Іскерлік қарым-қатынастың тəсілдерін жақсы меңгеру болашақ іскер адамдарға қажеті зор болмақ


Іскерлік байланыс деп жиналыс, келіссөз, презентация барысындағы коммуникацияны айтамыз



бет3/8
Дата29.11.2022
өлшемі22,34 Kb.
#53472
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ДӘРІС №3

Іскерлік байланыс деп жиналыс, келіссөз, презентация барысындағы коммуникацияны айтамыз. Іскерлік қарым-қатынас əлеуметтік маңызы бар ұйымдарда, яғни, ғылыми, өнеркəсіп, мекеме, басқару жəне əлеуметтік, коммерциялық, кəсіби деңгейлерде қолданылады. Іскерлік қарым-қатынас өнеркəсіпті ұйымдастыру мəселесін талқылау, қызмет міндеттерін орындау, іс-əрекетті жоспарлау, сыртқы байланысты орнату, шешім қабылдау, келісім-шартқа отыру, құжаттарды рəсімдеу мақсатында қолданылады [3].
Егер PR дегеніміз мекеменің аудиториямен нақты байланыс орнату, сеніміне кіру, оны түсіну мақсатында коммуникацияны басқару болса, іскерлік қарым-қатынас деніміз осы функцияның практикалық маңызы, оны іскерлік байланыста жүзеге асырушы болмақ. Іскерлік қарым-қатынас саласындағы əрбір коммуникацияның мазмұны мен формасы жəне əрбір сөйлеу конструкциялары коммуникативті мақсаты мен күтілетін нəтижесіне байланысты.
Іскерлік қарым-қатынас төмендегідей функциялар атқарады: инструменталды (басқарудың əлеуметтік механизмі); интегративті (іскерлік серіктестерді байланыстыру); өзіндік презентация (жеке потенциалын көрсете алу); трансляциялық (іс-əрекеттің нақты тəсілдерін бере алу); əлеуметтік бақылау (мінез-құлық пен ісəрекеттерін шектеу); əлеуметтену (іскерлік қарым-қатынастың мəденитеі тəсілдерін жетілдіру); экспрессивті (эмоционалды əрекеттесу).
Іскерлік қарым-қатынас өте тиімді болуы үшін барлық компоненттерді, соның ішінде коммуникативті құзырлықты жете білу міндетті. Коммуникативті құзырлық деп қоршаған адамдармен, топтармен, аудиториямен өзара қарым-қатынас жасай алу, келіссөз жүргізе алу тəсілдері мен білім жинағы. Коммуникативті құзырлық білімі деп коммуникация функцияларын, коммуникация үрдісі ерекшеліктерін, үн қату, серіктестердің психологиялық типтері жəне əлеуметтік ролдерін, презентация жасай алу тəсілдерін, коммуникацияның вербалды немесе вербалды емес құралдарын айтамыз. Іскерлік қарым-ұатынас практикалық пəн болып есептеледі, дегенмен, əлеуметтану, психология, антропология, менеджмент теориялары мен пайымдауларын оқып үйрену жəне қолдану практикалық тəсілдерді түсіну мен ұғынуды тереңдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет