Іш сүзегінің Қазақстандағы 2010-2016 жылдар аралығындағы эпидемиологиялық жағдайы және іш сүзегіне жалпы сипаттама


Іш сүзегінің клиникалық көріністері



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата16.01.2023
өлшемі1,1 Mb.
#61389
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Ділдашова Меруерт 313-топ курстық жұмыс.

Іш сүзегінің клиникалық көріністері 
Іші сүзегі кезіндегі жұқпалы ауру процесінің ағымында келесі 
кезеңдер ажыратылған: жасырын, бастапқы, өршу, 
реконвалесценция немесе аурудың нәтижелері. Жасырын кезең 
орташа 10-14 күн (7-23 күнге дейін болуы мүмкін). Аурудың типтік 
түрінде ауру біртіндеп баяу басталады. Күн сайын дене 
температурасы 1•С жоғарлап (баспалдаққа шыққан сияқты), 
аурудың 4-5 күндері ол ең жоғарғы шекке жетеді. Ауру жедел 


басталуы мүмкін. Аурудың жедел басталуының жиілігі ХХ 
ғасырдың басында 10-13% болса, 30-40-шы жылдары ол 33-45% 
жеткен, ал 60-шы жылдары-43-50%. Аурудың бастапқы кезеңінде 
науқастарда жалпы сырқатты хал, бүкіл дененің шаршағандай 
сезімде болуы, бас ауыруы, ұйқы мен тәбеттің нашарлауы, еңбекке 
қабілеттің төмендеуі, субфебрилитет байқалған. Бастапқы кезең бір 
аптаға жуық созылады. Дене қызуының көтерілуімен қатар улану 
нышандары да үдеп, ішкі мүшелер зақымдаһады: тері 
жабындылыарының бозаруы күшейіп, бас ауыруы, брадикардия, 
анорексия білінген. Іштің қатуы немесе өтуі мүмкін. Бұл аурудың 
ерекшілігі: интоксикация нышандары айқын болады. Науқас 
аурудың бірінші күні төсек тартып жатады- адинамия. Сөйлеуге 
халы болмай, теріс қарап, сұрақтарға жауап бермеуі мүмкін ( 
«тәртіпсіз адам» сияқты). Бастапқы кезеңге аса тән нышандар: 
қызба, әлсіздік, бастың айқын ауруы, ұйқының бұзылуы. Бұл 
көріністер эндоксиннің әсерінен дамиды. 
Аурудың өршу кезеңінде аурудың барлық нышандық жинақтары 
дамиды. Өршу кезеңінің ұзақтығы 1-2 апта. Дене қызуы әрқашан 
жоғары қалыпта сақталады. Науқастардың көбінде сүзек статусы 
дамып, розеолалар білінеді, орталық жүйке жүйесінің қызметі 
бұзылып, жүрек- тамыр жүйелері, ішектер, тыныс алу мүшелері де 
зақымға ұшырап, олардың қызметтері де бұзылады. Аурудың 
негізгі нышаны - қызба. Өршукезеңінде дене температурасы - 39-
40°С. Қызбаның сипаты- тұрақты. Таңертенгі температурамен 
кешкі температураның айырмашылығы 1°С аспайды. Сондықтан 
науқаста қалтырау, тершеңдік белгілері болмайды. Науқас тек 
қызып жатады. Қызба қисықтарының түрлері: Вундерлих, 
Кюльдешевский және Боткин қызбалары. Типті қызба қисығы - 
Вундерлих қисығы. Дене температурасы трапеция тәрізді. 
Кальдюшевский қисығы - жазықтық, ал Боткин қисығы - толқын 
тәрізді болады. Бірақ қазіргі таңда антибиотиктер қолданғаннан соң 
қызба қисықтарының заңдылығы сақталмайды, олар әр түрлі болуы 
мүмкін. Айқын интоксикация дамып Status typhosus (естің бұзылуы, 
сопор, кома, делирий) қалыптасуы мүмкін. Бастың айқын ауруы, 
ұйқының қашуы науқастарды қатты мазалайды. Науқастың тері 
жабындылары бозғылт, кейде алақандары мен табандарының 


сарғаюы дамуы мүмкін - Филлипович симптомы. Ол бауыр 
зақымдалғанда каротиннің алмасуы пайда болуының әсерінен 
дамиды. 
Ағзаның улануы дамыған кезде жүрек-қантамыр жүйенің 
зақымдануы міндетті түрде қалыптасады. Іш сүзегіне аса тән 
бұзылыстарға салыстырмалы брадикардия, пульстың дикротиясы, 
гипотония, миокардиодистрофия, миокардит жатады. Негізігі 
патологиялық процесс ас қорыту жүйесінде дамиды. Науқастарда 
фулигинозды (сүзектік) тіл симптомы пайда болады. Тіл ісініп, 
қалың қоңыр түсті жабындымен жамылып, тістердің іздерімен 
сипатталады. Аурудың келесі маңызды нышаны - ол метеоризм -
іштің кебуі. Науқастарда ішектің пареҙі дамығаннан соң дәреті 
тоқтап қалуы мүмкін, кейде диарея дамуы мүмкін. Нәжістің сипаты 
ащы иісті бұршақ тәрізді сорпаға ұқсайды. Оң жақ илео-цекальды 
аймақта іштің аурусезімі, шырылдауы, анықталады, салыстырмалы 
перкуссия жүргізгенде оң жақ мықын аймағында перкуторлы 
дыбыс тұйықталады (Падалка симптомы). Гепатомегалия және 
спленомегалия дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет