Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Пальпация. Диагностикалық маңызы.
Пальпация арқылы жүрек ұшының түрткісін, жалпы жүректің соғуын жүрек тұсындағы пульсацияларды, кеуде дірілін анықтауға болады, Жүрек ұшының түрткісін анықтау үшін оң қолдың алақанын жүрек тұсына қоямыз, саусақтар қолтыққа бағытталып үшінші, төртінші қабырғалар аралығында жатуы тиіс. Алақан жүрек ұшын басып жатуы шарт. Сонымен жүрек үшын анықтаған соң, оның жалпы сипатына мəн беруіміз керек. Пальпация жасағанда жүрек ұшының жатқан жерін, оның аумағын, күшін, биіктігін, серпімділігін зерттей қарайды. Ол үшін жоғарыда айтылған оң қолдың үш саусағымен жүрек ұшы тұрған нүктені дəл анықтап белгілеу керек. Егер жүрек ұшының түрткісі едəуір жерді алып көлбеп жатса, ең сыртқы, төменгі нүктені таңдап аламыз. Науқастың кеудесін алға еңкейтіп ұстауын өтіну керек, неге десеңіз бұл кезде жүрек ұшының түрткісін табу ыңғайлы болады. Жүрек түрткісінің аумағы деп түрткінің əсерінен кеуде клеткасының қозғалуын айтамыз, оның қалыпты жағдайда диаметрі 1-2 см болады. Егер ол 2 см-ден үлкен болса — жайылган жəне одан кіші шектелген деп есептелінеді. Жайылған түрткі жүрек өлшемінің ұлғайғанын көрсетеді, бүл жағдай адам жүдеу болғанда, қабырға аралықтары кең болғанда, сол жақ өкпенің төменгі бөлігі тарылғанда кездеседі. Семіздікте, өкпе ауруларында, диафрагманың төмен орналасуында түрткінің шектеулі түрі кездеседі, яғни жүрек кеудеге аз көлемімен түйіседі. Жүрек тұрткісінің биіктігі деп — кеуде қуысы тербелісінің амплитудасын айтамыз. Биіктігі жағынан жүрек түрткісі жогары жəне төмен болып екіге бөлінеді. Пальпация əдісімен зерттеу кезінде жүрек ұшының саусақтарға əсер ететін қысымы — жүрек ұшы түрткісінің күші деп аталады. Ол сол жақ қарыншаның жиырылуына байланысты болады. Алдыңғы екі қасиеті сияқты, түрткінің күші де кеуде қуысының қалыңдығына жəне оған жүрек үшының жақын орналасуына байланысты. Ең бастысы, ол сол жақ қарыншаның жиырылу күшіне сəйкес келеді. Пальпация жасалғанда жүрек түрткісінің серпімділігін байқауға болады, бұл дегеніміз гипертрофия кезінде сол жақ қарыншаның бұлшық еті тығызданады, серпімділігі артады. Ал сол жақ қарынша қатты қалындағанда "күмбез" тəрізді түрткі сезіледі, себебі бұл кезде жүрек кеуде қуысына тығыз жанасып жатады. Қалыпты жағдайда жүрек ұшы түрткісі ортаңғы бұғана сызығы-нан 1-2 см оңға қарай бесінші қабырға аралығында жатады. Егер науқас сол жағымен жатса, бұл нүкте солға 2 см, оң жағымен жатса, оңға 1—1,5 см ығысуы мүмкін. Ал адам тік тұрғанда мүндай өзгерістер болмауы тиіс. Жүрек ұшының ығысуына жүректен тыс себептер де əсерін тигізеді. Оларға кеуде пердесінің жоғары тұруы, кеуде қуысы көлемінің өзгеруі, өкпенің бүрісіп қалуы т. с. с себептер болады. "Мысық пырылы" (/геттетепі саіаіге — кошачье мурлыканье) симптомын анықтаудың диагаостикалық маңызы өте зор, оны француз оқымыстылары жазған. Бұлай аталу себебі: жүрек үстін пальпация жасағанда мысықтың арқасын сипағанда білінетіндей пырыл сезіледі. Бұл симптом диастола фазасында митралды саңылаудың тарылуы кезінде, қолқада систола фазасында оның да қақпақшасЫның тарылуы кезінде, өкпе бағанасында өкпе артериясының немесе Батталов өзегінің жабылмауы салдарынан пайда болады.