Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»



бет77/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   97
72-сұрақ
Сақтар дәуіріндегі әдебиет үлгілерінің орта мектепте оқытылу жайы.
Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын көшпенділер сақтар - қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша - б. з. б.) бірінші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар. Көне грек тарихшылары сақтарды «скифтер» немесе «азиялық скифтер» деп те атағаны мәлім. Ал парсылар сақтарды кезінде «сақ», «сақа», «саға» деген. Осыған орай, сақтар елін «Сахстан» деп тежазатын болған. Сақтар дәуіріндегі әдебиет үлгілеріндегі дастандар: Томирис, Шырақ батыр, Алып Ер Тоңға, Шу дастандары.
Солардың ішінде орта мектепте берілгені Алып Ер Тоңға дастаны
6-сынып 1 тоқсан Ежелгі дәуір әдебиеті бөлімінде 6 сағатқа берілген.
73-сұрақ
Қорқыт жырларын орта мектепте оқыту
Қорқыт туралы Қорқыт ата - түркі халықтарының бәріне ақиқат пен аңыз ортақ ұлы ойшыл-кемеңгер, жырау, күйші- қобызшы. Ол туралы деректер бізге үш түрлі жолмен жеткен. Бірі - ел аузындағы Қорқыт туралы аңыз- әфсаналар, екіншісі - тарихи шежірелер, үшіншісі - «Қорқыт ата кітабы». Қорқыт жырларын орта мектепте беріліуі 8-сынып 1 тоқсан Дананың сөзі- ақылдың көзі
Қорқыт ата туралы аңыз әңгімелер 1 сағат
Қорқыт ата кітабы 2 сағат
Байбөрі баласы мен Бамсы Байрақ туралы жыр 3 сағат
Қорқыттың нақыл сөздері 3 сағат
Жалпы Қорқыт 9 сағат
74-сұрақ
Құтбтың «Хұсрау-шырын» дастанындағы шырын бейнесі
14-ғасырдың өкілі Құтб ақынды қыпшақтар арасында «Құтбы» немесе «Құтып шайыр» деп те атай берген. Ақынның өмірі жайында мәлімет жоққа тән. Тіпті оның толық аты-жөні де белгісіз. Құтб ақынның лақап аты болса керек. Құтбтың біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған жалғыз шығармасы бар. Ол - «Хұсрау мен Шырын» дастаны. Бұл шығарма - әзірбайжан халқының кемеңгер ойшылы, ұлы ақыны Ілияс Жүсіпұлы Низамидың «Хұсрау мен Шырын» атты поэмасының аудармасы. Оны түпнұсқадан, яғни парсы тілінен қыпшақ-оғыз тіліне еркін аударған ақын Құтб болды.
Хұсрау- Шырын дастаны негізінен XIV ғасырдағы Алтын Орда мемлекетінің ішкі және сыртқы қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін де зор шеберлікпен ашып көрсетеді. Бұл дастанда діни-мистикалық әдеби шығармаларға қарсы бағытталған осы өмірдің нақты шындығы бейнеленеді. Ақын адамгершілікке, әділдікке, ынсапты болуға, туған жерді туған анаңдай жақсы көруге, қара бастың қамынан гөрі халық мүддесін қашанда жоғары қоя білуге, өнер-білімді игеруге, махаббатқа адал болуға үндейді.
Ендеше дастандағы Шырын бейнесі. М. Мағауин бойынша
Дастанда Шырын тек сұлу қыз, адал жарғана емес, сонымен бірге ол - әділетті патша, халық қамқоршысы. Сондай-ақ ол дастанның екінші бір басты қаһарманы - Хұсрауды қайта тәрбиелеген мейірбанды жан.
Шырын өз еліндеғана емес, сүйген жігіті Хұсраудың мемлекетінде де әділдік пен тыныштық, дәулетті, тұрмыс-тіршілік орнатуға барынша күш салады. Құтб осы Шырын образы арқылы мемлекетті қашанда әділ, білімді, инабатты, мейірбанды жандар басқаруы керек деген пікір айтады.Шырын патша тағына отырған кезде бүкіл мемлекетте әділеттілік орнап, енді залымдар мен сарандар өзінен-өзі жоғалып кетеді:
Енді қой мен қасқыр қатар тұрып,
Бір бұлақтан су іше бастады.
Бұл арқылы Низами да, Құтб та, егер ел билеген әкімдер әділетті болса, бір-біріне қасқыр мен қойдай болып жүрген бай мен кедейлер өзара келісіп кетер еді деген пікір айтпақ. Дегенмен, орта ғасырда әділдік туралы пікір айтып, сөз қозғаудың өзі үлкен прогрессивті құбылыс еді. Шырын өз махаббатына өле-өлгенше адал жан, Ол Хүсрауды жан- тәнімен беріліп сүйеді. Сүйіспеншілік жолындағы қиыншылық атаулының бәрін жеңіп шығады. Тіпті Хүсраудың жағымсыз қылықтары мен жеңіл-желпі мінездеріне де кешірімділікпен қарайды. Махаббат жолында қүрбан болады.Бұл арқылы Низами да, Құтб та, егер ел билеген әкімдер әділетті болса, бір-біріне қасқыр мен қойдай болып жүрген бай мен кедейлер өзара келісіп кетер еді деген пікір айтпақ.
С. Қасқабасов бойынша Шырын бейнесі
Шырын бейнесі поэмада өте тамаша сомдалған. Туғаннан ақылды, білімді, әділетті, халықтың қамқоршысы болған. Шырын махабатқа да адал адам ретінде суреттеледі. Сыртқы сүлулығымен ішкі сүлулығы үйлескен ол ақылдылығымен, ерік-жігерінің мықтылығымен, қайсарлығымен әсерлі бейнеленген. Ол тәрбиеші. Өзінің бойындағы сабырлылығымен, ақылдылығымен жеңіл мінезді Хүсраудың омірге деген көзқарасын өзгертуге, адал жар, қайсар азамат, әділетті патша болуға тәрбиелейді. Хүсрауды тәрбиелеу арқылы өз идеялын табуға тырысады. Поэманың негізгі мақсатының бірі де адамның идеалын табу болып табылатыны жайында пікірлер бар.
Шырынның ең басты артықшылықтарының бірі - ол өз бақыты үшін күресуші қыз. Шырын - махаббатқа адал жан. Төзімділік, шыдамдылық пен сабырлықтың арқасында сүйгенін өзіне қарата алады. Ол қандай-да бір жағымсыз әрекеттер жасаса да, ғашығының барлық кемшіліктеріне кешіріммен қарайтын адам. Басты кейіпкер Шырын - әділ патша. Әпкесі Мехинбану қайтыс болғанда орнына таққа отырган кезде Шырын елде әділдік пен тыныштық, молшылық орнатады. Халқының дәулетті түрмыс-тіршілік кешуіне барынша күш салады. Автор өзі өмір сүрген түстағы хан, патшалардың әділетсіздігін, зүлымдығын көріп, олар үшін осы тақырыпты үлгі-өнеге алу ретінде жырлаған. Шырын бейнесі арқылы Құтб рухани тазалықты, адамгершілікті, таза сезімді көрсеткен.
Қосымша: Бұл шығарма нәзираға жатады. Шығыс дүниесінде кең тараған бір ақынның жазғанын екінші бірінің қайта жаңғыртып жырлауы түркі ақындарына да соқпай өтпеді. "Нәзира дәстүрі" деп аталатын бұл дәстүр бойынша тақырып өзгермейді. Алдыңғы шығарманың сөзін толықтай аудармай, жырланып отырған оқиға желісін ғана негізге ала отырып жазады. Кейде кейбір жерлерін өзгертеді, басқаша жырлап, тың дүниелерді қосып отырады. Бұл туралы атақты ғалым М.Әуезов былай деген: " "Көпке мәлім болған тарихи шындықтар бойынша шығыста бір классик жырлаған тақырыпты келесі буында, тағы бір шығыс ақыны қайталап, әңгіме ететін, тың дастандар шығаратын дәстүр бар еді… Әр тақырыптың әр ақында қайталануы еш уақытта аударма деп танылуы керек емес. Ол озінше бір қайта жырлау, тыңнан толғау немесе ақындық шабыт-шалым сынасып, жырмен жарысу есепті бір салт еді. Бүл салтты заңды деп біліп, осы дәуірде "Нәзира", "Назирагөйлік" деп атау да берген"".




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет