Іш сүзегінің Қазақстандағы 2010-2016 жылдар аралығындағы эпидемиологиялық жағдайы және іш сүзегіне жалпы сипаттама



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата16.01.2023
өлшемі1,1 Mb.
#61389
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Ділдашова Меруерт 313-топ курстық жұмыс.

Негізгі бөлім 
Іш сүзегінің этиологиясы 
Қоздырғышы - Salmonella typhi-iшек тұқымдастығына, сальмонелл 
тегіне, серологиялық Д тобына қатысты. Морфологиялық жақтан 
бір-бірінен ажыратылмайды, оның 0,5-0,8х1,5-3 мкм мөлшеріндегі 
таяқша түрі бар. Бактерия барлық анилин бояуларымен боялады, 
олар кәдімгі құнарлы ортада өседі. Іш сүзегінің бактериялары L-
формаларын құруы мүмкін, олар сезімталдық және типті 
бактериофагтар бойынша бөлінген. Salmonella typhi - грам (-) аэроб. 
Лимфотропты қасиетімен сипатталады. Қоздырғыш ыдырағанда 
ендотоксин бөлінеді. Эндоксиннің әсері іш сүзегінің клиникалық 
және лабораторлық белгілерін түсіндіреді. Олар: айқын 
интоксикация, қызба, салыстырмалы брадикардия, ішектің парезі, 
метеоризм, лейкопения. Құрамында O-, H-, Vi - антигендері бар. О-
антигеніне қарсы түзілген антиделер аурудың өршу кезеңіне 
сәйкес, Н-антигеніне қарсы - аурудың айығу кезеңіне сәйкес, ал Vi-
антигеніне қарсы - бактериотасымалдаушылыққа сәйкес болып 
табылады. Қазіргі уақытта латын әріптерімен белгіленген іш сүзегі 
бактериясының 72 фаготиптері белгілі. 
Өт қосылған коректі орталарда жақсы өседі. Сыртқы ортада сүзек- 
парасүзек бактериялары біршама тұрақты. Сумен топырақта олар 
бірнеше күннен, бірнеше айға дейін сақталуы мүмкін. Бактерия 
үшін жағымды орта -азық-түлік өнімдері (сүт, қаймақ, ірімшік, ет 
фаршы), мұнда олар тек сақталып қоймай, сонбімен бірге көбейеді. 
Микробтар қыздырғанда тез жойылады (60°С-30 мин, ал 100°С -
тіптен тез). Дезинфекциялаушы ертінділерге сезімтал. 
Инфекция көзі ауру адам немесе ауырып жазылған бацилла бөліп 
шығарушылар, кейде сау бацилла тасымалдаушылар. Инфекция су, 
азық – түліктер арқылы соларға инфекция түскенде жұғады.
Тасымалдаушылар – шыбындар. Сондықтан іш сүзегі жаз, күз 
айларында, әсіресе Орта Азия республикаларында, Қазақстанның 
оңтүстік аймақтарында кездеседі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет