Қысқаша дәріс курсі


Дәріс№12 Тақырыбы:Компьютерлік атластарды және карталарды жасаудың



бет25/34
Дата03.11.2022
өлшемі460 Kb.
#47257
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
Байланысты:
357398 (2)

Дәріс№12
Тақырыбы:Компьютерлік атластарды және карталарды жасаудың
ерекшеліктері

Масштабына қарай жіктеу масштабы картаның мазмұны мен аумақты қамтуына,картографиялық торына əсеріне негізделіп анықталады. Барлық географиялықкарталар масштабына қарай ірі масштабты (1:200 000 жəне оданда ірі), орта масштаб- ты (1:200 000 нан 1:1 000 000 дейін) жəне ұсақ масштабты (1:1000 000 ұсақ) болып бөлінеді.


Ірі масштабты жалпы географиялық шолу карталары топографиялық карталар,ал ұсақмасштабтылары шолу кар- талары деп аталады.
Картографиялық өнімдерге географиялық карталардан басқа географиялық атластар, глобустар, жер бедерінің кар- талары, көлденең қима-сызбалар, блок- диаграммалар жатады.
Атластар – бұл біртұтас шығарма ретінде бірыңғай бағдарламамен құрылған карталардың жүйеленген жиынтығы. Тақырыбы өзара үйлесіп, бірін-бірі толықтырып отыратындықтан, атластағы карталар бір-бірімен беттестіріліп талдау жасау қызметін атқарады.
Олар кеңістікті қамтуына, атқаратын қызметіне,мазмұнына жəне тағы басқа белгілеріне қарай жіктеледі. Атластар кітап, альбом
немесе арнайы қорапқа салынған жеке беттер түрінде бастырылып шығарылады.Онда карталардан басқа мəтіндік түсініктемелер, анықтама материал- дар, графиктік сызбалар мен суреттер беріледі.
Жер бедерінің карталары бұл жер бетінің үш өлшемді, көлемді үлгісі түрінде құрылады. Көрнекі, əрі, мағыналы болу үшін мұндай карталардың көлденең масштабына қарағанда тік масштабы таулы аумақтар үшін 2-5 есе, жазықтар үшін 5- 10 есе ірі болып келеді. Жер бедері картасының барлық мазмұны кəдімгі шартты белгілермен кескінделеді. Олар бұрын ағаштан, гипстен, картоннан жасалса, қазіргі
таңда пішінделген пластиктерді термо- вакумды қондырғыларда қыздыру арқылы жасайды. Жер бедері карталарын оқу мақсатында жəне жолдарды, су қоймаларын жо- балау сияқты бірқатар тəжірибелік мəселелерді шешу барысында қолданады.Көлденең қима-сызбалар – бұл жалпы географиялық жəне мазмұны бірін-бірі толықтыратын тақырыптық карталарға, соны- мен қатар, олардың масштабына,
шартты белгілеріне негізделіп белгілі бір бағытты бойлай құрылатын жер қыртысының көлденең қима-сызбасы.
Блок-диаграммалар – бұл қандайда бір жазықтықтың ұзына бойымен жəне көлденең қима-сызбалармен үйлестіріліп құрылған жер бетінің үш өлшемді перспективті кескіні. Олардың тақырыбы əр түрлі
Болуымен ерекшеленеді. Геологиялық жəне геоморфологиялық блок диаграммалар жер қыртысы əр түрлі болып келетін жер бетінің тұрақтылығын; топырақтың блок диаграммалары жергілікті жердің бедері мен топырақ қимасының арақатынасын; мұхиттық блок
диаграммалар су массаларының, фронттардың, тұздылықтың тағы басқа үрдістер мен құбылыстардың таралуын көрсетеді. Блок диаграммалар көбінесе аффинді жəне перспективті проекцияларда құрылады.
Көрнекілігін арттыру үшін көлденең масштабына қарағанда, тік масштабы біршама ірі болады. Біліктерінің бірінің бойындағы кескіндерді «созу» арқылы көлбеулігі мен ракурстарын өзгертеді. Электронды блок-диаграммаларды дисплейдің экранында əр
түрлі тұстарынан бұруға немесе айналдыруға болады.
Анаглифті карталар (анаглифтер) – бұл параллактикалық ығысу нəтижесінде
екі бейнеде стереожұп түзетін, бірін-бірі өзара толықтыратын екі түсті бояумен бастырылған карталар. Мұндай карталарды кызыл жəне көк-жасыл стереоəйнекті ар- найы стереосүзгілі көзілдірікпен қарағанда əр көз тек «өзінің» бейнесін көре алатындықтан олар біртұтас көлемді ақ-қара стереоскопиялық бейнені көре алады.
Компьютерлік графика əдісі дисплейдің экранында анаглифтер шығаруға мүмкіндік береді. Анаглифті карталар көбінесе жер бедерінің көрнекі үлгілерін оқу ретінде қолданылады.
Фотокарталар – бұл фотобейнелермен үйлестірілген карта- лар. Оларды
дайындау үшін жергілікті жердің жеке элементтері (координаттар торлары, горизонтальдар жазулар) немесе тақырыптық мазмұны (геологиялық құрылысы, ландшафттар т.б.) үйлестірілген фотопландар бар полиграфиялық көшірмелері алынады. Фотокарталар кəдімгі карталарда қабылданған бет- тер қолданылып негіздері мен дəлдігі
бірдей проекцияда құрылады. Түсірілімдердің артықшылықтары сақталған карта- мен үйлестіріліп жинақталған фотокарталарға жергілікті жерде бағдарлауда, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, инженерлік жəне іздеу-жобалау жұмыстарын жүргізу барысында пайдала- ну қолайлы. Кейде ортофотокарта термині де қолданылады. Оларды құру үшін фотобейнелер ортогональды проекциямен түрлендіріледі. Егер фотонегіз ретінде ғарыштық түсірілімдер қолданылса ондай карталар ғарыштық фотокарталар деп аталады. Жалпы географиялық, геологиялық, тектоникалық, ландшафтлық, сонымен қатар айдың, басқа да ғаламшарлардың ғарыштық фотокарталары біршама кең таралған. Транспорантты карталар-бұл экранда көрсетуге арналған мөлдір пленкаға бастырылған карталар. Көбінесе олардың тақырыптық мазмұны бір-бірімен өзара тығыз байланысқан əр түрлі даналарын (немесе серияларын) мөлдір пленкаға шығарады.
Бірнеше карта-транспорантты көрсету табиғат пен қоғамдағы құбылыстар мен үрдістердің арасындағы бірізді себеп-салдарлы байланыстарды немесе қабаттардың үйлесу дəрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Олар дəрістер мен ғылыми баяндамалардың мазмұнын ашуға мүмкіндік беретін көрнекі құрал немесе көрнекі
оқыту құралы ретінде қолданылады. Микрофиштегі карталар - бұл картаның немесе атластың фото немесе кинопленкадағы кішірейтілген көшірмесі. Микро- фильмдеу кең көлемді картографиялық ақпаратты сақтауға, жыл- дам тауып көрсетуге, картографиялық өнімдердің (əсіресе ескі карталардың) түпнұсқаларын сақтауға, картографиялық
өндіріс пен кітапханалардағы картақоймалардың ауқымын кішірейтіп,
оған жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Карталар- ды автоматты түрде құру мен талдау барысында микрофиштегі ақпараттарды компьютерге көшіру мүмкіндігінің болуының маңызы зор.Сандық карталар – бұл сандық формадағы х пен у ко- ординаттар мен z апликаты колталған нысандардың сандық үлгілері. Сандық деректерді (сандық үлгілерді) топографиялық жəне тақырыптық карталардың түпнұсқаларының мазмұнын санға айналдыру немесе стереофотометрялық үлгілер бойынша тікелей өлшеу үрдісінің барысында алынады. Сандық карталар тасмалдаушы машиналарда
ғана сақталатын, мəні жағынан бұл картаға түсірілетін нысандардың
картографиялық жинақтау мен дəлдікке қойылатын талаптарды ескере отырып, кəдімгі карта- ларда қабылданған координаттар мен шартты белгілер жүйесінің логикалық-математикалық сипаттамасы болып табылады. Кəдімгі карталардан масштабы, тақырыбы, кеңістікті қамтуы жағынан айырмашылықтары болады.Сандық карталар автоматты түрде карталарды құруға жəне оларды түрлендіруге негіз болатын де- ректер базасын қалыптастыру қызметін атқарады. Электронды карталар –
бағдарламалық жəне техникалық белгіленген дəлдікпен рəсімдеу ережелерін сақтап, шартты белгілер жүйесін пайдалану негізінде қабылданған про- екцияда құрылған жəне компьютерлік ортада
көрнекілендірілген сандық карталар. Кейде дисплейде дараланған кескіндерді экрандық карталар, ал бастырып шығаратын қондырғылардың көмегімен экраннан шығарылған карталарды экрандық карталардың көшірмесі деп атайды. Электронды
карталар- мен қатар кəдімгі атластардың баламасы электронды атластар да бар. Телекоммуникацияның дамуына байланысты көлемді
электронды карталар мен атластарды құрып, интернет желісіне енгізу мүмкіндіктері туды. Кейде оларды Интернет-карта жəне Интернет-атластар деп те атайды. Картографиялық анимация – бұл динамикалық бірізділікті сақтай отырып кескінделетін нысандар мен құбылыстардың ди-намикасын, олардың уақыт пен кеңістікте тара- лу қарқынын компьютердің экранында көрсететін электронды карталар. Анимациялар жазық немесе көлемді стереоскопиялық болуымен қатар олар фотобейнемен үйлесуі тиіс. Бұл жағдайда жергілікті жердің шынайы толық бейнесі пайда болады. Біршама күрделі бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланып копьютерлік ортада құрылған
жергілікті жердің мұндай кескінін виртуалды карта (виртуалды үлгі) деп атайды.Географиялық карта және оның қасиеттері. Жер бетінің толық немесе оның кез-келген бөлігінің белгілі бір масштабпен кішірейтіліп алынған кескінін (үлгісін) географиялық карта дейміз. Болашақта зерттелетін нысанның қасиеттерін жан- жақты ашып көрсетуге мүмкіндік беретін кішірейтіліп алынған жасан- ды кескінді
үлгі (модель) дейміз. Белгілі бір себеппен нысанды зерттеу мүмкіндігі болмай
немесе қиын болған жағдайда оның үлгісі жасалады. Географиялық карталар жер бетінің кеңістіктік бейнелі – шартты белгілі үлгісіне жатады. Картографиялық үлгінің қатарына жататын географиялық карталардың өзіне тəн ерекшеліктері бар. Біріншіден, географиялық картада жер қыртысының көп бөлігін, гидросфера мен атмосфераны, биосфераны қамтитын географиялық қабықтағы барлық құбылыстар
мен нысандар қамтылады. Екіншіден, адамның өмірі мен қызметіне байланысты əлеуметтік-экономикалық, сонымен қатар, жер бетіне жақын орналасқан барлық құбылыстар қамтылған картографиялық
үлгіде үйлестірілгендіктен картадан кез-келген географиялық орнын, алып жатқан ауданын анықтауға болады.Шынайы құбылыстардың орналасуын, өзара байланыстарын мақсатын көздейтін үлгілеудің түрі географиялық картаның танымдық қасиетін картография ғылымының
ерек- ше тілі ретіндегі жеңілдетілген қолжетімді болуымен көзге түсетін графиктік кескінді кеңістіктік-бейнелі шартты белгілер айқындайды. Атқаратын қызметіне сəйкес карталар белгілі бір математикалық
ережелерге сүйеніп, картографиялық құбылыс- тарды іріктеп жинақтау негізінде құрылады. Географиялық карталар фотосурет немесе салынған сурет түрінде емес, табиғат пен қоғамның əр түрлі құбылыстарының кеңістікте орналасуын, таралу ерекшеліктерін оқып-үйрену ар- қылы білімді жинақтап, тіркеу негізінде жаңа білімді меңгеруге мүмкіндік беретін картографияның арнайы тілі шартты белгілерді пайдалану:
–жер бетін толық немесе оның бөлігін кескіндеу үшін ең қажетті
нысандармен құбылыстарды іріктеу арқылы карто- графиялық кескіндерді белгілі бір масштабта өте кішірейтуге;
– жер бетінің бедерінің ойлы қырлылығын горизонтальдардың
Көмегімен жазықтықта кескіндеуге;
– заттардың (құбылыстардың) сыртқы кескінін көрсетумен
шектелмей,түпкілікті ішкі қасиеттерін (теңіз карталарындағы су асты бедерін, ағыстарын, температурасымен тұздылығы тағы да басқа қасиеттерін) ашып көрсетуге;
– магниттік ауытқу, ауырлық күшінің анамалиясы, шикізат
көздері мен тұтынушының арасындағы өзара байланыс сияқты біздің сезім мүшелеріміз сезіне алмайтын құбылыстардың тара- луын көрсетуге;
– жеке заттар мен құбылыстардың онша мəлім емес тұстары мен оларға тəн жалпы белгілерді анықтап, абстракциялауға жүгінуге мүмкіндік береді. Біршама күрделі үрдістің бірі кескінделетін құбылыстарды
Іріктеу мен жинақтауды картографиялық жинақтау қамтамасыз
етеді. Картографиялық жинақтаудың нəтижелі болуы бір аумақ кескінделген масштабы əр түрлі карталарды бір-бірімен салы стыру барысында айқын байқалады. Қамтылатын аумақ артып масштабы кішірейген сайын кескінделетін жергілікті жердің суреті де кішірейіп
оқуға қиындық тудыра бастайды.Көрнекілігін сақтап, мағынасын арттыру үшін картаның масштабына сəйкес қосалқы нысандарды алып тастау арқылы жинақтау қажет. Жинақтаудың бағыты мен дəрежесі картаның атқаратын қызметіне сай жүргізіледі.Картографиялық жинақтаудың бағыты мен дəрежесі картаның тақырыбы мен
онда кескінделетін құбылыстарды, шартты белгілердің нақтылығын айқындайтын қызметіне тікелей байланысты болады. Қорыта айтқанда, картографиялық жинақтау нəтижесінде картаның мазмұнын ашып, оны оқуды жеңілдету үшін тек тəжірибелік жəне теориялық тұрғыдан маңызы бар ба- сты нысандарды қосалқылардан ажыратып, оларға тəн белгілерді анықтап дерексіздедіруге мүмкіндік беретін негізгі құбылыстар ғана іріктеліп алынады. Картографиялық үлгілердің маңызды қасиеттеріне қамтылған нысандардың орнын, жоғары математикалық дəлдікпен нақты көрсетілуін, көрнекілігі мен
шолулығын жатқызуға болады. Картографиялық өнімнің шолулық қасиеті арқылы географиялық картада кескінделген құбылыстардың негізгі ерекшеліктері мен өзара байланысын дайындығы бар оқырман бір көргеннен шолып өте алады. Оны кез-келген картадағы құбылыстар мен нысандардың сандық жəне сапалық қасиеттерінің іріктеліп жинақталып алынуы жеңілдетеді.Географиялық карта мен глобустарға тəн жоғарыда аталған қасиеттер аэрофото кескіндеу, ғарыштық кескіндеу, математи- калық үлгілеу сияқты жер бетінің ешбір үлгісінде кездеспейді. Сондықтан географиялық шындықты танып білуде
карталардың маңызы зор. Картографиялық үлгі ретінде карталар коммуни- кативтілік, жеделдік, танымдық, болжамдық қызмет атқарады. Географиялық картаны дерек көзі ретінде пайдалана отырып ақпараттың берілуін жүзеге асыруды географиялық картаның
коммуникативтілік қызметі дейміз. Географиялық картаның көмегімен навигациялық, жол құрылысын салу басқа да тəжірибелік есептер шығару мүмкіндігін жеделдік қызметі дейміз.
Оқып үйренетін құбылыстардың болашақтағы дамуын анық- тау мүмкіндігін географиялық картаның болжамдық қызметі дейміз.
Өндіріс пен ғылымның əр түрлі салаларында жəне мектеп оқушылары мен студенттердің білім алу мақсатында пайдалану- ды географиялық картаның танымдық қызметі дейміз. Белгілі бір құбылыстарды картаға
Талдау жасау негізінде оқып үйренуді картографиялық зерттеу əдісі дейміз. Бұл əдісті құру қазіргі картографияның басты міндеті болып табылатын картада кескінделген құбылыстарды танып білу
мəселелерін қарастыратын пəннің ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды.
Картографиялық əдістерді пайдалана отырып табиғат құбы-
лыстарын зерттегенде жүйелік, кешендік қағидаларын кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.Қазіргі кезде картографиялық əдіс-
пен жүргізілетін зерттеулер əлеуметтік ғылымдарда да кеңінен қолданады.Құнды ақпараттар сақталған дерек көзі əрі ғылыми-зерттеу құралы ретінде географиялық карталардың маңызы жылдан- жылға артуда. Білімнің көптеген салаларында құбылыстарды оқыпүйрену бұрын құрылған картаға талдау жасап, ондағы деректерді бақылау жүргізу нəтижесінде анықталған құбылыстар мен үрдістердің ерекшеліктерімен салыстыру арқылы жаңа кар- талар құрылады.
Танымның мұндай жолы негізінен жаратылы- стану ғылымдарының ішіндегі жер туралы ғылымға тəн. Олар геология, физикалық география, геоморфология, зоогеография, өсімдіктер географиясы, топырақ географиясы.Географиялық картаның белгілі бір аймақтағы
əр түрлі құбылыстардың арасындағы бірізді себеп-салдарлы байланысын анықтау бағытындағы кешенді зерттеулерде де маңызы зор. Мы- салы, ғалымдар жер сілкінуді болжауға ұмтылғанда геотермальды сулардың геохимиялық құрамының өзгеруі мен жер
қыртысында басталмақ қозғалыстың арасында байланыс барын анықтады.

Дәріс№13



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет