Қысқа мерзімді жоспары Бөлім



Дата24.05.2023
өлшемі47,06 Kb.
#96873
Байланысты:
12.04 Инф


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Мәтіндік құжатпен жұмыс істеу

Педагогтың аты-жөні

Елтаев Арынғазы Еркебұланұлы

Күні

12.04.2023

Сынып 6

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны

0

Сабақтың тақырыбы:

Интернеттегі авторлық құқық және плагиат мәселелері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



6.2.2.1 сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұны, тақырыптар, түсіндірмелер)
6.4.2.3 Авторға сілтеме жасайтын ақпаратпен ілестіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

«авторлық құқық» және «плагиат» туралы анықтама береді

Көптеген оқушылар:

авторлық құқықпен қорғалатын туындыларды біледі

Кейбір оқушылар:

авторлық құқық жүрмейтін туындыларды біледі



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу.
Мектепте сабақта және сабақтан тыс уақытта берілген тапсырмаларды орындау барысында ақпарат іздеп, интернетті сан рет ашуға тура келеді. Интернеттегі авторлық құқық мәселесі-өте күрделі мәселе. Интернет кеңістігінде ақпарат еркін таратылғанымен, онда жарияланған ақпараттың бәрін еркін пайдалануға болмайды. Интернет сайттарындағы әрбір әдемі сурет, қызықты мақала, ән, музыка, кино немесе басқа да жарияланған өнер туындыларының авторы бар. Интернет әлемінде авторлық құқықты қорғау шынайы өмірдегідей жүзеге асырылады. Сайттарда жарияланған мәтіндер мен суреттер авторлық құқық туралы заңға сәйкес қорғалады.

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.









Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Авторлық құқық- авторлық құқықпен қорғалған автордың туындыларын қайта шығаруға немесе басқалардың пайдалануына рұқсат беру құқығы.
Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға мыналар жатады:

  • Мақалалар, ғылыми еңбектер, компьютерлік программалар, әдеби шығармалар;

  • Көркемөнер туындылары;

  • Архитектуралық сызбалар;

  • Әннің сөзі мен музыкасы;

  • Пьесалар және сценарийлер;

  • Кинофильм және мультфильмдер;

  • Дыбыстық жазбала, фотосуреттер.

© таңбасы кез келген туындының авторлық құқықпен қорғалғанын көрсетеді.Егер автор өз туындылары орналасқан сайтқа осындай таңбаны қойса, пайдаланушыға сайтта жарияланған электрондық туындылардың авторлық құқықпен қорғалғанынан хабардар етіп отырады.Мысалы, интернеттегі кез келген поэзиялық немесе прозалық шығарманы өз сайтыңа немесе басқа сайтқа өз атыңнан жариялай салу өте оңай.Бірақ мұндайды заң тілімен айтқанда плагиат дейді.
Интернеттегі ақпарат автор құқығын бұзбай қолдану үшін:

  • авторлық құқық белгісін қою;

  • дереккөзді көрсету;

  • ақпарат орналасқан түпнұсқа сайтқа тікелей сілтеме беру керек.

Кейбір материалдарға авторлық құқық жүрмейді. Оларды еркін пайдалануға болады:

  • ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, заңнамалық, әкімшілік және сот сипатындағы басқа мәтіндер), сондай ақ олардың ресми аудармалары;

  • мемлекеттік рәміздер мен белгілер (ту, эмблема, орден, банкнот және т.б.);

  • халық өнерінің туындылары;

  • ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер туралы хабарламалар;

  • қысқаша атаулар мен ұрандар жатады.

Біздің елімізде де авторлық құқық мәселесіне ерекше мән беріледі. Қазақстан заңнамасы бойынша интернет желісінде авторлардың құқығын бұзғаны үшін жауапқа тарту көзделген. «Авторлық құқықтар және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңына авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғау көзделген.

Жеке жұмыс. 1-тапсырма.


«Авторлық құқық», «плагиат», «гиперсілтеме» ұғымдары неге қатар жүреді?

Дескриптор:


-берілген сұраққа түсініктеме береді.

ҚБ: стикер /3 балл/


Топтық жұмыс. 2-тапсырма.


Интернет желісінде орналасқан қазақстандық сайттардың (*.kz) кез келген біреуін ашып, онда орналасқан электрондық ресурстарға талдау жүргізіндер.
Назар аударыңдар:
-Сайтта орналасқан деректер авторлық құқықпен қорғалған ба?
-Сайт басқа авторлардың құқықтарын бұзбай ма?

Дескриптор:


-сайтта орналасқан деректер авторлық құқықпен қорғалғанын түсіндіреді

ҚБ: стикер / 3 балл/


Топтық жұмыс. «Фишбоун» әдісі/кластер/


Дескриптор:


-авторлық құқықпен қорғалатын туындаларды кластерге жазады;
-авторлық құқық жүрмейтін туындыларды кластерге жазады.

ҚБ: стикер /4 балл/



Мұғалімді тыңдайды
«Авторлық құқық» ұғымы туралы анықтамасын дәптерге жазады

«плагиат» ұғымы туралы анықтамасын дәптерге жазады


1-тапсырманы орындайды


2-тапсырманы орындайды

3-тапсырна орындайды
Кластер толтырады

Стикер
3 балл


Стикер
3 балл

Стикер
4 балл



Жұмыс дәптері

Карточка

Компьютер
Интернет желісі

Кластер



Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: «Қажетті сөздер»
Ұнады, қажет, пайдалы, білдім,
үйрендім, қызықтым, есте сақтадым

Өзін-өзі бағалау.







Үй тапсырмасы

§ 4.4, 117-бет «Үй тапсырмасы»














Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар



Авторлық құқық


1.

қорытынды


2.





3.



Авторлық құқық жүрмейді


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет