Қысқа мерзімді жоспар Апталық жүктеме 5 сағат, жылдық жүктеме 170 сағат. 2018-2019 оқу жылына арналған



бет119/229
Дата23.05.2022
өлшемі2,7 Mb.
#35371
түріСабақ
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   229
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары



Сабақтың ортасы

Жаңаны ашу.
Жаңаны ашу үшін және қиындықтан шығу үшін, сынып оқушыларын топтарға бөлуді және екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу тәсілінің жазбасын мұқият қарауды ұсынады. Әр оқушы топ ішінде бір элементтің жазылу мақсатын түсіндіреді. Мұндай бөлу әдісін қабылдаудың сәтті не сәтсіз болғанынан кейін, оқушылар оқулықтағы екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу алгоритмімен танысады.
Оқушылар бөлу амалының жазбасын дұрыс жасаудың маңызды екеніне мән беру керектігіне назар аударады. Алдымен бөлінгішті жазады. Оның оң жағына тік және көлденең сызық сызады. Сызықтың үстіне бөлгішті, астына бір-бірден бөліндінің мәні жазылады. Мұғалім балалардың есіне есептеу критерийлерінің дұрыстығын бақылауға мүмкіндік болу үшін, жауаптағы цифрлардың санын анықтау өте маңызды. Оқушылар бөлуді ең үлкен разрядтан бастау керек екенін түсінді. Берілген жағдайда бұл 8 ондық. Мұғалім бұл санды толық бөлгіш емес деп түсіндіреді. Оқушылар бірінші санды бөлген кезде қандай да бір сан шығатынын түсінеді, бөліндінің мәнінің орнына нүкте қоюға болады, бөлгіште тағы бір сан қалатындықтан, тағы бір цифр шығатындықтан, тағы бір нүкте қоюға болады. Яғни жауапта екі сан шығу керек (ондық және бірлік). Енді тікелей бөлуге кірісуге болады. Оқушылар өз амалдарына түсінік беріп бөлуді орындай білу керек. Әр оқушы топ ішінде тізбек бойынша алгоритмнің бір пунктін түсіндіреді:
- ондықтарды бөлемін: 8:2=4, бөліндінің орнына 4 жазамын. Қанша ондықты бөлгенін тексеремін. Ол үшін көбейтемін: 2⋅ 4=8, ондықтың астына жазамын. Азайтамын: 8 – 8 = 0. Яғни ондық толық бөлінді.
- Бірлікті бөлемін: 6 : 2 = 3, бөліндінің орнына 3-ті жазамын. Бөліндінің орнына 4-ті жазамын. Қанша ондықты бөлгенін тексеремін. Ол үшін көбейтемін: 2⋅ 3 = 6, бірліктің астына жазамын. Азайтамын: 6 – 6 = 0. Яғни бірлік толық бөлінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет