Саралау тәсілі. «Бағалау»
ҚБ: Мұғалімнің мадақтауы
(Өте жақсы! Жарайсыңдар! Керемет!)
Саралау тәсілі. «Диалог және қолдау көрсету»
Ал енді есімізге түсірейік!
Координаталық сәуледе нүкте белгілеу үшін, қажетті...Координаталық сәуледе нүктені қандай әріппен белгілейміз? Нүктенің координатасын қалай жазамыз?
Ендеше балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз қалай аталады? Иә дұрыс айтасыздар. Ендеше оқулығымызды ашып, дәптерімізге тақырыпты жазайық.
Сабақтың мақсатын анықтау. Сабақтың мақсатымен және жетістік критерийімен таныстыру және талдау.
Жаңа сабақты меңгеру.
Тарихқа шолу
Ондық бөлшектің бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен үтірмен ажыратуды Шотландия математигі Дж. Непер (1550- 1617) және неміс аспанәлемін зерттеушісі И. Кеплер (1571 -1670) енгізген. Ресейде Леонтий Филиппович Магниицкий 1703 жылы басылып шыққан өзінің “Арифметика” оқулығында ондық бөлшектер туралы баяндауды жалғастырды
Бейнекөрініс арқылы жаңа тақырыпты ашу.
Топтық жұмыс.
«Алтын қақпа» ойыны. оқушылар ойын шарты бойынша топпен жұмыс жасап, тас қақпа және күміс қақпадан өтіп, алтын қақпаны ашу қажет, әр қақпаның алдыңдағы тапсырманы орындаған топтар марапатталады.
1.«Тас қақпа» Сәйкестендір.
1)
2)
3)
4)
2. «Күміс қақпа»
А(1,2) және В(2,4) ондық бөлшегін координаталық сәуледе кескінде.
3. «Алтын қақпа»
Координаталық сәулені бөліктерге бөліп, ондық бөлшектерге 3 мысал ойлап, соны сәуледе кескінде.
ҚБ: Топтар бір – бірін шапалақтау арқылы бағалайды.
Жұптық жұмыс. Оқулықпен жұмыс.Оқулықтағы есептерді шығару.
]ҚБ:Смайликтер арқылы бағалау
(мұғалім есептерді шығару деңгейлеріне сай смайликтер береді)
Жеке жұмыс. «Кім жылдам» әдісі
Саралау тәсілі. «Тапсырма». Білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар.
А деңгейі
1) 5,982 ондық бөлшегіндегі:
1) бірлік
2) ондық үлесті;
3) жүздік үлесті;
4) мыңдық үлесті атаңдар
В деңгейі
Ондық бөлшектерді өсу ретімен жазыңдар
2,5;0,78;1,2; 2,65
С деңгейі
Координаталық сәуле сызыңдар. А(0,2), В(1,5), С(1,9), М(2,3) нүктелерін белгілеңдер.
ҚБ:Оқушылар от шашу арқылы өз-өзін бағалайды
|
Интерактивті тақта
Презентация
Бағдаршам суреттері
Жарайсың! Өте жақсы!
«Математика» 5 сынып
МАН
Сиқырлы қобдиша
Интерактивті тақта
«Математика» 5 сынып
Bilimland
«Математика»5 сынып
-есеп дұрыс шықты
-есепте қате бар
-есеп шығармаған
5 сынып есептер жинағы
|
Сабақтың соңы
5 мин
3 мин
1 мин
1 мин
|
Саралау тәсілі.«Қорытынды»
Жеке жұмыс.
Қалыптастырушы бағалау
Тапсырмалардың дұрыс жауаптары интерактивті тақтада көрсетіліп, тексеріледі. Оқушылар өз – өздерін бағалайды.
Мұғалім тапсырмаларды рубрика жазу үшін жинап алады.
Тест жұмысын орындау.
Үйге тапсырма.№756 есепті шығару және ондық бөлшектер туралы тарихи мәліметтер іздеп, жазып келу
тапсырылады.
Кері байланыс. «Желкенді кеме»
Оқушылар кері байланысты толтырып тапсырады.
|
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
5 сынып
Bilimbook
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасынсақтау
|
Саралау тапсырмалары арқылы оқушылардың деңгейін анықтау мақсатында А,В,С деңгейінддегі тапсырмалар ұсынылды. «Қарқын».Қосымша есеп. Қабілетті оқушыларға арналған тапсырмалар дайындалды.
Қабілеті жоғары оқушылар білім деңгейі төмен оқушыларға көмектеседі. Жеке тапсырмаларды орындауда қабілетті оқушыларға өз бетімен жұмыстануға мүмкіндік беріледі. Топтар өз міндеттерін бөліседі. Тапсырмалалардың сараланған болуы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқушыларға түрлі тапсырмалар мен ресурстар дайындау арқылы қолдау көрсетемін.
|
Оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеру үшін қолданылған қалыптастырушы бағалау түрлері:
1. Мұғалімнің мадақтауы (Өте жақсы! Жарайсыңдар! Керемет!)
2. Топтар бір – бірін шапалақтау арқылы бағалайды
3. Смайликтер арқылы бағалау
4. «От шашу» әдісі арқылы бағалау
5.От шашу арқылы өз-өздерні бағалайды
6. Жұлдызша арқылы бағалау
Оқушылардың берілген тапсырмаларды дұрыс, нақты орындауы қадағаланды. Сабақ соңында оқушылар өз – өздерін бағалайды және кері байланыс жасайды. Оқушылардың қажеттілігін анықтау мақсатында «Желкенді кеме» кері байланыс түрі қолданылады.
|
Сабақ үстіндегі оқушылардың көңіл – күйін қадағалап отыру.
Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады.
Гигиеналық талаптардың орындалуы (таза ауа, жарық, тазалық).
АКТ қолданғанда уақытқа қатысты ережені сақтау.
Интерактивті тақтаны уақытымен пайдалану.
Оқушылардың партада түзу отыруын қадағалау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |