55
Өмір бойғы арманың орындалды,
Өмір бойғы азап пен сорың қалды, -
деп ақжарыла жыр төгеді.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап, күн тәртібіне өткір
қойылған мәселелердің бірі - мемлекеттік тіл тағдыры болды.
Әрине, ұзақ жылдар бойы орыс тілі үстемдік еткен қоғамда ана
тілі бірден салтанат құрып кетті деуге болмайды. Қазақ тілі
мемлекеттік тіл ретінде барлық негізгі құжаттарда айқын
белгіленіп, Тіл туралы Заңда, Мемлекеттік бағдарламада,
Қазақстан
Республикасының
Конституциясында
нақты
негізделгеннен кейін де, қоғамдық қарым-қатынас құралы болып
кете қойған жоқ. Сол тұста ақын, қайраткер К.Салықов:
Тағырдың түсіп тезіне,
Тартпасқа қорлық, мазағын.
Өз қолың жетсе, өзіңе,
Тіліңді қорға, қазағым! –
деп жалпақ жұртқа Алаш ардақтылары А.Байтұрсынов,
Ә.Бөкейхан, М.Дулатов сияқты ұранды сөз тастап, тіл тағдыры
дегеніміз - мемлекет тағдыры екенін аңғартады. Ақын Аманқос
Ершуов өзінің “Қазақ тілі” деген өлеңінде:
Өз ұлыңмын мен өгейің емеспін,
Достарыңызбен бөлісу: