3 деңгей 26 сұрақ
Ұғым, мағына, сөздің байланысы мен айырмашылығы
Сөз болған жерде ұғымның болуы заңдылық екені мәлім. Ұғым мағынамен байланысып,оймен,ойлаумен ұштасып жатады. Ойлау мен сөзді бірінен- бірін тағы да бөліп алуға келмейді. Бірақ екеуін біріне тепе-тең деп қарауға да болмайды. Тіл білімінде ұғымды сөзден бөліп қирамай, сөзсіз ұғым болмайды дей отырып, сөз ұғымның қалыптасуында маңызды қызмет атқаратынын ғалымдар ертеден-ақ айтып келеді. Сөздің өзі белгілі дәрежеде ұғымының қалыптасуы арқылы сараланып, дыбыстық бір бүтін мағыналы сөзге айналады. Ұғымды қалыптастыруға, оны айтуға сөз керек болды. Өйткені ойлаудың өзі де сөз арқылы болатындықтан ұғымда сөз арқылы пайда болады, бірақ ұғымның мағынасы кең, бір сөзденде, көп сөзден де бір ұғым болуы әбден мүмкін. Ұғым түйсіктен басталады. Табиғаттағы (сырттағы) зат адам түйсігіне әсер еткенде адам ойлай бастайды. Философияның заңы бойынша кез –келген көрінген зат адамда ой тудырады. Ұғымды сөз жинақтап аяқтайды. Осылай ету арқылы адамның сезім күйі ұғым мазмұнын қабылдағандай дәрежеге жеткен кезеңде сөз – түйсікті ұғымға айналдыратын форма деуге болады. Сондықтан ол екеуінің арасына тепе-теңдік белгі қоюға болмайды. Сөздің шығуы ұғымның сезім тұжырымының қабылдау актісі деуге болады.
Бірақ жеке адамдар түрлі заттарды, құбылыстарды өмір практикасында танып біледі де, сөз (тіл) арқылы олардың аттарын да бірге атап үйренеді. Ойлау мен тілдің байланысы осында болып табылады. Бұл байланыс сөйлемде де жеке сөздер де көрінеді. Ойлау қажетінен тыс сөйлемнің я сөздің болмауын былай қойғанда, белгілі бір мән-мағынаға байланысып, тілдің элементі болып келетін грамматикалық тұлғаның өзі де ой мен тілдің байланысын көрсетеді. Онсыз, яғни заттық ақиқатсыз, ешбір үғым да тумас еді. Сөйтіп ұғымның мазмұны сөздің мағынасы болып шығады. Бірақ ұғым категориясы мен мағынаны да тепе-тең деп есептеуге болмайды. Мағына –ұғымның қалыптасқан, айқындалған түрі. Мағынаның ұғымнан айырылатын мынадай ерекшеліктері бар: 1) ұғым категориясы дүние жүзіндегі тілдердің бәріне де ортақ, бәрі де тас, ағаш, көл, тау, жақсы, жаман дегенді ұғады, яғни ұғым қай халыққа болсын бірдей. Ал сөздің мағынасы бәрінде бірдей емес, онда (сөз мағынасында) ұлттық ерекшеліктің ізі болады. Әсіресе бұл ерекшелік сапаны белгілеуде айқын көрінеді. Ұғым ұлттық ерекшелік жоқ десек те болады. Мысалы, қазақ тілінде көмір деп сөнген шоқты түсінсек, шоқ деп жанған күйін айтамыз. Шынында, бұл екі сөз екі түрлі заттың атауы емес, заттың екі түрлі күйін білдіреді. Бірақ екеуі екі басқа, біріне-бірі қаттыссыз атау болып сезіледі. Ұғымның мәні- сөз мағынасынан гөрі кеңірек, әрі жалпылау.
27.Көмекші Сөздерді грамматикалық тұлға деп қараған пікірге өз тұжырымыңызды жазыңыз
Тілдегі сөздерді лексика-грамматикалық белгілеріне қарай атауыш сөздер және көмекші сөздер деп бөлетінімізді білеміз. Атауыш сөздерге морфологиялық жағынан түрлене алатын, белгілі бір лексикалық мағынаға ие , сөйлемде сөйлем мүшесі бола алатын сөздер кірсе, КӨМЕКШІ СӨЗДЕРГЕ лексикалық мағынасы жоқ немесе мағынасы солғындаған, сөйлемде атауыш сөздермен тіркесіп қана сөйлем мүшесі бола алатын сөздер тобы жатады. Көмекші сөздер, көмекші есімдер, көмекші етістіктер, шылаулар болып бөлінеді.
Көмекшілердің сөз екендігіне дау жоқ, тым болмағанда барлық тілші ғалымдар түркі тілдеріндегі көмекші сөздердің тұлға жағынан тұрақты түбір морфема екендігін мойындайды. Ал қазіргі қазақ тілінде, сондай-ақ басқа түркі тілдерінде де, түбір морфемалар сөзге тең болады. Бірақ кез-келген дыбыс не дыбыстар тізбегінің сөз екендігін мойындау үшін оның құрылымдық элементтерін де мойындау керек. Екінші сөзбен айтқанда сөз екі элементтен тұрады: 1) мағынасы, 2) дыбысталуы.
