Іскерлік қарым-қатынас ғылыми сараптама мен теориялық зерттеулер пəні ретінде сан түрлі концептуалды əдістері арқылы ерекшеленіп пəнаралық байланысқа ие болады
Іскерлік қарым-қатынас ғылыми сараптама мен теориялық зерттеулер пəні ретінде сан түрлі концептуалды əдістері арқылы ерекшеленіп пəнаралық байланысқа ие болады. Сондықтан іскерлік қарым-қатынас əлеуметтік, психологиялық, мəдениетаралық, лингвистикалық, лингвомəдениетаралық тұрғыдан қарастырылады.
Іскерлік коммуникация іскерлік байланыс саласына қызмет ететіндіктен оған қойылатын талаптар өте қатаң, əсіресе, ең алдымен сөйлеу сапасы (дұрыстығы, дəлділігі, нақтылығы) жəне этикалық нормаларды қатаң сақтау. Көп жағдайда «байланыс» жəне «коммуникация» терминдері ортақ мағынада синоним ретінде қолданылады. Дегенмен, зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша коммуникация дегеніміз ақпарат беру үрдісі орын алатын байланыс. Сондықтан ақпаратты қабылдаушы нысан тек адам ғана емес, сондай-ақ машина, жануар болуы мүмкін. Ал байланыс деп байланыс субъектері тең дəрежелі серіктестердің өзара қарым-қатынасына негізделген екі жақты үрдісті атаймыз.
Байланыс коммуникативті (ақпарат жеткізу) қызметінен басқа да қызметтер атқарады, мəселен, регулятивті (мінезқұлықты реттеу қызметі), перцептивті (қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірін қабылдау қызметі), суггестивті (сендіру қызметі). Сондықтан «байланыс» жəне «коммуникация» терминдерін синоним ретінде қолданған дұрыс, тұлғааралық байланыста коммуникация дайын түрде мүлдем кездеспейді, ақпарат жеткізу негізінен қоғамда екі жақты үрдіс, яғни, сөйлеу əрекеті.
Іскерлік келіссөздерді тиімді жүргізу, іскерлік құжаттарды дұрыс жəне сауатты құрастыру қазіргі таңда менеджерлердің, барлық деңгейдегі басшылардың, референттердің, хатшылардың, қоғамдық қызметкерлердің, қоғамдық мекемелер көшбасшыларының кəсіби мəдениетінің ажырамас бөлігі болып отыр. Басқару қызметінің барлық салаларында дерлік жоғары нəтижеге жету үшін нақты білім, ақпарат қажет жəне коммуникация ережелері, оны жүргізу формалары мен тəсілдерін меңгеру қажеттілік болып отыр.
Іскерлік қарым-қатынастың өзі белгілі мақсаттарға бағытталған. Яғни, іскерлік қарымқатынасты ұйымдастыру, коммуникация стратегиялары мен тактикаларын таңдау, іскерлік қарым-қатынаста тілдік құралдарды қолдану нақты бір мəселені шешуде тиімді нəтижеге жетуге бағытталады.