61. Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» – сөздігіндегі көркем сөз үлгілері.
Жинақтағы көркем туындылар тек эпостар ғана емес, соған қоса онда бірнеше әдемі лирикалық шумақтар бар.
Олардың негізінен көпшілігі махаббат, табиғат лирикалары. Әсірісе, махаббат жайындағы өлең-жырлар Ф.Оңғарсынованың қазіргі өлең жүйесіне шебер аударуымен көрікті шыққан.
Бұл шумақтар мынандай үзінділерден тұрады:
1. Ғашықтардың сырласуы,
2. Ғашық лебізі,
3. Ғашық жігіт зары,
4. Құмалақ сезім,
5. Сұлудың сипаты,.
6. Жігіт сөзі,.
7. Ғашықтар жыры,
8. Сиқырлы сулу туралы,
9. Ғашықтық жырлары, ал Х.Сүйіншәлиев махаббат жайлы жырларды он бес топқа бөлген.
Жинақта сүйген жарға деген ғашық жігіттің арнау сөздері жүрек тебірентерлік:
Шырай жүзді қара мең,
Буындарды қарам ем- деген жолдардан әсем ару келбеті шебер суреттеліп, оған құштарлықтан жас жігіттің сезіміаса тартымдыц лебізден бейнеледі.
Шығармада табиғат көріністеріне қатысты өлең-жырлар да көптеп кездеседі. Олар Күнді, Айды, Жұлдызды, Бұлтты адам сияқты етіп, бірде ашулантырып, бірде көңілдентіріп құбылыс ретінде суреттейді.
Дүниені тәңірім жаратқан,
Жұлдызды тізіп аспанға.
Күнді түнге қаматқан
Туғызып Айды ақшамда.
Негізінен ислам дәуіріндегі жазба әдебиет- сарындағы те қалыптасып, қазақ ақын-жырауларының өлеңдер терме-толғауларында өзінің шарықтау шегіне жеткен дидактикалық-философиялық поэзияның қайнар-бастаулары ежелгі түркі жырларында жатқан сияқты. М. Қашқари «Сөздігінен» дидактикалық-философиялық мазмұндағы жыр үлгілерін жиі ұшыратамыз. Олар көбінесе замана жайлы, адамгершілік туралы, ақыл-парасат, білім хақында болып келеді. Бұл сөзімізге бірнеше мысал келтірейік:
Таққа шығып тұрсаң да, тәңіріңді ұмытпа,
Асып-тасқан көңілді ақылыңмен шыбықта.
Ұлық болса еліне ізгі болар ер кісі,
Кішілік пен кісілік - ұлылықтың белгісі.
Дәлуетті адам байи түсер, сый да алар, Жарлы бектер жәрдем көрмей қиналар. (72, 26)
Сондай-ақ көне дәуір ақыны өз тыңдаушысын оқу-білімге, ақылды адамдардан үйренуге үндейді.
Достарыңызбен бөлісу: |