Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы



бет29/29
Дата27.02.2023
өлшемі0,49 Mb.
#70255
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Практикалық жұмыстар
(Ж)№1-тапсырма: Өрнектердің мәнін есепте.



1) round(14.141-5.45)

5) print(round(3.2+8.2)//4)

2) print(round(25.14+15.458))

6) print((16.5//4)%7)

3) print(int(25.14+15.458))

7) print((19.5//4)%7)

4) print(85/17)

8) 3*7//2%7



Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
-арифметикалық амалдарды пайдаланып, өрнектердің мәнін дұрыс есептейді.

Оқулық, жұмыс дәптерлері.










(Ж) 2-тапсырма: Өрнектердің нәтижесін анықтап, типін көрсет.


1) round(14.141-5.45)

5) str(int(25.14+15.458))

2) 128.5 %10

6)(16.5//4)%7

3) int(25.14+15.458)

7) 3+(19.5//4)%7)

4) (856/177)

8) '35'+str( 3*7//2%7)



Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

-өрнектердің нәтижесін анықтап, типін көрсетеді.




Оқулық, жұмыс дәптерлері.








(Ж) 3-тапсырма:
Рython тілінде жазылған өрнектің математикалық жазылуын тап.

1) (p+k*4)/(4*t)-4*p*k/(3-2*b)

5) ( x1**3-y1**3)-(x**3-2)

2) abs(4*x)+(3-3x)/5*y

6)abs(3-x)+x**3/y**2

3) 3*x*(x**3-47+2*y)/abs(x-4)

7) y-2*x+78-32%1

4) a/b*52/35

8) 89//65%34



Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
-Рython тілінде жазылған өрнектің математикалық жазылуын табады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері.






Сызықтық программа құрастыр
(Қосымша тапсырмалар)
(Д) 5-тапсырма.
Баскетбол ойыны 4-кезеңнен тұрады. Әр кезеңдегі екі команданың жинаған ұпайлары жеке-жеке қатарларда берілген. Ойынның қорытынды нәтижесін төмендегі форматта экранға шығаратын программа құрастыр.

Мысалы

Нәтиже

Түсініктеме

15 7
12 18
25 33
19 15

71:73

15+12+25+19=71
7+18+33+15=73



(Д) 6-тапсырма.
Ежелгі Отырар өңірі тарихының ашылмаған сырлары көп. Аңыздарға сүйенсек адамзат тарихындағы ең ірі кітапханалардың қатарында саналатын Отырар кітапханасы жасырылған жер осы күнге дейін табылмады. Рамазанның қолында кітапхана жасырылған тұсты көрсететін карта бар (1-сурет). Осы картаға сүйеніп оған кітаптар қазынасы жасырылған жерге дейін баруға көмектесетін алгоритмін құрастыруға көмектес. Алгоритм алға, артқа, оңға және солға командаларынан, және әр бағытқа қанша жүру керектігін көрсететін сандардан тұрады. Мысалы, алға 10.


(Д) 7-тапсырма
S теңге ақшаны құны K, P және N теңгелік монеталар көмегімен ең аз қалай төлеуге болады? Тапсырманың блок-схеиасын сызып, программасын құрастыр. S, K, P және N бүтін сандар.

Мысалы

Нәтиже

Түсініктеме

217 10 5 1

24

21+1+2=24

345 100 10 5

8

3+4+1=8



(Д) 8-тапсырма.
2-ші және 3-суретте берілген блок-схеманың рython тіліндегі программасын жаз. а,b,c айнымалыларының берілген мәндерін блок-схемаға қойып оның нәтижесін тап.

2-суреттегі блок- схема бойынша

a) a=1, b=2, c=5.

b) a=2, b=4, c=3

3-суреттегі блок- схема бойынша

a) a=5, b=2, c=6, d=3.

b) a=1, b=1, c=2, d=2


(Д) 9-тапсырма.
4-сурет бойынша а, b, c айнымалысы қатысқан есеп мәтінін құрастыр. Құрастырған есебіңнің мәтіні бойынша программа құрастырып, оның блок-схемасын құрастыр.


(Д) 10-тапсырма.
5-сурет бойынша v1, v2, t, s айнымалысы қатысқан есеп мәтінін құрастыр. Құрастырған есебіңнің мәтіні бойынша программа құрастырып, блок -сызбасын құрастыр.


Мақсаты: Теориялық білімін іс-тәжірибеде қолдануға бағытталады.
Тиімділігі: Дарынды оқушылардың жылдамдығына қарай берілетін қосымша тапсырма.
Саралау: «Қарқын» тәсілі . Сыныптағы кейбір қарқыны жылдам оқушылардың сыныпта басқа оқушыларды күтіп қалмауына, зерігу әрекетін тудырмауға септігін тигізетін тапсырмалар. Қажеттілігіне қарай көмек қажет ететін қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қойып қолдау көрсетемін. Ал қарқыны жылдам оқушыларға арнайы алдын ала дайындалған қосымша тапсырмаларды ұсынамын.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.



«Бессаусақ» әдісі
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Сабақты бекіту.
Рефлексия «Бессаусақ» әдісі

(Д, Ұ) Балалар таратылған «5 саусақ» прақшасына презентацияда көрсетілген төмендегі критерийлер бойынша өз ойларын жазу керек.
-Өзімді қалай сезіндім?
-Басқаларға көмегім тиді ме?
-Бүгін көңіл күйім қандай болды?
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Бүгін не үйрендім?
Мақсаты: Рефлексия жасау арқылы балалардың бүгінгі сабаққа қатысты ой түйінін, пікірін анықтау.
Тиімділігі: Мұғалімнің өз ісіне сыни түрде қарау.

Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.



«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет