Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Жыраулар поэзиясында қазақ-қалмақ қарым-қатынасының көрініс табуы



бет67/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   97
Байланысты:
хандықт

59. Жыраулар поэзиясында қазақ-қалмақ қарым-қатынасының көрініс табуы
Поэтикалық мәтіндерді талдау барысында «мағына» және «мән» терминдері жиі ұшырасады. Тіл білімінде, яғни лингвистикада «мағына» лексикалық, грамматикалық тұрғыдан талданып, зерттелініп келеді. Мән туралы тұжырымдар мен зерттеулер ғылымда әлі тұрақталмаған. Әбу Насыр әл‐Фараби «Ғылымның шығуы» атты трактатында мәнге алғаш түсінік берген. Мағына айналадағы нәрсені, құбылысты тура сипаттайды да, мән лексикалық мағына уәжділігін сақтай отырып, олардың мазмұнын береді. «Мән» ‒ кісінің рухaни болмысының cыры. Мәтін мәнін әркім әртүрлі түсінеді. Автордың ойын ешкім дөп басып айта алмайды. Оқырман мен ғалымдардың мәтіндегі қандай да бір сөзге, ұғымға, сөйлемге, ойға, тақырыпқа қатысты пікірлері мен тұжырымдары болжам түрінде ғана беріледі.
Сөздер мен ұғымдар лебізде ұдайы тура мағынасында қолданыла бермейді. Олар контексте автордың мақсатына, ойына, қиялына сай түрліше реңктік мәнге ие болады. Мән үнемі өзгерісте болады. Сөздердің мәтіндегі қолданысы, бір‐бірімен байланысқа түсуі, жалпы ойдың берілу сипаты ‒ мәнді анықтайды. Мәтіннің мәнін ашып, ішкі сырына үңілудің үш кезеңі бар:
сөздің контекстегі өзекті мағынасын таңдау;
осы мағына негізінде үстірт мәнді анықтау;
контекстік уәж негізінде ішкі мәнді зерделеу [18, 162].

Мән мағынадан туындайтын лебізді ұғынудың екіншілік сипаты. Демек алғаш болып санада мағына кодталады. Лексикалық мағынаның жетегінде үстеме мағына ‒ мән туындап, семантикалық уәжділік пен грамматикалық үйлесімділікті сақтай отырып, дүние көрінісін өзге бір атау, идея, ой түйіндерімен алмастырып, орынбасушылық қызметін атқарады. Мәтіннен мәнді анықтау автор қолданысындағы тілдік бірліктер, көркемдегіш құралдар, тақырып, мазмұннан бұрын таза ойдың иірімдерін талап етеді. Ақын-жыраулар поэзиясы ‒ халық дүниетанымының қайнар көзі. Олардың әр өлеңінде, әр жолында философиялық мән бар. Жыраулар тілінің күрделілігі ойының көркемдігінен туындап тұр. Біз зерттеу жұмысымызда ақын-жыраулар поэзиясындағы философиялық мәнді ашу үшін алдымен мәдени код ‒ жыраулар жырындағы «ар» ұғымдарын талдауды жөн көрдік, яғни «ар» концептісіне жіті тоқталуды жөн санап отырмыз.



Ақындар концептосферасы өте кең, ал ондағы концептілер жүйесі күрделі, сол себепті бір концептінің бір ғана құрылымдық бөлігі, атап айтқанда, «Ар» концептісіндегі фреймдерді қарастыруды мақсат еттік. Когнитивтік ғылымның зерттеу нысаны – санада бейнеленген ақпараттар мен білім екені белгілі. Когнитивтік бағыттың басты мақсаты – дүниенің бейнесін белгілі бір тілдік жүйеде көрсету. Репрезентация (көрсету) – алғашқы түсініктен бастап, дамыған бай концептілік жүйедегі түсінікке дейінгі санадағы білімінің көрінісі. Когнитивті тіл білімі адамның ұлттық болмысқа негізделген танымдық деңгейінің тілдегі көріністерін зерттейді. Мұнда басты бірлік – концептілер. Концептілер когнитивті, ұлттық, мәдени тұрғыдан анықталады. Олар мәдени, ұлттық мәдени, лингвомәдени және когнитивті деген түрлерге бөлінеді. Қазақ тіл білімінде алғашқылардың бірі болып когниция мәселесін, когнитивті тіл білімін өз монографиясына арқау еткен ғалымдардың бірі Қ.Жаманбаева болатын. Қ. Жаманбаева сол кезде енді ғана сөз болып жатқан тілдік танымға қатысты мәселелерді қарастыра келе, алғаш рет тіліміздегі «мұң» концептісін зерттеді. Соңғы кезде Н. Уәли, Ж.А. Манкеева т.т. тілшілердің шәкірттері когнитивті тіл білімінің әртүрлі мәселелерін кеңінен қарастыруда. Осы ізденістердің нәтижесінде тары, қамшы ұлттық мәдени концептілер мен өмір, тағдыр сияқты когнитивтік концептілер зерттелген. Орыс тіл білімінде Ю.С. Степанов, А.П. Бабушкин, Е.С. Кубрякова, В.И. Карасик, В.А. Маслова сияқты когнитивистер қалыптастырған әртүрлі деңгейдегі мектептер жұмыс істеуде. Ал қазақ тіл білімінде когнитивті лингвистиканың терең мәселелері Ж.А. Манкеева, Н. Уәли, А. Ислам, Э.Н. Оразалиева, Г.Е.Утебалиева, А.Б. Әмірбекова т.б. ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қарастырылуда. Ал концептосфера туралы айтсақ, бұл терминді алғаш қолданған академик Д.С. Лихачев болатын. З.Д. Попова, И.А. Стернин: «Концептосфера – бұл халықтың концептілерінің жиынтығы, ойлаудың ақпараттық базасы», – деп анықтайды [1,36]. Ғаламның когнитивті бейнесі және әртүрлі түрлері концептосфера бойынша ұғынылады, жалпы, тілдік ұғым туралы санадағы ақпараттар концептілік жүйеде дұрысталады. Концептілік жүйенің қызметі – ұлттық нақыштағы күрделі ұғымдарды бір мазмұнға реттеп топтастыра отырып, жүйелеу. Жалпы, бұл мәселені қазақ тіл білімінде қарастыру енді ғана қолға алынғандықтан, концептілік жүйе, оны құраушы бөліктер мәселесі әлі де зерттелу үстінде екенін айта кету керек. А.Б. Әмірбекова концептілік жүйе мен когнитивті модельдің тығыз байланысынан концептінің құрамдас бөліктері туындайды деп санайды. «Біздің пікірімізше, дүниенің концептілік бейнесін көрсететін негізі тірек – концептілік жүйе. Концептілік жүйе ішкі және сыртқы құрылымдардан тұрады. Ішкі құрылымы концептіні танытуға бағытталған құрылымдар: фрейм, сценарий, ойсурет, сызба; ал сыртқы құрылымы: сөз, фразеологизм, метафора, сөйлем, тіркес, метонимия т.б. Концептілік жүйе қалыптастыруда санадағы ішкі құрылымдар белгілі бір когнитивті модельге салынып жинақталады. Когнитивті модель автор танымындағы символ, бейне, прототип, этикет, эталон, ассоциативтік, стереотиптік бірліктер мен инсайт таңбалар арқылы қалыптасады» [2,28]. Концепт – когнитивті лингвистиканың басты бірлігі. Оның әр зерттеу тұрғысына және әр мектептерге қатысты көптеген түрлері бар. «Концепт» термині «ұғым, мағына» терминдерімен бірдей мағынада қолданылады. В.А.Маслова «Концепт» пен «ұғым» терминдері ішкі формасына қарай бірдей: концепт латынның «conceptus – ұғым» сөзінің калькалық аудармасы» – деп түсінеді [3,49]. Бірақ бұл ұғымдардың мағынасы бірдей емес. Егер ұғым танылатын объектінің мәнді, мазмұнды қасиеттерінің жиынтығы болса, ал концепт – ұлттық болмысқа негізделген ментальді білім жиынтығы. Когнитивті тіл білімін қарастырған А. Ислам концептіні: «Концепт дегеніміз – этномәдени санада сақталатын, белгілі бір ұлттың ұрпақтан ұрпаққа берілетін ықшам, әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым. Концептінің басты қызметі – дүниенің тілдік суретінің басты элементтерін атау», – деп анықтайды [4,56]. Тіл білімінде концептіні таныту мақсатында кез келген тілдік бірлік, лексикалық мағынасы бар сөздер қолданылады. Ал концепт ретінде барлық ұғымды ала алмаймыз, тек белгілі бір мәдениетті тануда қолданылатын және автор үшін маңызы зор деп танылатын күрделі ұғымдарды, ең бастысы, жалпыадамзаттық, жалпыхалықтық, жалпыұлттық құндылықты таныта алатын ұғымдарды тани аламыз. Мысалы, А.Б. Әмірбекова былай дейді: «Қазақ халқы үшін киіз үй, шаңырақ, қамшы, жазық дала, көш, бөрік, бесік, домбыра, тұмар т.б. сөздер лингвомәдени бірлік ретінде ұлттық-мәдени концепт деп таныла алады» [2,15]. А.Б. Әмірбекова концепт ұғымына берілген тұжырымдарды зерттеу нәтижесінде концептіні танытатын мынадай критерийлердің бар екендігін көрсетеді: «– концепт дүниенің құндылықтарын танытады; – концепт санадағы дүниенің мәнін бейнелейді; – тіл арқылы объективтенеді; – субъектінің білімдік деңгейін танытады; – белгілі бір ұлттың мәдени деңгейі мен менталитетін көрсетеді; – әрбір ұлттың танымдық белгілерінің мазмұнын ажыратады; – тұлғаның өзіндік танымдық стилін айқындайды; – концепт – адам тәжірибесіндегі идеалды түсініктің ең кішкене бірлігі; – концепт – білімді тарату, сақтау және өңдеудің негізі бірлігі; – концепт – белгілі бір мәдени болмыстың негізгі ұясы» [55, 20 б.]. Концептінің атауыштық өрісінен басқа семантикалық өрісі бар және ол сөз мағынаның өрісі іспетті семантикалық белгілерге құрылады. Олар концептінің құрылымдық үлгілері деп аталады, мәселен, А.Б. Әмірбекова М. Мақатаев шығармашылығындағы табиғат концептілеріндегі мынадай құрылымдық үлгілерді көрсетеді: Күз – шаруа; Күз – береке; Күз – сары дала; Күз – салқындық; Көктем – тіршілік; Көктем – қуаныш; Көктем – жылылық; Көктем – гүл; [2,97]. Фрейм – концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым форма. Ол концептінің ең жақын семаларынан (мағына бөлшектерінен, кейде ассоциация) құралады да концептінің құрамдас бөлігі болады. Жалпы лингвистикада фрейм ұғымының негізін қалаған тілші – Ч.Филлмор. Фрейм – санада білім қалыптастырудағы басты операциялардың бірі болып есептеледі. М. Минский адамның көргеннен алған ақпараты мен есінде сақталған ақпаратын модельдеу тәсілін зерттеу арқылы фрейм ұғымын анықтады. Э.Н. Оразалиева А.С. Гердтің фреймді үш түрлі ұстаным негізінде анықтауын келтіреді: 1) онтологиялық тұрғыдан фреймдер ғылыми-практикалық әрекеттерді ұйымдастыру құрылымы деп қаралу керек; 2) гнесеологиялық тұрғыдан – аталмыш әрекеттердің танымдық бейнесі анықталады; 3) когнитивтік тұрғыдан – фреймдер адам санасындағы деректерді жинақтайтын, реттеп отыратын құрылым ретінде анықталады»

60. Жыраулар поэзиясының көркемдік сипаты.


Қазақ жырауларының қай уақыттарда жасап, олардан қалған мұраның қалай сақталып жеткені, қандай қалыпта екендігі туралы ғалымдарымыздың еңбектерінен көп мәліметке қанығамыз.
Махмұт Қашқаридің сөздігінде Шөже дейтін жыраудың аты аталады. Ол XI ғасырда көшпелі түріктерден шығып, көп жыр білген жыршы болыпты.
IX ғасырда аты жеткен Қорқыт, түрлі деректерде XIII ғасырда жасаған Кетбұға, XIV ғасырдан Сыпыра жырау аталады.
Қытайда тұратын Зейнолла Сәнік “Тарих тұнығы тереңде” атты зерттеуінде (“Жұлдыз”, №3. 1993) қытай жазуында жазылып қалған сақтар мен ғұндардың; түркілердің әдеби мұрасы жайлы айтты.
Осы тұста Мағауиннің мына бір тұжырымы ойға оралады. “Қазақ әдебиеті қазіргі Қазақстан жерін жайлаған тайпалар туғызған бай рухани қазынаның заңды мұрагері еді. Ол өзіне дейін ғасырлар бойы жасаған мұрадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, соны соқпақ сараптар қалдыру нәтижесінде кемелденді.
“… Халықтың рухани өмірінде жетекші орынға шыққан поэзия әлденеше ғасыр бойы қазақ әдебиетінің жай ғана көшбасшысы ең басты жанры қызметін атқарды. Ал осы кезеңдегі Қазақ поэзиясының ең ауыр жүгін көтерген, сөз өнерінің жетекші өкілдері — жыраулар болды. Қазақ жыраулары XV-XVIII ғасырлар шегінде бүкіл әлемдік мәні бар аса құнды әдеби мұра жасады”.
Жырау кім? Оның өз қоғамда алған орны қандай еді? Жырау өнері қандай жағдайларда туып, қалай көрінеді, қай түрге (өлеңнің) қатысты не жайларды қамтыды, жырау қай кезеңдерде жасап, қай уақытта қоғамдық, әдеби өреден ығысты деген мәселелер, сөз жоқ, жырау поэзиясының табиғатына, жыраудың алабөтен айрықша қоғамдық статусына алып барады. Жырау поэзиясының көркемдік сипаттарын ашады, ғылыми негіздерін жүйелейді.
Зерттеушілер қазақ атымен аталатын әдебиеттің жасай бастаған уақытын қазақ хандығы құрылған уақытпен сабақтастырады. Бұл әдебиет, жыраулар поэзиясы түрінде жасады.
Белгілі бір себептерге орай қазақ әдебиеттану ғылымында жырау кім, жыраудың әлеуметтік тұлғасы, жыраулар мұрасының негізгі сарындары, жырау поэзиясының көркемдік негіздері дейтін мәселелер сол қазақ хандығы дәуірінде (XV-XVIII ғасырлар) жасаған қазақ әдебиетінің өкілдері, әдеби мұраның негізінде қарастырылып келеді.
Бұл дәуір поэзиясы бізге ата қоныс, құт мекеннен ауа көшудің қасіретін; қырық жыл қырғында ат үстінен түспеген жауынгердің жан мұратын; ел басқарған хандардың тура тартқан тұсы мен бұралаң бұрылыс – қате кеткен шалғайларын, т.б. толып жатқан, жазба тарихқа ауыс түскен құдырет шындықтарын қаз-қалпында жеткізді.
Қазақ қоғамында Жыраудың атқарған ісі көп; алған орны алабөтен. Көркем сөзді сүйеніш еткен өнерпаздың қазақ тарихында әсіресе аса бір беделді, аса бір өтімді болған тұсы Қазақ хандығы дәуірі болды.
Әрине, жырау, ең алдымен ақын. Өз жанынан өлең шығарушы. Және соны белгілі бір күй аспабымен орындаушы … Яғни күй әуенін туғызушы Сазгер. Жырау бұл өнерінің барлығын белгілі бір мақсатқа бағыттап отырды. Өз қоғамының, қазақ мемлекетінің ішкі-сыртқы жағдайларына: ел басқарған хандардың ісіне, айнала көрші елдермен қарым-қатынас саясатына, сырт жаулармен соғыста бірлік, ерлік жайына, ел ішінің бітімшар тұтастығына, жеке адам тірлігіндегі дүние кезеңдеріне, ұрпақ тәрбиесіне т.б. мәселелерге бағыттады; қазақ қоғамының моральдік, провалық, діни нормаларын айқындау, насихаттау, қалыптастыру ісіне араласты.
Әрине, жыраулық өнер, оның табиғатын танытар басты сипаттар әлде де ғылыми тұрғыда негізделе береді. Сонымен бірге басы ашық, әдебиеттанушы ғалымдарымыздың барлығында да қажет, қисынды ой, тұжырым аз емес. Соның бұлтарпас басты айғағының бірі – ол жырау поэзиясында жаугершілік заман сарыны жатуы. Яғни, жырау поэзиясы – жауынгерлік эпос.
Қаһармандық жырларды туғызушылар – жыраулар. Бұған бір қисынды дәлел – батырлар жырындағы өлең өлшемінің жыраудың өлең ерекшелігімен аса ұқсастығы.
Сырт жауларға қарсы күрес, елдің сыртқы, ішкі жағдайы түскен саяси ахуал көрініс беріп жататын; қаһарман жауынгердің тұлғасы соғыс сәтінде сомдалған ерлік жырларды туғызушы Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Қожаберген, Ақтамберді, Бұқар, Үмбетай, Тәттіқара жыраулар емес еді деп айта алмаймыз.
Жыраулар өнернамасының негізінде біздің әдебиетімізде қазақ халқының қилы кезеңдердегі тағдыр-талайы, ел басқарған ұлы хандар тұлғасы, олардың төңірегіндегі ер жастанып жатып, қырық жыл қырғынның ортасында жүріп, халқының азаттығы мен ар-намысын қорғаған Дарабоз батыл тұлға-тұғырлар жайлы толып жатқан батырлық жырлар, дастандар, аңыз-әңгімелер, шежіре хикаялар, шешендік ағындар қалды. Әдебиетіміздің көп асылы, үлкен томдары осы дәуірлерде туды.
Үмбетай жырау қазақ әдебиетінде Алатаудай Ақша батырдан асып, болат туған Бөгембай бейнесін сомдады. Тәттіқара әр елдің атақты батырын дәріптейді. Қожаберген елінің күйініш, тілегі солар екенін толғайды…
Жырау – қаһармандық эпосты туғызушы, батырлар бейнесін сомдаушы ғана емес, қолбасшы батыр. Оның шығармаларының басты сарыны — жауынгерлік рух, ұлт-азаттық, бостандық арман.
Жырау поэзиясының негізгі сарындары ұлт-азаттық күрес, заман күйі, ұрпақ тәрбиесі, пенделік ғұмырдың жеке бас көңіл-күйі, адамның жас шамасы, опасыз жалған дүние-тірліктен табар тиянақ-тұғыр, т.б. жайлар. XV-XVIII ғасырлар арасында жасаған жыраулардың шығармаларынан осы сарындарды ұшыратамыз.
Жырау поэзиясындағы басты сарындардың бірі – туған жер, ата қоныспен қоштасу, қымбатын жоқтау, қимасын аялау. Бұл сарын сонау қазақ хандығы құрылудың алдындағы өткен тарихи жағдайлардан күйін шерткен беріде Бұқарды алаң көңіл еткен, онан беріде Дулатты аһ ұрғызып, Мұратты мұңға батырған, Нарманбетті нар түйедей шөктірген зар еді.
Туған жермен қоштасу сарыны, қоныс мекен жайы сонау XV ғасырдағы Асан жыраудан бар. Осы сарын әсіресе XVII ғасырға шейінгі жыраулар мұрасында басым көрінеді.
Еділ менен Жайықтың
Бірін жарға жайласаң,
Бірін қыста қыстасаң,
Ал қолыңды маларсың
Алтын менен күміске!…
(Асан)
Жырау поэзиясының басты сарындары туралы жалпы сөзбен басын қайырып айта салу мүмкін емес. Әр жыраудың әрбір жеке шығармасының ішіне еніп, сезіне білу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет