрағасы-ректор Төлеген Мұхтар Әділбекұлы тұлғасында, бір жағынан, бұдан әрі «Мекеме» деп аталатын ШҚО Тарбағатай ауданы Шеңгелді ауылының «Қ.Сәтпаев атындағы Шеңгелді мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ атынан, Ереже/Жарғы негізінде әрекет етуші, Кудайбергенова Бакытгуль Кансабекқызы тұлғасында, екінші жағынан және бұдан әрі «Білім алушы» деп аталатын азамат (ша) Дулатбекқызы Ақжарқын үшінші жақтан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес төменде көрсетілгендер бойынша осы шартты жасады:
ШАРТТЫҢ МӘНІ
1.1 Университет 2022 жылы 6В01508 - «Математика-Физика» БББ бойынша оқуға түскен білім алушының оқытуын жүзеге асырады.
1.2. Мекеме/кәсіпорын білім алушыны білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес іс-тәжірибе базасымен қамтамасыз етеді.
1.3.Білім алушы білім беру бағдарламасын өндірістік қызметтер мен міндеттерді білікті орындауға мүмкіндік беретін негізгі және кәсіби құзыреттерді алу мақсатында игереді.
ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1 Университет өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушыны мекемеге/кәсіпорынға жіберу;
2) білім алушыны осы Шартта көрсетілген оның міндеттерімен және жауапкершілігімен таныстыру;
3) білім алушының іс-тәжірибесы бойынша әдістемелік жетекшілік және бақылауды жүзеге асыру.
2.2 Университет құқылы:
1) егер білім алушының қатысуымен іс-тәжірибе өту кезеңінде болған жағдайларда жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысуға.
2.3 Мекеме/кәсіпорын өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) университеттке академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушының іс-тәжірибеден өтуі үшін жұмыс орындарын ұсыну;
2) білім алушының жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайын (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалықты өткізу арқылы) қамтамас ету;
3) білім алушының іс-тәжірибесіне жетекшілік жасау үшін білікті мамандарды тағайындау;
4) білім алушының іс-тәжірибе бағдарламасы мен жеке тапсырмаларын жетік орындауына қажетті жағдай жасау.
2.4 Мекеме/кәсіпорын құқылы:
1) қазіргі талаптарға сәйкес білім беру мекемесінен білім алушыларды сапалы оқытуын талап етуге;
2) білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұрауға;
3) білім алушыдан мекемеде қолданылатын ішкі тәртіп ережелерін сақтауды талап етуге.
2.5 Білім алушы өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) іс-тәжірибе бағдарламасының талаптарын қатаң сақтау және орындау;
2) кәсіби іс-тәжірибе орнында еңбек тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техника ережелерін сақтау;
3) іс-тәжірибеден өту үшін белгіленген уақытта кәсіпорынның қарауына келу;
4) іс-тәжірибеден өту барысында және аяқталған соң кәсіпорын туралы кұпия ақпаратты жария етпеу.
2.6 Білім алушы құқылы:
1) оқу мақсатында қажетті оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер қорын, оқу-әдістемелік жабдықтарды, компьютерлік өзге де техниканы пайдалануға;
2) іс-тәжірибе бағдарламасында қарастырылмағаң және/немесе егер еңбек жағдайлары қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмесе қызмет түрлеріне қатыспауға;
3) білім беру бағдарламасының бейіні бойынша ақы төленетін лауазымдарға бос орындар болған кезде қабылдануға.
|