71- Cұрақ Оғыз қаған жырының композициялық құрылысы
Оғыз-қаған дастаны - түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды. Бұл дастан ауыз әдебиеті үлгісімен әуелде ауызша жасалып, бертін келе қағазға түсірілген. Алдымен «оғыз» сөзінің мән-мағынасын айқындап алайық. Бұл сөзді Еуропа және орыс ғалымдары «огуз» десе, араб-парсы тілдерінде - «ғузз», әзірбайжан тілінде - «оғуз», ал қазақша - «оғыз» деп жазып жүр. Көне түркі тілінде «оғуз» сөзі - уыз, уыздас, сүттес, емшектес, яғни бір анадан сүтішкен деген мағынаны берген. Ежелгі ғұндардың кейінгі ұрпақтары, «оғуз» сөзін тайпалардың бірлестігі, одағы деген мағынада қолданған.
Копозициялық құрылысына келер босақ, 17 циклдан тұрады. Әрбір цикл: біріншісі- оқиғаның басталуы, екіншісі- оқиға желісінің ұлғайып, өрістеуі., үшіншісі-оқиғаның түйіні, қорытынды.
Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда, зерттеуші Қ. Өмірәлиевтің «Оғыз- қаған» дастанын сюжеттік желісіне орай, шығарманың ішкі табиғатына сәйкес түрде 17 циклға бөліп қарастыруы ерекше назар аударады. Мұнда әрбір циклға қойылған тақырыптың өзі-ақ сол циклда айтылатын оқиғаны толық аңғартып тұрған сияқты. Атап айтқанда:
Оғыз қағанның тууы мен балалық шағы баяны;
Оғыз қағанның жігіт болуы және ерлік көрсету үшін аттану баяны;
Оғыз қағанның үйлену баяны;
Ай, Күн, Жұлдыз, Тау, Көк, Теңіз деген балаларының тууы баяны;
Оғыздың қаған болуы және үлкен той жасауы, төрт тараптағы елдерге елшілер жіберуінің баяны;
Оғыз қағанның Урум қағанға қарсы аттануының баяны;
Оғыз әскерін көк бөрінің бастап жүруінің баяны;
Оғыз қағанның Урум қағанмен соғысы баяны;
Урум қағанды жеңуі және елін қарату баяны;
Оғыз қағанға Урусбектің ұлы Сақлаптың тарту-таралғымен келу баяны;
Оғыз қағанның Етіл суынан өтуі.
Етіл суынан өту амалын тапқан ұлуғ Орду бекке Оғыз қағанның «Қыпчақ» деп ат беру баяны; Оғыз қағанға көк бөрінің екінші рет келуі баяны;
Оғыз қағанның Шауқартаң атының жоғалуы және олатты белгісіз ердің Мұзтауынан табуы баяны:
Оғыз қағанның тағы ілгері жол шегуі, жолай бір алтын сарайға кездесуі, осы сарайды ашқан ерге «Қалач» деп ат беруі баяны;
Оғыз қаған қолын көк бөрінің үшінші жолы бастап жүруі баяны;
Одан әрі Оғыз қолының Шүршіттермен соғысуы, жеңуі баяны;.
Оғыз қаған қолына ұрыста көп олжа түскені баяны;
Олжаны алып жүру үшін қаңға жасаған шеберге «Қаңғалуғ» деп ат бергені баяны;
Оғыз қағанның Көк бөрі бастап Сынду, Таңғут, Шағам жұрттарына аттануы және ол жұрттарды жеңуі баяны;
Оғыз қағанның күн түстіктегі Барақа деген жердегі Масар қағанға қарсы аттануы, Масар қағанды жеңуі, өз жұртына қайта жүруі баяны;
Оғыз қағанның аян айтатын жырауы Улуғ Түріктің түс көруі және бұл түсін Оғыз қағанға айтып жоруы баяны;
Оғыз қағанның балаларын аң аулауға жұмсау баяны;
Балаларының жолай алтын жай және үш күміс оқ тауып алуы, оны аталарына алып келуі баяны;
Оғыз қағанның ұлы құрылтай шақырып, бектерін, ел-жұртын жиып той беруі баяны;
Балаларына жұртын бөліп беруі баяны;
Оғыз қағанның өсиет сөзі осымен аяқталады.
Қосымша Оғыз қағанды зерттегендер:
Оғыз батыр жайлы ауызша аңыз-әңгімелердің сюжеттік желісі мен «Оғыз-қаған» дастанының сюжеттік желісі арасындағы ортақ сарындар да зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Бұл туралы әсіресе зерттеуші Құлмат Өмірәлиев ұтымды пікірлер айтқан.
Түркия елінің ғалымдары: Н. Атсыз, Н. Банарлы, Ф. Көпрүлузаде, Б. Аталай, Б. Рифат сияқты түрік ғалымдарының «Оғыз-қаған» дастаны туралы терең ойлы зерттеулері қолымызға тиіп отыр.
«Оғыз-қаған» дастаны мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы әр түрлі байланыс белгілерін зерттеуге қазақтың Ә. Дербісәлі, М. Жармұхамедұлы, Ө. Күмісбаев сияқты ғалымдары да өзіндік үлес қосқан.
Орыс зерттеушілері Оғыз қаған туралы аңыз-әңгімелер мен тарихи шындық жайында кезінде В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, П. Пелльо, И. Н. Березин, Л. Лигети, Ю. Немет, Н. Я. Бичурин, В. В. Бартольд, A. М. Щербак, А. Н. Кононов сияқты зерттеушілер сан алуан құнды пікірлер айтқан.