Ортасы
- 26'
|
Тапсырма №1.
«Тымақ ұру» - ойыны.
Ойынға қатынасушылар екі жарым метрдей таяқты жерге қадайды да, оның басына тымақ, не малақайды іліп қояды.
Ортаға бір ойыншы шығады. Оған таяқтың басында ілулі тұрған тымақты көрсетеді де орамалмен көзін көрмейтіндей етіп мықтап байлайды. Сонан соң оны тұрған жерінен 3 рет айналдырып қолына қамшы ұстатады да, тымақ ілінген таяққа қаратып қоя береді. Көзі байланған қолындағы қамшысымен тымақты ұрып жерге түсіруі тиіс. Бірақ тымақ ілінген таяқтың биіктігі өз бойынан деңгейінен аспауы керек.
Ойын кезектесіп жүргізіле береді. Тымақты ұрып түсіре алмағандар айып тартады.
Дискриптор:
- Командамен жұмыс жасайды
- Ойын ережесін түсінеді
- Қауіпсіздік ережесін сақтайды
- Қамшыны ұстай алады
- Көз байлаулы кезде тепе теңдікті сақтайды.
Тапсырма №2.
«Қап киіп секіру» - ойыны.
Қап киіп жарысу — спорт залдың ұзындығына қарай сызық сызылынып алынады.
Жарысатын жердің ені бір жарым метрдей болады және 4—5 қатар жолақ жол созылып қойылады. Жолдың қақ ортасына жарысатын адамдардың санына сәйкес етіп кенеп қаптың аузын ашып қою керек.
Ойын басқарушының командасы бойынша сызықтың бірінші басында қатарласып тұрған ойнаушылар жарысып жүгіре бастайды. Жолында жатқан қапқа жетісімен, екі аяғын оның ішіне тығып, тез киіп, екі қолымен жоғары көтеріп, ілгері секіріп жарыса береді.
Ойынның мақсаты — сызықтың екінші басына алдымен жету. Бір бірінен озып, командамен жұмыс жасау.
Осы тәртіппен ойын қайталана береді.
Дискриптор
Командмен жұмыс жасайды.
Ойын ережесін түсінеді.
Қауіпсіздік ережесін сақтайды.
Шапшаң қозғала алады.
Жауапкершілікке, ұйымшылдққа үйренеді.
|
Мұғалімнің пәрменін тыңдау
Әділ ойнау
Командамен жұмыс жасау.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
Жаттығу элементтерін дұрыс
орындау.
Берілген көрсетілген тапсырманы нақты орындайды.
Кауіпсіздік ережесін сақтайды.
Ойын ережесімен танысады.
Командамен жұмыс жасау.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
Жаттығу элементтерін дұрыс орындау
Берілген көрсетілген тапсырманы нақты орындайды.
Кауіпсіздік ережесін сақтайды.
|