Іскерлік ойын мектепке дейінгі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру түрін жасау


Мақсаты Іскерлік ойын арқылы күрделі мәселелерді шешу жолдарын қарастыру Міндеттері



бет2/4
Дата02.05.2023
өлшемі28,61 Kb.
#89043
1   2   3   4
Мақсаты
Іскерлік ойын арқылы күрделі мәселелерді шешу жолдарын қарастыру
Міндеттері

  1. Оқытудағы іскерлік ойынның теориясы мен практикасын зерттеу.

  2. Іскерлік ойынның құрылымын жүйелеу.

  3. Педагогикалық кеңестің іскерлік ойын түрінде ұйымдастыру, өткізу әдіскерін қарастыру .

Күтілетін нәтижелер
1.   Іскерлік ойынды әдістемелік жұмыста ұйымдастырып отырсақ, қызығушылықты арттыру арқылы, педагогтардың асқан белсенділігін туғызып, шынайы мәселелерді шешу іскерліктерін жүзеге асыралады.
2. Кәсіби шығармашылық ойлардың қалыптасуына қол жеткізеді.
Іскерлік ойын- үйретудің белсенді әдісі.
Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтарды «үйретудің белсенді әдістері» атты әдіс-тәсілдер арқылы танымдық оқудың белсенді іс-әрекеті кеңінен қолданыла бастады. Белсенді әдісті қолдану кезінде оқу іс-әрекеті шығармашылық  сипатта болады, танымдық қызығушылық пен шығармашылық ойлау қалыптасады. Олар кез-келген мәселені шешу және  еркін пікір алмасу сұхбаты ретінде құрылады. Осылайша үйретудің белсенді әдістері  үйретушілер үшін де, үйренушілер үшін де белсенділіктің ең жоғары деңгейі ретінде сипатталады.
Кәсіби және оқыту іс –әрекеті жағынан үйретудің әртүрлі әдістерінің мүмкіндігі табиғаттан және сәйкес келетін әдістердің мазмұнына, оларды қолданылу тәсілдеріне, педагогтардың шеберлігіне, тәрбиеленушілердің дайындығына байланысты да болады. Құлжанова Н.С. пікірінше, үйретудің белсенді әдістерін қолдану, дүниетанымдарын кеңейтеді, кәсіби әрекет дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырады дейді.
Белсенді әдіске үйретудің тәрбиелік міндеттері: белсенділікті, еркіндікті, өзінділікті дамытады, белгілі бір дүниетанымды, позицияны орнатуды қалыптастырады, қарым-қатынас жасау, ұжымда жұмыс істей білу іскерліктерін арттырады. Үйретудің белсенді әдістерінің мақсаты: зейінді, тілді, шығармашылық қабілеттерді, рефлексияны дамыту, үйлесімді және қарапайым шешімдерді таба білу мен нәтижесін айта білу іскерліктері болып табылады.
В.Я.Платов үйретудің белсенді әдістерін екі топқа бөледі: нақты ситуацияларды талдау және ойын. Сонымен қатар В.Я.Платонов іскерлік ойынның үйретудің дәстүрлі әдісінен ерекшелігін айқындап берді:
1. Іскерлік ойындарды қолдану кезіндегі үйрету процесі басқарушылар мен мамандар іс-әрекетінің шынайы тәжірибесіне жақын. Бұған іскерлік ойындарда шынайы әлеуметтік-экономикалық жүйедегі үлгілерді қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Басқаша айтқанда, кез-келген іскерлік ойын имитациялық әдісті үйрету ретінде ұсынылады.
2. Іскерлік ойын – бұл ойындық үйрену әдісі. Ойынға қатысушылар кез-келген рөлді алып, өз рөлінің қызығушылықтарын ескер отырып, басқарушылық шешім қабылдайды. Әртүрлі рөлдердің қызығушылықтары сәйкес келмейтіні белгілі, ойынға қатысушыларға дау-жанжалдық ситуацияға шешім қабылдауға тура келеді.
3. Іскерлік ойын – ұжымдық үйрену әдісі. Дәстүрлі әдістер жеке үйретуге бағытталған. Іскерлік ойындарда шешім бірлесе отырып қабылданады. Өз тобының шешімін қорғау мен басқа топтың шешімін сынға алу кезінде ұжымдық пікір қалыптасады.
Іскерлік ойын (Business Game, Management Game) – имитация, үлгілеу, ойын түрінде нақты педагогикалық ситуацияларды жеңіл түрде жаңғырту. Іскерлік ойында әр қатысушы ойын тәртібін ескере отырып адамдардың өмірдегі іс-әрекетіне тиісті өз рөлін ойнайды. Іскерлік ойындар педагогикалық тәртіптің мөлшерін анықтау, педагогикалық шешімдерді қабылдау үрдістерін игеру, педагогика тәжірибелік оқыту құралы мен әдістемесі ретінде қолданылады.
Теориялық мәліметке сүйенсек, сабақты жүргізудегі ойындардың сан алуан түрлері болады. Мысалы, аз уақытта ойналып аяқталатын ойындар эксперименттік жаттығулар деп аталады. Олар әдетте, лекция оқу барысында немесе әр-түрлі зерттеулерді жүргізген кезде иллюстрация ретінде қолданылады.
Іскерлік ойындарды қолдану кезінде жақсы және теріс жақтарын атап өтуге болады. Жақсы жағына: жоғары мотивацияны, үйрену кезіндегі қанық көңіл-күйді, кәсіби іс-әрекеттерді дайындау мен жүзеге асыруды, білімдері мен іскерліктерін қалыптастыруды жатқызуға болады. Бұдан басқа, ойынға қатысушылар өз білімдерін қолдана алуды үйренеді, ал ойыннан кейінгі талқылау осы білімдерін бекітуге себеп болады.
Теріс жағына: ұйымдастырушының ойынға асқан еңбекпен дайындалуы, ұйымдастырушының қатты ширығып отыруы (ойын барысында ол зейінді және мейірімді басқарушы болуы керек), үздіксіз шығармашылық ізденісте болуы, актерлікті меңгеру қажеттілігі, қатысушылардың жұмысқа дайындықсыз келуі жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет