7 сұрақ Науқас М. кенеттен естен танып қалды. Қарашықтары кеңейген.Тері жабындысы бозғылт- сұр түсті. Ұйқы артериясында пульсі және тыныс алуы жоқ. ЭКГ-да тұрақты емес, тез деформацияға ұшыраған, биіктіктері, ені және толқын формалары әр түрлі, жиілігі минутына 600 шамасындай жоғары амплитудалы фибрилляция. Берілген жағдайдың себебін көрсетіңіз:
1. қарыншалар фибрилляциясы+
2. қарыншалар дірілі
3. қарыншалық аритмия
4. қарыншалық тахикардия
5. жыпылық аритмия
8 сұрақ Науқас бұлшық ет әлсіздігіне, тәбетінің төмендеуіне, дәм және иіс сезудің, тері құрғақтығына, тырнақтарының сынғыштығына шағымданады. Бұл белгілер тән
1. темір тапшылықты анемияға+
2. В12 дәрумені тапшылықты анемияға
3. жіті лейкозға
4. Лимфогранулематозға
5. гемолитикалық анемияға
9 сұрақ Тікелей бақыланатын препараттарды қабылдауға науқастың келмеу жағдайында ДОТ/ЕТБ кабинеті
маманының бірінші әрекеті қандай?
1. науқас және препараттар қабылдауын қадағалау+
2. аурухананың бас дәрігеріне хабарлау
3. туберкулезге қарсы диспансерге хабарлау
4. фтизиатрға хабарлау
5. жалпы тәжірибелі дәрігерге хабарлау
10 сұрақ Науқастарда туберкулезды емдеу мониторингі негізгі индикатор бойынша жүргізіледі:
1. қақырық жағындысы + 2. жағдайының жақсаруы
3. объективті жағдайының оң динамикасы
4. өкпеде үрдістің таралуы
5. ыдырау қуысының жабылуы
11 сұрақ Тік ішектен қанды бөлінділер бөлінуі қандай жіті ішек өткізбеушілгіне тән :
1. ішек инфарктына+
2. паралитикалық
3. спастикалық
4. ащы ішек
5. инвагинацияға