Іскерлік қарым-қатынастың тəсілдерін жақсы меңгеру болашақ іскер адамдарға қажеті зор болмақ


Іскерлік қарым-қатынастың ерекшелігі нақты бір іс-əрекет мақсатында немесе негізінде пайда болатын, қандайда бір өнім немесе іскерлік қажеттілікпен байланысты



бет2/8
Дата29.11.2022
өлшемі22,34 Kb.
#53472
1   2   3   4   5   6   7   8
Іскерлік қарым-қатынастың ерекшелігі нақты бір іс-əрекет мақсатында немесе негізінде пайда болатын, қандайда бір өнім немесе іскерлік қажеттілікпен байланысты. Байланыстың басқа түрлері сияқты іскерлік коммуникацияның тарихи сипаты бар, ол қоғамның түрлі жүйесінде түрлі формада байқалады. Оның айырмашылығы іскерлік коммуникация басқа мақсаттарға қол жеткізудің құралы болып табылады.
Сондықтан берілген мақалада іскерлік қарымқатынас терминіне анықтама беріп оған талдау жасау біздің міндетіміз.
Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз қарымқатынастың прагмалингвистикалық, прагмапсихологиялық сипатын анықтаушы мінезқұлықтың перцевтивті, коммуникативті жəне интерактивті дəрежесін қамтитын кəсіби коммуникацияның тұлғааралық мəдениетаралық зонасы [1, 125].
Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз ресми қарым-қатынас саласында болатын коммуниканттардың жалпы құқығы мен мақсаттарына байланысты нақты мəселені шешуге қабілетті жəне қажетті нəтижеге бағытталған коммуникация.
Іскерлік қарым-қатынас деп қызметтік салада адамдар арасындағы байланысты дамытуға бағытталған күрделі де көпжоспралы үрдісті атаймыз.
Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз кəсіби, ғылыми, педагогикалық сала қызметінің осы салаларда пəндік қызметті ұйымдастыру мен оптимизациялауға бағытталған іскерлік серіктестердің өзара байланысы үрдісі болып табылатын коммуникацияның бір түрі.
Іскерлік коммуникация дегеніміз бизнестің кəсіби саласында нақты мақсаттарға жетуге итермелейтін қызмет немесе əрекет.
Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз кəсіби, ғылыми, коммерциялық жəне басқа қызметтер саласында қолданылатын жəне сол саладағы туындаған мəселелерді ұйымдастыру мен ортақ шешімге келуге қызмет ететін қатынас немесе байланыс түрі.
Іскерлік қарым-қатынас (байланыс, коммуникация) дегеніміз қызмет саласында адамдар арасында байланысты дамытудың күрделі, көпжоспарлы үрдісі, яғни, бірлескен істе нақты нəтиже мен нақты мəселелерді шешетін іскерлік ақпарат мен тəжірибе алмасу үрдісі [2].
Іскерлік қарым-қатынас деп зерттеу нысаны іскерлік салада адамдардың қарым-қатынас аспекті мен іскерлік байланыс тиімділігін қамтамасыз етуші факторлар болып табылатын ғылымды атаймыз.
Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз салалық жəне нақты мақсатқа бағытталған іс-əрекет, əрбір коммуникация формасының мазмұны (лекция, баяндама, талқылау, əңгіме), əрбір сөйлеу құрылымы ( қорытынды, ойы, сыни ескертулер, жауап қату) коммуникация мақсаты мен күтілетін нəтижеге байланысты үрдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет