«Іскерлік қарым-қатынас этика» пәні бойынша


Тақырып 8. Риторика негіздері



бет11/26
Дата28.11.2022
өлшемі443,5 Kb.
#53183
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
«Іскерлік арым- атынас этика» п ні бойынша

Тақырып 8. Риторика негіздері.

  1. Сөйлеу коммуникация этикасы.

  2. Анық сөйлеудің құралдары.

  3. Сөйлеудің бұзылуына ықпал ететің факторлар.

  4. Іскерлік қарым қатынастағы сөйлеуді құрастырудың негізгі ережелері.

Сөйлеу коммуникация этикасы


1. Сөйлеу негізі екі қызметті атқарады — коммуникативтік және сигнификативтік, олардың арқасында сөәйлеу қарым–қатынас құралы және ойдың сананың өмір сүруі болып табылады. Сөзде негізгі болып табылатын оның мәні, оның сематикалық мазмұны. Біздің зейінімізде негізінен сөйлеудің мағыналық мазмұны шоғырланған. Адам тілінің әрбір сөзі қандай да болмасын затты білдіреді, қандайда болмасын сөздерді айта отырып, біз әр уақытта да белгілі бір затты немесе құбылысты білдіреміз. Осымен адамның тілі жануарлар тілінен ерекшеленеді, олар тек қана дыбыстар арқылы аффективтік жағдайды білдіре алады, бірақ еш уақытта да дыбыстармен заттарды білдіре алмайды. Сөздің осы негізгі қызметін сигнификативтік деп атайды. Ол тілді құрайтын сөздің негізгі қызметі болып табылыды. Ол адамға ерікті түрде заттардың бейнесін жасауға мүмкіншілік береді. Сөз одан да басқа, өте күрделі қызметке ие, ол заттарды талдауға мүмкіншілік береді.
Сөйлеудің келесі қызметті оның — коммуникативті қызметі ол өзі мәнерлі бейнелеудің құралдарын қамтиды. Мәнерлі бейнелеу қызметі өздігінен сөйлеуді анықтай алмайды. Сөзді мәнерлі бейнелеу құралы ретінде ым, ишарат, әртүрлі бет қимылы деп танылады, басқалармен қатар мәнерлі бейнелеу қозғалыстарына кіреді. Дыбыс мәнерлі қозғалыс ретінде жануарларда да болады. Сөз мәнерлі бейнелеу құралы болумен қатар, ықпал ету құралы болып табылады. Ықпал ету қызметі — сөздің негізгі қызметінің бірі. Адам сөйлегенде басқа адамның мінез-құлқына, ойлауы мен сезіміне, санасына әсер етеді. Сөздің әлеуметтік мәні бар, ол — қатынас құралы, ықпал ету құралы болғандықтан, ең алдымен осы қызметті атқарады.
Жануарлардың сигналдық мимикасы басқа жануарларға әртүрлі реакция беруі мүмкін, бірақ саналы ықпал ету құралы тек қана сөз арқылы болады. Сөздің қоғамнан тыс болуы мүмкін емес, сөз әлеуметтік құбылыс, ол қарым−қатынас үшін бағытталған және қарым−қатынаста пайда болады.
Сөздің екі негізгі коммуникативтік және сигнификативтік қызметінің арқасында ол қарым−қатынас құралы және ойдың, сананың өмір сүруі болып табылады, біріншісі екіншісі арқылы қалыптасады.
Өзінің ерекшеліктері мен қызметіне қарай сөйлеу екі түрге бөлінеді: ішкі және сыртқы. Ішкі сөйлеу тағыда ауызша және жазбаша болып бөлінеді, ал ауызша монологтік және диалогтік болып бөлінеді. Сөйлеудің барлық түрлері бір−бірімен өзара байланысты. Бірақ, сөйлеу түрлерінің әрқайсысының оның өзіне тән ерекшеліктері бар. Ешқандай да ой тілсіз және материалдық сөйлеу үрдістерінсіз айтылуы мүмкін емес. Ауызша, әсіресе жазбаша сөйлеуге даярлықта іштей сөйлеу кезеңі болады. Бұл іштей сөйлеу болып табылады. Жазбаша сөйлеуде қарым−қатынастың шарты мәнімен байланысты. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлегенге қарағанда мазмұны жағынан ерекше жинақталған болады. жазбаша сөйлеуде жазба белгілерді қолдану арқылы іске асады. Қазіргі тілдердің көбінде (идеографикалық жазу қолданатындарынан басқалары) сөйлеу дыбыстары әріптермен белгіленеді.
Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуден кейін пайда болды, және оның негізінде қалыптасты
2 Анық сөйлеудің құралдары
Адам өмірінде қарым-қатынас аса маңызды, ал қарым-қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан шыр етіп дүниеге келген бала қоршаған ортамен, анасымен дыбыс, тіл арқылы қарым-қатынас жасайды.
Сөйлеу – адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері дамиды. Жалпы, дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады: қарнының ашқанын, ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін айғай салуы, жылау, қыңсылау және басқа да дыбыстар арқылы білдіреді. Бұл дыбыстар сөйлеудің ізашары болып табылады, олардың интонациялық мәнерлігіне қарап анасы баласының қарнының ашқанын, оның бір жерінің ауырып тұрғанын және тағы басқаны ұға алады. Бірақ та бұл дыбыстардың әлі де ешқандай сөйлеуге қатысы жоқ болса да, олар өте маңызды. Ол жіңішке және әртүрлі қозғалысты сөйлеу мүшелерінің дамуына себеп болады: тыныс алу, дыбыстық және артикуляция мүшелері. Бала дауысқа өте тез үйренеді және бірінші айдың аяғында сөйлеген дауысқа әрекет ете бастайды. Оған еркелік интонация ұнайды, әуенді ән оның тынышталуына және ұйықтауына көмектеседі. Тағы да біраз уақыт өткеннен кейін бала дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрып немесе көзімен оны қадағалайды. Егерде баланың бір жері ауырса, мазасызданса бала жылай бастайды. Баланың сыртқы дүние әсеріне реакция жасауы жылаудан басталады. Жылаудың әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу органдары нығая түседі.
Бірінші дыбыс артикуляциясының әрекет жасауы екі – үш айында гуілі белгіленеді, одан кейін бес айдай шамасында бала үлкендердің ерін артикуляциялық қозғалыстарын қайталауға тырысады. Бұл бірнеше қайталау қозғалыстары қозғалыс дағдысының қатаюына әкеледі. Алты айдан бастап бала бөлек буындарды анық айтады (мысалы: ше-ше, ә-ке және тағы басқа), және ақырындап үлкендерден тек барлық сөз элементтерін ғана емес, сонымен қатар интонацияны, ритмді, екпінді ұға бастайды. 9-10 айында бала бөлек сөздерді бірдей жұпты буындармен айтады (мысалы: ма-ма, па-па және тағы басқа). Бұл жылда сөздік қоры 10-15 сөзден тұрады. Ал белгілі ғалым А.Н. Леонтьев бұны даярлық этабы дейді, себебі бұл уақытта сөзді меңгеру дайындығы өтуде. Балалар төрт жасында фразалармен еркін сөйлейді, олардың сөйлемдері біршама қиын, ал бес жасында дыбыс шығаруы дұрыс дамиды. Егерде адам дыбыстарды қалай болса солай шығара беретін болса, ешкім оны тіл деп санамас еді. Сондықтан сөйлеу мүшелерінің қозғалыстары дәл, белгілі заңдылыққа бағынып отырады.
Адамда сөйлеуге арналған негізгі органы жоқ, сөйлеуге өкпе, өңеш, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт қатысады. Дауысқа негізі ауыз қуысы мен мұрын қуыстары қатысады. Қатты сөйлеуде мидың үлкен жарты шарында орналасқан бөліктері реттейтін тыныс алу, фонациялық және артикуляциялық бұлшықеттер қатысады. Адамның сөзі анық және түсінікті болу үшін сөйлеу органдарының қозғалысы нақты және автоматты түрде болу керек. Сөйлеу аппараты – бас миында орналасқан орталық және тыныс алу, сөйлеу, артикуляциялық бөлімдерінен тұратын перифериялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алу бөлімі кеуде қуысындағы өкпе, бронхы, трахеядан тұрады. Сөйлеу дем шығару кезінде пайда болады, сондықтан да сөйлеген кезде тыныс алуға қарағанда дем шығаруы көбірек. Дауыс бөлігі дыбыс қатпарлары бар кеңірдектен тұрады.
Артикуляция мүшелеріне қысқаша тоқталып кетейік. Оның негізгі органдары болып ерін, тіл, жоғарғы-төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу органдары болып табылады. Дауыс буындарының қысылуына байланысты дыбыс кеңірдектен шығады. Дауыс жоғарлығымен, күшімен, екпінімен сипатталады. Дауыстың жоғарлығы дауыс буындарының толқуының жиілігіне байланысты. Ол ұзындығымен жуандығына байланысты болады. Дауыс күші демнің ішке тартылуына байланысты шығады, ал дауыс буындарының қозғалыс қарқынына байланысты болады. Баланың сөйлеуі бойының өсуімен және дамуымен бірге қалыптасады және дамудың әртүрлі қатардағы сатыларынан өтеді.
Алайда тіпті кейбір балалардың естуі мен интеллектісі қалыпты болған жағдайда да, сөйлеуінің дамуында кідіріс болуы мүмкін. Бұндай балаларға дыбыс шығаруының бұзылуы, фонематикалық естуінің дамымауы, сөз қорының аздығы және грамматикалық қатарының дұрыс болмауы тән.
Бірақ сөйлеу тілін меңгеру процесі барлық балаларда ойдағыдай біркелкі жетіле бермейді. Кейбіреулерінде оның жетілу барысы кешеуілдейді, екіншілерінің сөйлеу тілдеріндегі дыбыстардың айтылуы бұзылады немесе бұрмаланады, үшіншілерін-де сөздердің және сөйлемдердің түзілістері немесе олардың мағыналары бұзылады.
Сөйлеудің жалпы дамымауы түрлі дәрежеде көрінеді, сондықтан сөйлеудің дамуының 3 деңгейін бөліп көрсетуге болады:
Бірінші деңгейі – сөйлеудің жоқтығымен сипатталады. Баланың сөйлеуі былдырға ұқсас. Алайда, егер сөйлеу орташа дамып келе жатса, бұл үрдіс 5 айға созылады, ал науқас балаларда көпке дейін созылады. Балалар қандай да бір ойын жеткізу үшін былдырлы сөздерін жестермен және мәнерлі мимикасымен толықтырады.
Екінші деңгейі – былдырлаған сөзден басқа күнделікті қолданылатын сөздермен фразалардың едәуір мәнді болуымен сипатталады. Бірақ та сөздері бұзылған, сөзді жеткізулері нашар болады, бала негізінен айқындалған заттармен әрекеттерді атап кетумен ғана тежеледі. Егер балаға сурет бойынша әңгіме құрауын ұсынса, онда ол үзіндіден құралады, сонда да ол дұрыс, қысқа фразаға қатысты болып келеді. Мазмұнын айтқанда қарапайым қателері – септік жалғауын ауыстыруы және санның түрін дұрыс қолданбау болып табылады. Жалғаулар, бөлшектер өте сирек қолданылады.
Үшінші деңгейі – балаларға түрленген фразалармен айтуын сипаттайды. Алайда дамымаған лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық элементтері болады. Бала суреттерді бейнелейді, өзі туралы, жанұясы, жолдастары туралы әңгіме құрайды, бірақ бұның алдында оның жақсы сөйлесетін құрдастарына қарағанды үлкен қиыншылықтарды басынан кешіреді.
Сонымен қатар дыбыс шығаруының өте нашар болуынан қарым-қатынас өте күрделенген. Егер бала тіпті жеке дыбыстардың дұрыс айтылуын үйреніп алса да, сөйлеудің өзбеттілігінде олар түсініксіз естіледі.
Сөйлеудің бұзылуына биологиялық және психологиялық факторлар ықпал етеді. Осыған байланысты тіл мүкістіктерінің бұзылуының бірнеше түрлерін ажыратып кетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет