Жүрек – қантамыр жүйесін зертханалық және аспаптық зерттеу. Фонокардиограмма әдісі туралы жалпы ұғым. Диагностикалық маңызы.
Фонокардиография (ФКГ) жүрек жұмысына байланысты пайда болған дыбыстарды жазу, тіркеу әдісі. Алғашқы рет жүрек дыбыстарын 1892жылы Гюртле жазды. Бірақ бұл әдіс тек XX-ы ғасырдың 40-ы жылдарынан бастап клиникалық практикаға кең енгізілді. Оны жүрек жұмысын сипаттау ,ондағы өзгерістерді диагностикалау үшін қолданады. ФКГ жүрек тондары мен шуларын графикалық тіркеу әдісі . Адам құлағы секундына 16-20000 Гц аралығындағы дыбыс толқындарын естиді. Бірақ біздің есту аппаратымыз ең жақсы деңгей дыбыс толқындарының 1000-4000 Гц арасы. Ал жүректе пайда болатын дыбыс толқындар диапозондары 10-нан 800 Гц арасы.
ФКГ фонокардиограф көмегімен жазылады. Аппарат микрофон,күшейткіш, дыбыс фильтрлері, жазатын құралдан тұрады. Микрофон дыбыс сигналы электр сигналына айналдыру үшін қажет. Олар күшейтіліп фильтрге жеткізіледі. Фильтрлер белгілі бір 1. диапозонға дыбыстарын бес жиілікте қатар жаза алады. Төменгі жиілік диапозоны 30-60 Гц, бірінші ортаңғы диапозон 60-120 Гц, екінші ортаңғы диапозон 120-240 Гц, жоғарғы диапозон 240-280 Гц арасында. Бұлардан басқа аускультивті диапозон бар. 30 Гц-ке дейінгі жиіліктегі дыбыс толқындар сүзгілер көмегімен тазартылады, өшіріледі. ФКГ тыныш бөлмеде науқасты шалқасынан жатқызып бес тыңдау нүктелерінен кезек-кезек тынысты іштен шығарған сәтте жазады.
ФКГ- мен қатар синхронды түрде екінші стандартты тіркемеде ЭКГ жазылады. Қалыпты ФКГ-да жүрек тондары, олардың бөліктері және тондар биіктігі, ұзақтығы, өзгерулері; шулар, олардың жүрек фазасына байланыстылығы толық жазылады.
Асқорыту ағзаларының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері Сұрастыру. Негізгі шағымдар және олардың механизмі.
ЗЕРТХАНАЛЫК ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ
1. Асқазанды фракциялык жолмен сүңгі арқылы тексеру.
2. Асқазанды бір рет сүңгілеу(асказан жуу мақсатымен)
Дене жуынды суларының немесе құсық массаларының анализін жасау: клиникалық (макро- жене микроскопия) және
Бактериологиялык тексеру.
3. Асқазан сөлінің қышқылдығын сүңгісіз тексеру (ацидотест).
4. Копрология.
5. Нәжісті жасырын қанға тексеру.
6. Гельминт жұмыртқаларына нәжісті зерттеу.
7. Нәжісті бактериологиялық зерттеу (дез. Группа, холера вибрионы).
АСПАПТЫҚ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ
1. Өңеш және асказанды ішектерді рентгенологиялык тексеру (скопия, графия) жене ирригоскопия.
2. Өңешті, асқазанды, ұлтабарды (колоноскопия, ректороманоскопия) эндоскопиялык тексеру, биопсия, диатермокоагуляция, бөгде заттарды және өсінділерді алу, емдеу.
3. Лапароскопия.
Туйін: объективті тексеру тәсілі үлкен дәлдікпен диагноз
Қоюда және де оларды емдеуде қолдануға мүмкіндік беретін,
Басты және негізгі фактор болып табылады. Сондықтан нау-
Қасқа объективті тексеру әдістерін жүргізе білу фельдшер мамандығын игеру үшін өте маңызды..
1.1. ШАҒЫМДАР
Ас корыту жүйесінің әр түрлі бөлігінің закымдалуына бай-
Ланысты болуы мүмкін, сондықтан оларды дурыстап түсінудің
Зор диагностикалык манызы бар.
Дисфагия
1. Ауру локализациясы бойынша:
1. Асты жұтынған кезде төс сүйегінің артындағы ауру өңеш дерттеpіне тән.
2. Эпигастрий тұсындағы ауру асқазан дертіне тән.
3. Пилородуоденалык аймақтағы аурулар ұлтабар дертіне тән.
4. Кіндік тұсындағы аурулар көбінесе аш ішектін дерттерінде кездеседі.
5. Мыкын аймагында немесе іштің екі буйіріндегі ауру ток
Iшектін закқымдануында кездеседі.
6. Дефекаңия кезіндегі ауырсыну тік ішектің немесе анустың закымдануында байкалады.
П. Пайда болу уакытына байланысты:
1. «Ерте» аурулар өңеш пен асқазанның жоғарғы бөлімдерінің ауруларына байланысты.
2. Aс кабылдаған соң 20-30 минуттан кейін пайда болатын aypy aсказан түбі ауруларына тән.
3. Aс кабылдаган сон 1-2 сагаттан кейін пайда болатын aypy aсказаннын антролды белігінін ауруларына байланысты болады.
4.»аш» немесе «тунгі» аурулар ултабардын закымдалуына тән.
Iшкен аска байланысты аурулар:
1. Астың химиялык, термиялык немесе механикалык мінездеріне байланысты болады.
2. Ac iшy уакытына байланысты болады. Кейде ас кабылдаган сон ауырсынулар азаяды.
3.Ac iшугe байланысты болмайды.
IV. Куштілігiне байланысты аурулар:
1. өткір:
2. өткір емес (тупой):
3.«семсер» сұққандай болып белінеді.
V. Ұзактығына байланысты:
1. аз уакытка созылатын;
2. туракты;
3.Ұстама тәріздес жүретін аурулар болады.
VI. Miнезі бойынша:
1. өткір емес (тупые);
2.сыздап ауыратын (ноющие);
3.шаншу (колики);
4.«семсер» сұққандай (кинжальные);
5.«толгак» тәріздес (схваткообразные);
6. aуырсыну (тяжесть);
7. «тенезмдер».
VII.Aурудын жойылуы (басылуы):
1. cілтілі немесе баска ас iшкен сон;
2. құсыктан кейін;
3.епазмолитиктер кабылдаган сон;
4.жылыткы колданған сон;сода ішкен соц.
VIII Тәбеттін бузылуы:
1. тәбеттін төмендеуімен:
2. тәбеттің жогарылауымен;
3. тәбеттін жойылуымен;ет тагамдарынан жиіркенумен жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |