Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.
ә). Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
б). Топтастыру.
|
Сап түзеп тұру арқылы 1, 2 санын реттілікпен саналу арқылы екі топқа бірігеді.
І-топ:
ІІ-топ
Топтың ережесі:
ТҚЕ сақтау.
Топ басшысына бағыну.
Белсенді болу.
Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.
Уақыт шегінде жұмыс жасау.
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Тоқыма жіп
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Жыл неден тұрады?
Бір жылда қанша күн, ай. Мезгіл бар?
Апта күндері мен ай, мезгілдерді ата
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Сызықтық перспектива тақырыбына түсініктеме береді.
Төмендегі суретті көрсетіп, ұжымдық талұылау жасайды.
|
Төмендегі сұрақтарға жауап іздейді.
1. Нидерландық суретші Питер Брейгельдің (Үлкені) «Қар үстіндегі аңшылар» картинасына зейін қойып қара. Сеніңше көрерменге не жақын орналасқан, ал алысырақ орналасқан не? Оны қалай білдің?
2. Суретші неліктен алдыңғы жақтағы ағаштарды артқы жақтағы ағаштарға қарағанда үлкенірек етіп салған?
3. Бұл пейзажда қандай перспектива бар?
|
Дескриптор:
Жалпы-4 балл.
- Мәтінді оқиды.
-Мәтін желісі бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
-Суретті ұжымда талқылайды.
|
3-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
Жұптық жұмыс
|
Перспективалық бейнелердің өз ережелері бар. Онымен танысу үшін тәжірибе жүргізіп көрейік.
|
Бірінші және екінші тәжірибелік жұмысты орындайды.
|
Дескриптор:
Жалпы-2 балл.
-Бірінші тәжірибелік жұмысты дұрыс орындайды.
--Екінші тәжірибелік жұмысты дұрыс орындайды.
|
3-сынып оқулығы, жұмыс дәптері,
Құрал-саймандары
|
Топтық жұмыс
|
ПЕРСПЕКТИВАЛЫ СУРЕТ САЛЫП ҮЙРЕНЕМІЗ.
Суреттерге зер салып қара. Жас суретші қандай қателіктер жіберді?
|
Үстелдің суретін саламыз. Оның өзімізге жақын жағын ендірек, ал алысырағын енсіздеу етіп көрсетеміз. Үстелдің үстіне алмұрттың екі жартысын бейнелейміз. Олардың бірін үстелдің жиегіне жақындатып, екіншісін алысырақ саламыз. Енді суреттерді салыстырып, олардың қайсысында кеңістік байқалатынын анықтаймыз. Соңғысында кеңістік байқалатынына көзің жеткен болар?
|
Дескриптор:
Жалпы-4 балл.
-Ережеге сүйеніп, қызықты әрі әсерлі сурет салуға болатынын біледі.
|
3-сынып оқулығы, жұмыс дәптері,
Құрал-саймандары
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
«Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
|