Ісік деп соматикалық жасушалардың мутацияға байланысты тоқтаусыз және бақылаусыз көбейіп кетуі нәтижесінде пайда болатын патологиялық үрдісті атаймыз. Өсу ерекшеліктері



бет2/2
Дата06.05.2023
өлшемі21,8 Kb.
#90738
түріСабақ
1   2
Байланысты:
ісіктер

Ісіктің морфогенезі 
Ісік үрдісін зерттегенде орнықты рак деген терминнің мағынасын білу шарт. Орнықты рак морфологиясы бойынша толық ракқа жатады бірақ айналасындағы тіндерге бойлап кірмейтін қатерлі ісікті айтады. Бұл үрдістің нағыз қатерлі үрдістен айырмашылығы көп жылдар бойы рак үрдісі бір жерде орнықты болып қала береді. Кейде ол ісік алаңында рактың даму сатысыныңт бірі есебінде көрінеді. Сондықтан орнықты рак деп диагноз қою үшін зерттелетін тіннен көптеген кесінді даярлап инфильтративті рактың жоқтығына көз жеткізу к.к.
Фулдыстың ойынша ракалды үрдістерінің ракка өтуі ертелі кеш болатын тек қана уақытқа тәуелді үрдіс емес, ол осы ісіктердің кенеттент жаңа қасиеттерге ие болуына байланысты. Бұл жаңа өзгерістерге : ісіктің тез өсе бастауы, гармонға тәуелділіктің жойылуы, жасуша атипизмінің пайда болуы, хромосомадағы өзгерістер, т.б.
Ісіктердің этиологиясы.
Ісіктердің пайда болу себептері өте көп,олар әліде ақырына дейін зерттелінбеген. Ракты зерттеуші Халықаралық қоғамның анықтауы бойынша адам рагының проценті қоршаған ортада тарагған канцерогендік заттардың 80-90әсеріне байланысты.
Әсер ету механизмдеріне қарап химиялық канцерогендер екі топқа бөлінеді.1) жасушалардың ДНК сымен тікелей әсерлесетін толық канцероген 2)организмдегі химиялық реакцияларға байланысты пайда болған метаболиттері арқылы әсер ететін жанама канцерогендер,оларды проканцерогендер деп атайды
Қазіргі таңда рак туындататын канцерогендік заттардың саны мың жарымға жақындап қалды. Көптеген кәсіптік рактарда әр түрлі химиялық заттардың әсерінен дамиды. 
Эндогендік канцерогендерге холестерин ,витамин Д, өт қышқылдары ,кейбір стероидық гормондар, майлардың асқын тотықтары, кейбір белоктар,азот тотығы т.б. жатады.
Канцерогенездің инициация, промоция және прогреция кезеңдерін ажыратады. Инициация кезеңінде химиялық заттар жасуша геномына мутагендік әсер етіп онда қайтымсыз өзгерістер тұдырады. Нәтижеде сау жасуша қатерлі ісік жасушасына айналады. Трансформацияланған жасушалардың әрі қарай өсіп өнуі үшін инициация үрдісі жеткіліксіз оған бір қосымша күшейтуші зат қажет болады. Осы заттарды промоторлар деп атайды.Проморция кезеңінде канцерогендік әсерлер нәтижесінде ісік жасушаларында қосымша гендік және хромосомдық мутациялар дамиды.Онкогендер белсенділігі және саны артады,өсу факторлары және олардың рецепторы көп мөлшерде өндіріледі.
Прогрессия кезеңінде қатерлі ісік жасушалары тез өсе бастайды және де олардың арасында гормондық, нервтік және т.б.жасушалар өсуін реттеуші әсерлерге тәуелсіз, жаңа генотиптік және фенотиптік қасиеттерге ие болған жасуша топтары пайда болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет