Түсіндіре отырыпалғашқы бекіту.
Оқулықтағы №3(а) тапсырманы оқушылар жұппен орындайды, әр қатарға бір бағандағы өрнектің мәнін табуды орындау керек. Мұғалім әр жұпқа орындалатын жұмыстың түрін таңдауға мүмкіндік береді. Оқушылар алгоритмге сәйкес екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлуді орындайды. Жұппен жұмыстың бұл түрінде «материал элементтерін бөлу»: бірінші оқушы бәрін өз мойнына алады, ал екінші оқушы – бақылайды.
Мына өрнектің мәнін табу барысында, оқушылардың қызметі ауысады. Жұппен жұмыс жасау барысында «амал бойынша» бірінші оқушы түсіндіреді, екіншісі жазып отырады, бірінші оқушы келіседі немесе келіспейді, бір есепті орындау барысында оқушылар орындарын ауыстыруына болады.
Өздік жұмыс Оқушылар оқулықтан №4 тапсырманы орындайды, а) пунктінде есепті 3 амалмен орындайды, ә) пунктінде өрнек бойынша есеп құрастырады, оны шешеді.
Жаңаны қолдану. Оқушылар оқулықтан №5 тапсырманы орындайды, оны әртүрлі тәсілмен орындайды, ә) пунктінде сол амалдармен шешілетін есеп құрайды, оны шешеді.
Өткенді қайталау. Оқушылар оқулықтағы №6 тапсырманы орындайды, берілген өлшем бірліктердің шамаларын анықтайды. Тапсырманы орындау үшін оқушылар шамалардың өлшем бірліктеріне қатысты біліктіліктерін қолданады (1дм = 10см = 100мм, 1м = 100см = 1000мм, 1км = 1000м).
Оқулықтағы №7 тапсырма ғылыми-зерттеушілік қабілетті талап етеді, оқушылар топпен орындайды. Қарбыздың салмағы 6 алманың салмағымен тең екеніне мән берсек, сәйкестендіргеннен кейін оқушылар 1 алманың салмағын анықтайды. 1 кг-да 5 алма болғандықтан, 1 алманың салмағын – 1000 г : 5. Кестеге сәйкес амалды қолданып, оқушылар бұл өрнектің мәнін ауызша есептейді.