Жауап: Қозғалыс бағдарламасын қалыптастыру, қозғалыстың орындалуын бақылау, қозғалыстың бұзылуын түзету, қозғалысты вегетативтік қамтамасыз ету. 3. Мишық мидың қандай құрылымдарымен байланысты және осы байланыстардың функционалдық маңызы неде?
Жауап: Жоғарғы аяқшалары арқылы церебеллум кортекстің ассоциативті аймақтарынан іс – әрекеттің мақсаты туралы, төменгі аяқшалары арқылы тірек-қимыл жүйесінің жағдайы, ортаңғы аяқшалары арқылы ми жүйесінің мотор ядроларына және ми жарты шарларының мотор кортексіне баратын командалар туралы ақпарат алады.
2 есеп. Эксперименталды жануарда ми бағанасын көлденең кескенде децеребрациялық сіресу күйі байқалады.
Жауап: Децеребрирленген қаттылық күйіне алу үшін қызыл ядролардан төмен мидың көлденең қимасын жәнеде қызыл ядро мен жұлынды қосатын жол бұзылса орын алады.