Сөздің мағынасы —оның ішкі жағы, яғни мазмұны болса, дыбысталуы — сыртқы жағы. Бірақ тілшілеріміздің кейбіреулері көмекшілердің сөз екендігін мойындаса да, оның мағынасының бар екендігін мойындамайды. Дұрысы кей ғалымдар көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ деп есептейді. Жалпы сөз мағынасы дегенде, біз лексикалық мағынаны ойымызға аламыз, ал грамматикалық мағына дегенде лексикалық мағынаға ілесе жүретін грамматикалық формалар арқылы берілетіи мағынаны түсінеміз. Егер көмекші сөздерде лексикалық мағына жоқ дейтін болсақ, онда олардың сөз екендігін де мойындамаған болып шығамыз. Мағынасы жоқ, тек дыбысталудан тұратын сөз болады деген теорияны қолдаған боламыз.
Жалпы сөздік құрамындағы сөздерді лексикалық мағына дербестігіне қарай (бар, жоқтығына қарай емес) екіге бөлу — дәстүрлі гармматикамызда ертеден келе жатқан құбылыс. «По степени лексико-семантической полнозначности и самостоятельности и по способности выступать на уровне синтаксиса в качестве отдельного члена предложения или словосочетания части речи объединяются в два разряда; первые девять (зат есім, сын есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш сөз, модаль сөз, одағай-О.А.) частей речи составляют знамемательные слова, последние три-служебные слова (септеулік, жалғаулық, демеулік—О.А.)»,— деп ажыратады башқұрт тілінің академиялық грамматикасының авторлары[27,95]. Басқа түркі тілдерінің материалдары негізінде жазылған оқулықтарда атауыш (толық мағыналы) және көмекші сөздерді ажыратудың басқаша принципін ұсынады.
28.Сөз мағынасы тек мәнмәтінде көрінеді, жеке тұрғанда мағына білдіре алмайды деген пікірге көзқарас
Сөздің көп мағыналылығын әр суреткер өз зертханасынан қырнап, өңдеп, өз орнын тауып қиыстырған болса, тілге жеңіл, ойға қонымды болмақшы. Сөздің көп мағыналылығы прозадангөрі поэзияда жиі кездеседі. Көп мағыналы сөздің қолданысында мәнмәтіннің сипа-тына қарай мағыналық реңктері көп болады. Өйткені сөздің көп мағыналылығы жалпы халықтық ауыспалы мағынаның негізіндежасалып, олар тілдің стилистикалық арнасын кеңейтеді, байы-тады, тілдің экспрессивті-эмоционалдық бояуын қоюландырыпаша түседі. Сөздің мәнмәтіндік мағынасы да көркем әдебиет стилінен туады. Белгілі мәнмәтінде ғана ұшырасатын сөздің келтірінді мағынасы қашанда әр автордың стильдік мақсатынан, дүниені бейнелі қабылдауынан туындайды. Жеке авторлық қолданыстағы сөздердің мәнмәтіндік мағынасы сол тілдік тұлғаның ерекше поэтикалық ойлау қабілетін көрсетеді. Философиялық ойлау мен көркем шығармашылық адамның айналасындағы дүниені тануымен тығыз байланысты. Мысалы: «Қазақтың бағы жүрсе – кәукілдеген мақтан әңгімесі, гулеген өсегі, кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кердең жүрісі көбейіп, қараптан-қарап іші жарылып, бұтқа толы болады» (Ә.Кекілбаев). Бұл сөйлемдегі кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кердең жүріс мәнмәтіндік мағынасы адамның мінез-құл-қына байланысты пайда болып, оның жүріс-тұрысын бейнелеуге қызмет етіп тұр. Жазушы «шалқайып, шіреніп жүру» мағынасындағы жүрісті суреттеу мақсатында мәнмәтінде бір-бірімен үйлеспейтін сөздерді өзара байланыстырып, тың қолданыстар жасауға мәжбүр болған.
29.Сөздің тура және ауыспалы мағынасына мақал мәтелдер арқылы мысал келтіріңіз.
Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Ауыспалы мағына
Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, “түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу” (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған.[1] Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне метафора,метонимия, меңзеу, қызмет бірлігі т.б. жатады. Сөздердің қызмет бірлігі бойыншаауыспалы мағынада қолданылуы олар бейнелейтін заттар мен құбылыстардың тұлғасы, түрі мен түсі, басқа да белгілері жағынан әр түрлі бола тұрып, атқаратын қызметтері бір болуына байланысты. Мысалы: жүру сөзі кезінде бір ғана мағынада қолданылып, кейін түрлі қозғалыс түрлерінің бәрінің атауына айналған.
Достарыңызбен бөлісу: |