Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Жыраулар поэзиясының даму бағыттары



бет50/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97
Байланысты:
хандықт

36.Жыраулар поэзиясының даму бағыттары
Жыраулар поэзиясындағы дара әдебиетке тән белгілер және фольклорлық сипаттар. Жыраулар поэзиясының қалыптасу, даму кезеңдері. Жыраулар поэзиясының даму кезеңдерін үш кезеңге бөліп қарастыру:
І кезең. (ХІ-ХІV ғасырлар) жыраулық дәстүрдің негізі қаланған ілкі кезеңі. Кетбұға, Сыпыра жыраулардың, Қодан тайшының бізге жеткен мұралары.
II кезең. (ХV-ХVІ ғасырлар) жыраулық поэзияның қалыптасу кезеңі. Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың шығармашылығы.
III кезең. (XVII-XVIIІ ғасырлар) жыраулық поэзияның неғұрлым кемелденген кезеңі. Жиембет, Тәтіқара, Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жыраулар шығармашылығы
.
Жыраулар поэзиясының жариялану, зерттелу жайы. Хандық дәуір әдебиетінің жиналуы, жариялануы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің жиналып, жариялану, зерттелуін үш кезеңге бөліп қарастыру.
Бірінші кезең. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі кезең аралығындағы жиналу, жариялану жұмыстары. Ш.Уәлихановтың, В.В.Радловтың жыраулар шығармашылығына қатысты пікірлері, жинап бастыруы. Жыраулар мұрасының «Ноғай уа құмық шығырлары». М.Османов, «Жақсы үгіт» М.Бекмұхамедов, «Шайыр», «Көксілдер», Ғ.Мұштақ «Тауарих хамса», Қ.Халидұғлы «Ақын» А. Берқалиұғлы құрастырған жинақтарға енуі.
Екінші кезең. 1917 жылдан - 1959 жылдар аралығындағы жиналып жариялануы, зерттелуі.
Үшінші кезең. 1959 жылғы әдеби мұра жайлы мәселе көтерілген конференциядан кейінгі және осы күнге дейінгі зерттелуі. XX ғасырдың 60-90 жылдар аралығында жыраулар поэзиясының тиянақты зерттелуі: Б.Кенжебаев, Ә.Марғұлан, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин зерттеулерінің маңызы.
37.Жыраудың қоғамдық-әлеуметтік тұлғасы.
Ең алдымен жырға келетін болсақ, «Жыр-(көне түркі тілінде «иыр»)- 1.кең мағынада поэзиялық шығармалардың жалпы атауы...2.тар мағынасында қазақ халық поэзиясындағы 7-8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры» деген анықтама «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген екен. Ал, зерттеуші Ш.Ш.Уалиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» атты еңбегінде «Жыр дегеніміз рапсодия. Ал жырламақ деген етістік тақпақтап айту деген етістік тақпақтап айту дегенді білдіреді.Барлық далалық жырлар қобыздың сүйемелдеуімен тақпақтап айтылады»,-деп көрсеткен екен.
«Тіл бас жарады, бас жармаса тас жарады» деп сөз өнерін, тіл тағылымын ардақ тұтқан қазақ халқы сонау XV ғасырда да жырларды қадірлеген болуы керек. Поэзиямен жаны егіз көшпенділер бесіктен туғаннан бастап жыр әуеніне елітіп өскен. Соның әсері болуы керек жыр тарих сахнасында да талай хандарға, сұлтандарға, әмірлерге, өз ықпалын тигізіп, халықтың игілігіне айналғаны анық. «Қазақтардың бүкіл өлеңдерінің түп негізі ретінде қазақтар өздері «өлең» және «жыр» деп айтатын екі түрлі өлең түрін қабылдауға болады.
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі. Әдебиетте де тарихта да маңызды орын алар тұлға. «Жырау - өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі жырау атауы-«жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген. Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын жыраулар XV ғасырда ғана туа салған жоқ. Жырау тұлғасының тарихы тереңде. «Сәугейлік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына т.б. жайларға қарай болжам жасау, абыздың бір міндеттерін атқару – көне дәуір жырауларына тән қасиет» - делінген жоғарыда аталған еңбекте. Иә, жыраулық мектептің түп негізі абыздардан басталады. Ел ертеңі жайлы болжам жасап, данышпандығымен дараланып жүрген жыраулар хан сарайында отырып, алдағы болар қауіп-қатерді болжап отырды. Хандардың түсін жорып, халық арасындағы қарым-қатынастардың қалай бағыт алатынын болжап, оны жыр жолдарымен жеткізіп, абыздық дәстүрді әдебиетпен байланыстыра дамытты.
Иә, жыраулар өз заманындағы нағыз халық жанашырлары бола алды. Олар жыр шығарып, толғау айып, тек өнер иесі ғана болып қойған жоқ, жаугершілік заман болып, ел басына күн туған кезеңдерде атқа қонып, жауға аттанған батыр, қолбасы болды. Сол қызметтерді атқара жүріп, ел қорғау, халықты азат ету мақсатын паш ететін сарбаздарын жігерлендіретін, патриотизмді насихаттап немесе хан, уәзірлерге пікір қосып, кемшіліктерін бетіне басып, қаймықпай ашық жеткізетін міне осы жыраулар болды. Бұл пікірге мысал келтіретін болсақ, Доспамбеттің
Арғымаққа от тиді,
Қыл мықынның түбінен.
Аймедетке оқ тиді,
Отыз екі омыртқаның буынынан,
Зырлап аққан қара қан
Тыйылмады жонның уақ тамырынан.
Сақ етер тиді саныма
Сақсырым толды қаныма
Деген жолдарынан жыраулардың қолбасы, батыр болып, әрқашан алғы шепте жүріп, жоу оғынан жараланып, елі үшін жан аямағанын байқаймыз.
Таза, мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза, мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады. – дейтін Асан қайғының терең философиялық толғаулары да осы жыраулардың еншесінде.
Қазақ әдебиетінде есімі ел аузында сақталып, аңызға айналып жүрген жыраулар өте көп. Дегенмен оларды зерттеудегі бір қиындық жыраулар шығармаларының ауызша таралып, бүгінгі кезге ауыздан-ауызға таралу арқылы жеткендігінде болып отыр. Уақыт өткен сайын ұмытылып немесе біреулердің өз жанынан қосып өзгертулері нәтижесінде жеткендігінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет