Қысқа мерзімді жоспар Апталық жүктеме 5 сағат, жылдық жүктеме 170 сағат. 2018-2019 оқу жылына арналған



бет120/229
Дата23.05.2022
өлшемі2,7 Mb.
#35371
түріСабақ
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   229
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Оқулықтағы №3(а) тапсырманы оқушылар жұппен орындайды, әр қатарға бір бағандағы өрнектің мәнін табуды орындау керек. Мұғалім әр жұпқа орындалатын жұмыстың түрін таңдауға мүмкіндік береді. Оқушылар алгоритмге сәйкес екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлуді орындайды. Жұппен жұмыстың бұл түрінде «материал элементтерін бөлу»: бірінші оқушы бәрін өз мойнына алады, ал екінші оқушы – бақылайды.
Мына өрнектің мәнін табу барысында, оқушылардың қызметі ауысады. Жұппен жұмыс жасау барысында «амал бойынша» бірінші оқушы түсіндіреді, екіншісі жазып отырады, бірінші оқушы келіседі немесе келіспейді, бір есепті орындау барысында оқушылар орындарын ауыстыруына болады.
Өздік жұмыс
Оқушылар оқулықтан №4 тапсырманы орындайды, а) пунктінде есепті 3 амалмен орындайды, ә) пунктінде өрнек бойынша есеп құрастырады, оны шешеді.
Жаңаны қолдану.
Оқушылар оқулықтан №5 тапсырманы орындайды, оны әртүрлі тәсілмен орындайды, ә) пунктінде сол амалдармен шешілетін есеп құрайды, оны шешеді.
Өткенді қайталау.
Оқушылар оқулықтағы №6 тапсырманы орындайды, берілген өлшем бірліктердің шамаларын анықтайды. Тапсырманы орындау үшін оқушылар шамалардың өлшем бірліктеріне қатысты біліктіліктерін қолданады (1дм = 10см = 100мм, 1м = 100см = 1000мм, 1км = 1000м).
Оқулықтағы №7 тапсырма ғылыми-зерттеушілік қабілетті талап етеді, оқушылар топпен орындайды. Қарбыздың салмағы 6 алманың салмағымен тең екеніне мән берсек, сәйкестендіргеннен кейін оқушылар 1 алманың салмағын анықтайды. 1 кг-да 5 алма болғандықтан, 1 алманың салмағын – 1000 г : 5. Кестеге сәйкес амалды қолданып, оқушылар бұл өрнектің мәнін ауызша есептейді.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.





Сабақтың соңы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет