Искакова Ж. М., Симбаева С. О


Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әңгімелері



Pdf көрінісі
бет20/69
Дата15.05.2022
өлшемі0,89 Mb.
#34502
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован

 
 
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әңгімелері.   
 
 
Мақсаты:  Тәуелсіздік  жылдарындағы  қазақ  әңгімелерінің  
тақырыптық,  сюжеттік  тың  арналарын  саралау.  Кейіпкерлер 
жүйесімен таныстыру. 
 
Негізгі  ұғымдар:  әңгіме,  оқиға,  тарихтың  үкімі,  шағын 
жанр. 


48 
 
Жоспары: 
1. Тақырыптық, сюжеттік тың арналар.  
2. М.Мағауин әңгімелерінің көркемдік жүйесі. Кейіпкерлері.  
3. 
Ш.Мұртаза 
әңгімелері. 
Кейінгі 
толқын 
жазушылар 
шығармашылығы.  
4.  Ж.Қорғасбек,  Т.Ахметжан,  Р.Мұқанова,  т.б.  қаламгерлер 
әңгімелері. 
 
 
Тәуелсіздік кезінде жазылған шығармалардағы тақырыптық, 
сюжеттік  тың  арналар  әңгіме  жанрынан  да  байқалады. 
М.Мағауин, 
Ш.Мұртаза, 
Қ.Жұмаділов, 
Б.Нұржекеұлы, 
Қ.Түменбай, Н.Ораз, Т.Ахметжан сынды қаламгерлер осы шағын 
жанрды ілгері дамытты. Жазушы Мұхтар Мағауиннің 2002 жылы 
жарық  көрген  он  үш  томдық  шығармалар  жинағының  жетінші 
томына  тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары  жазылған  көркем 
шығармалары  топтастырылған.  Кітаптың  беташары  секілді 
“Салах- ад-Диннің үкімі” атты алғашқы әңгімесі – жаңалығы мол 
дүние.  Бұл  жазылуы  өзгеше  әңгіме.  Шығарма  атақты  тарихшы 
Шейх  Әбубәкір  ибн  Мүджаһид  әл  Бағдадидің  “Ғақылия 
кітабында”  баяндалатын  Салах-ад-Дин  сұлтанның  Бұқарадан 
Бағдадқа  оқу-білім  іздеп  бара  жатқан  жазықсыз  мұсылман 
баласын  азаптап  өлтірген Зәңгі деген әскербасын өлім  жазасына 
кескені туралы ғибраттан басталады. Бұл академик, коммунистік 
партияның  ардагері  Бектеміс  Ақпанбетовтың  “Қазақстандағы 
Кіші  Октябрь”  атты  екі  томдық  мемуарында  баяндалатын 
оқиғаларға  ұласады.  Онда  Қазақстанда  кеңес  үкіметін  түбегейлі 
орнықтыру  үшін  ел  ішіне  арнайы  жасақтар  шыққаны  айтылады
“Біздің салт атты отрядта екі-ақ қазақ болдық. Бірі-мен, бірі-
жиһангерлік соғыс кезінде қара жұмысқа алынып, Рига маңында 
болып қайтқан, кедейден шыққан Сейсен Бөкенов дейтін қабағы 
ашылмайтын, иығы салыңқы, еңгезердей жігіт. Бұл азаматтың 
қой  терісін  жамылған  қасқыр,  нағыз  ұлтшыл  екенін  біз  әуелде 
білгеміз  жоқ.  Отряд  командирі  Егоров  дейтін  орыс.  Саяси 
күрестерде  шыныққан,  азамат  соғысы  майдандарында  от-
жалыннан  өткен  байырғы  большевик”.  Одан  әрі  бұл  жасақтың 
қайда  барып,  не  істеп,  не  қойғандары  баяндалады.  Өзінің 


49 
 
“Алашордашылар” деген желеумен қазақтың екі оқыған баласын 
жазықсыз атып тастағанын мақтанышпен айтады.  
 
