Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Сұрақтар жаңбыры.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау Белсендіру. Солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктегі фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру бойынша топтық жұмыс жүргізіледі. Бұл үшін фотоаппараттың және айналасы қиылған – нысанның суреті салынған қағаздар таратылады. Балалар оны белгілі бір әріпке қояды немесе бұрады және қалғандары төртбұрыштың басқа қабырғаларында не жазылғанын табады. Атап айтқанда: сол жағында, оң жағында, үстінде, астында, алдында, артында.
Мысалы,
Оқушы фотоаппаратты көзіне жақындатып: «Мен мына әріпті көріп тұрмын» дейді.
Егер алдымда В әрпі болса, онда сол жағында А, оң жағында – D, астында – С, үстінде – Е, артында – F.
Қалған балалар бақылап, белгі беріп отырады, дұрыс болса қолдарын не қаламдарын көтереді, егер қате болса ақырын қол соғады.
Өздік жұмыс Оқулықтағы №2, 3 тапсырманы орындайды.
Қиындықтарды түзету. Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.
Үлгі бойынша өзіне тексерту.
– Кімде қиындық туындады?
– Қай жерден қате жібердіңіз?
– Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз?
– Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаған болса, өз мақсатыңызды нақтылаңыз.
(Қосымша тапсырма орандау). – Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты қандай?
(Қателерді түзеу). – Қателерді түзеу алгоритмін қолданамыз.
– Әрқайсысы өзінің оқу міндетін айтады.