Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Сұрастыру. Негізгі шағымдары және олардың пайда болу механизмі.
Науқастың арыз шағымдары. Жүрек ауруының жиі кездесетін шағымдарының бірі — ентігу. Бүл қан айналымы қызметінің жетіспеушілігін көрсететін бірден бір белгі болып есептеледі. Ентігу кезінде түншығу пайда болуы мүмкін, мұны жүрек демікпесі деп те атайды. Жүректің кағуы (Раірііаіо согсііз). Ауру адамның жүрегінің дүрсілі күшейіп, дүмпуі жиілейді. Ол жүрек қызметін реттейтін нерв жүйесінің жоғарғы дəрежеде қозуына байланысты болады. Жүрек ДҮрсілінің күшеюі (миокардит, миокард инфаркті, жүрек ақауы жəне басқа аурулар кезіндегі) жүрек бүлшық еті зақымдануының белгісі болып табылады. Сонымен қатар ол басқа ағзалар зақымданғанда Да рефлекторлы түрде қызба, анемия, невроз, гипертиреоз, кейбір Дəрілік заттар қабылдағаннан кейін (атропин, сульфален жəне т. б.) байқалуы мүмкін. Жүрегі ауыратын науқастар шағымыньщ бірі — ол жүрек тұсының ауыруы. Сұрастыру кезінде міндетті түрде ауыру сезімінің тура орнын, оның пайда болу жағдайы мен себебін (физикалық күш түсу эмоциялық зорығу, жүру немесе тыныштық кезіңде ме, ұйқы кезіңдо пайда болды ма, оның сипатын, өткір, түйық шаншып ауыру, Төс артында ауырлық немесе қысу сезімі, төс ұшы аймағында ауруы) үзақтығын, басқа жаққа берілуін, не себептен пайда болуын анықтау қажет. Ауыру көп жағдайда жүректің тəж артериясында қан айналы-мының жедел жетіспеушілігі кезінде туады, кейін миокардтьің ишемиялық ауыруына душар етеді. Жүрек ауруымен ауыратын науқастарды көп жағдайда жөтел мазалайды, оның себебі кіші қан айналым шеңберінде қанның жүрісі баяулайды. Жөтел əдетте құрғақ, бірақ кей кезде аздаған мөлшерде қақырық түсуі мүмкін. Құрғақ жөтел қолқа аневризмі кезінде де кезеген (вагус) нерв талшықтарының тітіркенуі нəтижесінде де пайда болуы мүмкін. Қан түкіру, бүл жүрек ауруларының кезеңдерінде байқалады. Ол көп жағдайда кіші қан айналым шеңберінде қанның тұрып қалып іркілуінен жəне бронхтың кіші қан тамырларының жарылуы нəтижесінде пайда болуы мүмкін (мысалы жөтелгенде). Қан түкіру жүректің екі жармалы қақпақшаларының ақауы бар науқастарда жиі кездеседі. Қақырықты қан араластыра түкіру өкпе артериясының тромбоэмболиясында, қолқа аневризімінің кезінде тыныс алу жолына, яғни өкпеге қан кетуінен пайда болады. Аурудың пайда болуы жəне даму тарихы. Аурудың пайда болу себептерін сұрастыру кезівде ауру гілерінің пайда болу уақытын, олардың сипатын, өткірлігін тап, науқастың басынан өткен инфекциямен, суық тигізу, физикя лық зорығумен байланысын білу аса маңызды. Қандай ем қолда. нылғандығы жəне ол емнің ауруға əсерін, аурудың өршу кезеңдеріцц. қандай себептерден басталып, қалай дамығанын сүрап анықтайды. Аурудың өмір тарихы. Жүрек қан тамырлар жүйесімен ауыратын науқастарды сүрастыр. ғанда көңіл бөлетін жəйт: қавдай себептер аурудың басталуына жəне дамуына əсер етті. Бүрын ауырған аурулар, əсіресе ревматизм, ангина, дифтерия, мерез (бұл аурулар жүрек қан тамырлар жүйесінің зақымдануьщ туғызады) туралы толық мəлімет алу қажет. Организмге зиянды əсер ететін түрмыс пен еңбек жағдайлары, сол сияқты суық мекемеде қызмет ету, нервтікпсихикалық зорығу, аз қимылдайтын қызмет, тамақсаулық, кəсіптік зиянды əсерлер, зиянды əдет-ғұрыптар (темекі тарту, ішімдік пайдалану) туралы мəліметтерді сүрастырып білу қажет. Туғантуыстарында жүрек-қан тамырлар жүйесі аурулары-ның болғанболмағанын анықтау керек, себебі жүректің кей ауру-лары түқым қуалауы мүмкін. Əйелдерде жүктіліктің барысы қалай болғанын, босану, климакс туралы толық хабардар болу қажет, өйт-кені бұл кезендерде жүрек ауруының кейбір бе лгілері байқалуы мүмкін.