“Жеті жүз қырық жылдан соң,  соншама күшпен бұл қанды 
оқиға  қайталаныпты.  Ал  үкім  ше?-деп  сауал  тастайды  да,  оған 
жазушы  өзінше  жауап  береді:  “Азаттық  туын  көтерген 
сайыпқыран  Салах-ад-Диннің  билігі  жоқ  бізде.  Жазаға  тартар 
күш  қайда.  Өтіп  кеткен  өмір,  көшіп  кеткен  кісі.  Басқа  заман, 
бөтен жағдай. Әйткенмен... біз де сорлы емес сияқтымыз. Үлкен 
бе,  кіші  ме  өз  патшалығымыз  бар.  Болат  қаламның  ұштығында 
тұрған өзгеше патшалық”.  
 
Әңгіменің басты жаңалығы формасында. Өткен оқиғаларды, 
шежіре,  естеліктерді  сөйлету  арқылы  замана  келбетін,  оның 
тірлік-тынысын  бүгінгі  ұрпақтың  көз  алдына  әкелу,  елестету. 
Санасына  сіңіру.  “Заманына  қарай  адамы”  дейді.  Зәңгі 
қарақшыны  да,  Ақпанбетовты  да  тудырған  заманы.  Олардың 
бүкіл болмысы сөздерінен көрінеді. Бұқарадан Бағдатқа ілім іздеп 
бара жатқан  шәкіртті орта жолдан тосып алып, азаптап өлтірген 
Зәңгі қарақшы: 
 
“- Мен тағы да қылышымды оңтайладым. Ауысқан шәкірт 
күбірлеп иманын айтты. Қиялай тіліп өткенде тістене безеріп, 
дыбысын  да  шығармады.  Енді  екінші  жағынан  остым.  Кенет 
есалаң  шәкірт  ышқына  айғай  салды.  “Әй,  кекілік!”-дейді. 
Кекілік-ау,  кекілік!  Таңда  махшар  күні  кәулік  бер!  Мына  жауыз 
менің  нақақ  қанымды  төкті!”.  Мен  бұрылып  артыма  қарадым. 
Анадай  жерде,  жалпақ  қара  тас  үстінде  сұп-сұр  боп  жалғыз 
кекілік отыр екен”.  
Ал,  екі  қазақтың  өрімдей  жас  жігітін  сотсыз  тергеусіз  атып 
тастаған жалынды революционер Ақпанбетов былайша көпіреді: 
“Тек  жұп  болса  керек,  осы  маңда  балапаны  қалған  сияқты,  бір 
қоңыр,  бір  көкмойын  екі  үйрек  тым  тақау  жерде  айналсоқтап 
ұзап кете алмай, тынымсыз қарқылдайды. “Хош, көк ала үйрек,-
деді  кертартпа  роман,  поэмаларды  оқып  көз  ашқан,  Байронды 
қастерлеп, Мағжанды жаттап өскен ұлтшыл. Аман бол, Алаш! 
Сол сәтте өндіршіктен қорғасын қадалды”.  
 
Салах-ад-Дин  сұлтанның  үкімімен  Зәңгі  әскербасы  істеген 
қылмыс,  күнәсіне  қарай  өз  жазасын  алды.  Ал,  екі  жасты  атқан 
Ақпанбетов  ше?  Жоқ!  Ол  жазаланған  жоқ.  Керісінше,  өле-


50 
 
өлгенше  құрметтелді.  Одақ  пен  республиканың  пәлен  мәрте 
халық  депутаты  болды,  лауреат  атанды,  профессорлық  дәреже 
алды,  академиктікке  сайланды.  Жалған  атақ,  баянсыз  абырой 
жолында  қолынан  келген  барлық  арамдықты  жасаған 
Ақпанбетовтың  күнәсін  кім  арқаламақ.  Әрине,  өзі.  Бұл  әңгімені 
жазудағы  мақсат  та  осы.  Қаламгерден  қатал  жан  жоқ. 
Жазушының  үкімі  түбінде  тарихтың  үкіміне  айналады  екен. 
Міне,  бұл  шығарманың  айтатын  идеясы  осы.  Жазушы 
М.Мағауиннің  бұдан  басқа  “Жүсіптің  қызы  Светлана”,  “Нала”, 
“Қара  қағаз  келген  Салық  ағам”,  “Карлагтан  хат”,  “Ұлт  аралық 
жанжал”,  “Сұркөжек  аттың  соңғы  шабысы”,  “Қос  Ағаш”  атты 
әңгімелері бүгінгі күннің талабына жауап беретін шығармалар.  
Шерхан Мұртазаның 2003 жылы жарық көрген “Соғыстың соңғы 
жесірі”  атты  кітабында  бұрынырақ  жазылған  шығармаларымен 
бірге,  “Алапар  мен  Динго”,  “Бұршақ”,  “Тәуекел  той”  сияқты 
әңгімелері  топтастырылған.  Жазушының  “Алапар  мен  Динго” 
және “Бұршақ” әңгімелері астары терең, өзара үндес шығармалар. 
Бірі-иттер,  бірі-бұлдырықтар  туралы.  Алайда,  зерделеп  көрсек, 
бұларда  адам  тіршілігіне  қатысты  жайттар  қозғалады.  Яғни, 
олардың  арасындағы  ынтызарлық,  достық,  қарама-қайшылық, 
қызғаныш  тағы  басқа  сезімдер  адам  баласына  да  тән  тұрғыда 
қиюластыра суреттеледі. Бұдан жазушының әдебиетте бұрыннан 
бар  дәстүрлі  тақырыпты  игерудегі  ізденісі  байқалады.  Шағын 
жанрда  қалам  тербеп  келе  жатқан  жазушы  Талаптан 
Ахметжанның  2001  жылы  жарық  көрген  “О  дүниенің  қонағы” 
атты  жинағына  “Шәрбат”,  “Тұма”,  “Тергеу”,  “Төрт  қанден” 
сияқты  әңгімелері  топтастырылған.  Мұнда  негізінен  адам 
бойындағы  көрсеқызарлық,  байлыққа  құмарлық,  алдау  сияқты 
жағымсыз  қасиеттерімен  қатар,  жалғыз  қалып,  иттерді  ермек 
еткен  қарт  ана  (“Төрт  қанден”),  іс  басында  отырған 
қызметкерлердің  безбүйрек,  әділетсіздігінен  жапа  шеккен 
студент (“Тергеу”)  суреттеледі.  
Жоғарыдағы  жазушылармен  бірге,  Роза  Мұқанова,  Асқар 
Алтай,  Айгүл  Кемелбаева,  Жүсіпбек  Қорғасбек,  Дидар  Амантай 
сияқты  жас  жазушылар  да  осы  шағын  жанр  саласында  танымал 
бола бастады. Р.Мұқанованың “Мұқағали” әңгімесі адамның жан 
дүниесіндегі  күрделі  құбылыстарды  психологиялық  тұрғыда 


51 
 
терең суреттейді. Шығармада ақынның кесек тұлғасы, болмысы, 
мінез-құлқы, іс-әрекеті жан тебіреністері табиғи өріледі. Мысалы: 
“Атып  тұрып  терезенің  алдына  келді.  Жаңағы  қайда  кетті? 
Бұл кім? Ақын сандырақтап жүр. Көзіне домалақ дене кейпіндегі 
ажал  елестейді.  Бұнда  да  негіз  жоқ  емес.  Өйткені  адамның 
өлер  алдында  ажал  оның  жанын  әйтеуір  алу  үшін,  бір  жанды 
бейне кейпінде келеді-міс. Ақын басын көтеріп таңдана қарады. 
 
-  Ә,  балақай!  Сен  бе  едің.  Үйден  жеңгеңді  жел  айдап  келді 
ме десем. Кіре ғой, жарқыным.  
 
- Қорқам,- деді бүлдіршін қыз. 
 
Неге...  дегісі  келіп,  үнсіз  қалды.  -  Ендеше,  бара  ғой, 
жарқыным! Бауыр басып қалатын жаман әдетім бар.  Сенің де 
иең  табылып  алып  кетер  бір  күн  болар,  көгершінім. 
Жалғыздығым  жақсы,  мұқалмаған”.  Міне,  бұл  Мұқағалидің  о 
дүниеге  аттанар  алдындағы  ахиреттік  сөзі.  Осында  ақынның 
басындағы  трагедия  толық  көрініс  тапқан.  Ақынның  өзі 
айтқандай,  “өмірде  ақындардың  бәрі  жалғыз”.  Ал  мына 
жалғыздығы  өзгеше.  Р.Мұқанованың  Мұқағали  ақынның 
өмірінен  жазылған  бұл  әңгімесі  біршама  көркем  туынды. 
Осындай  жастар  қатарынан  өзіндік  ойы,  идеялық-эстетикалық 
көркемдігі  мол  әңгімелердің  тууы  олардың  жаңаша  беталысын 
аңғартады.  
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет