Ислам діні сайты


лə илаhə иллə hуу əл-хəййəл-қəййумə уə əтубу илəйh", деп айтқан



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата21.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#102915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Снимок экрана 2023—06—09 в 15.43.48

лə илаhə иллə hуу əл-хəййəл-қəййумə уə əтубу илəйh", деп айтқан
адамның бүкіл күнəлары кешіріледі.» делінген. Истиғфардан кейін
Аят-əл-күрси жəне 33 рет «Субханаллаh», 33 рет «Əлхамдулиллəh»,
33 рет «Аллаhу əкбaр» жəне 1 рет «Кəлима-и тəhлил» яғни «Лə илаhə
иллаллаhу уахдаhу лə шəрикə лəh, лəhул мулку уə лəhул хамду уə
hуə алə кулли шəйин қадир» деп айтулары жəне қолдарын кеудесіне
дейін көтеріп дұға етулері де мүстаhаб болып табылады. (Мəрақил-
фəлаh, Тахтауи)
Имаммен жəне жамағатпен бірге қолдарыңды біраз алға созып,
кеудеге дейін көтеріп, алақандарыңды толық аспанға қаратып ашып дұға
етіңдер жəне амин деңдер. (Əййухəл уəлəд илмихалы)
Амин деп айту жөніндегі төрт хадис шəриф:
«Бір жамағат дұға еткен кезде бір бөлігі амин деп айтса,
Аллаhу та’ала сол дұғаны қабыл етеді.» (Хаким)
«Дұға еткен адам мен амин деп айтқан адамдардың сауаптары
бірдей болады.» (Дəйлəми)
«Имам дұға еткенде жамағатқа да дұға етуі керек. Дұға етпесе
оларға қиянат еткен болады.» (Бəйһақи)
«Имам амин деген кезде сендер де амин деңдер. Өйткені
біреудің амин дегені періштелердің амин деуіне тура келсе оның
өткен күнəларының барлығы кешіріледі.» (Бұхари)
Жамағаттың имаммен тəсбих тартуы жəне дұға етуі бидғат емес,
мустаhаб болып табылады. (Нимети Ислам)
Сұрақ: Намаздан кейін қай дұғалар оқылуы керек?
Жауап: Намаздан кейін оқылуы керек болған арнайы дұғалар жоқ.
Əркім қажеттілігін сұрап дұға етеді. Əрқашан бір дұғаны қайталай беруге
де болмайды. Өзінің не қалайтынын біліп, түсініп дұға етуі керек, өзінің
не сұрап жатқанын білмей дұға етуге болмайды. Белгілі бір нəрселерді
жаттап алып, тақпақ айтқан сияқты дұға ету мəкрух болып табылады.
Дұғаны сергек, ояу көңілмен дауыссыз оқу керек. Дұғаны тек
намаздардан кейін ғана немесе белгілі бір уақыттарда жасау мəкрух
болып табылады. Əр мүмкіндікте дұға ету керек!
Мысалы былай дұға етуге болады:
Əлхамдулиллəhи Раббилалəмин əссалəту уəссəлəму алə расулинə
Мухаммəдин уə алə алиhи уə сахбиhи əжмəин.
Йа Раббым! Оқыған намаздарымызды қабыл ете гөр! Ахиретімізді
жəне соңымызды қайырлы ете гөр. Соңғы демімізде кəлимəи тəуһидті
айтуымызды нəсіб ет! Өлгендеріміздің күнəларын кешіре гөр!
Аллаhуммағфир уəрхам уə əнтə хайруррахимин. Тəуəффəни
муслимəн уə əл хиқни биссалихин. Аллаhуммағфирли уəли уəлидəййə
уə лилмумининə уəл муминəт йəумə йақумул хисаб.
Йа раббым, бізді шайтанның, дұшпанның жəне нəпсіміздің
жамандықтарынан сақтай гөр. Үйімізге жақсылықтар, қайырлы жəне
берекелі ризықтар ихсан ет! Мұсылмандарға амандық бере гөр! Дін
дұшпандарын қарғысқа душар қыл! Мұсылмандарды илаһи жəрдеміңмен
құтқар!
Аллаhуммə иннəкə афуун кəримун тухиббул афуə фа’фу анни.
Йа Раббым! Ауруларымызға шипа, дерттерімізге дауа бере гөр!
Аллаhуммə инни əсəлукəсиххатə уəлафийəтə уəл-əманəтə уə
хуснəлхулқи уəрридаə билқадəри би рахмəтика йа əрхамəррахимин.
Риядан, жанжалдан, əр түрлі аурулардан, қазадан, бəледен,
жалқаулықтан, əлсіздіктен, қор болудан, зұлымдық көруден, аздырған
байлықтан жəне аздырған кедейліктен, шайтан жəне нəпсінің
жамандығынан, дұшпанның басымдығынан, жаман мінезден, бидғат
жасаудан, адасудан, ықылассыз амалдан, əр түрлі күнəдан, күпірге
түсуден, жаман өмірден, өлерде келетін фитнəлардан, дінімізге жəне
дүниемізге зиян беретін нəрселерден біздерді сақта!
Шынайы иман, көркем мінез, шүкір етуші жүрек, зікір етуші тіл,
қазаңа жəне тағдырыңа ризалық көрсетер өмір, аз тамақтану, аз ұйықтау,
аз сөйлеу, аз күлу жəне жəне дініңе көп қызмет етуді, қабір азабынан
жəне ахырет қорқынышынан құтылуды, өмір бойы ризаңа лайық істер
жасауды, шахит болып өлуді жəне соңғы демде əһли сүннет сеніміне сай
иман жəне тəубе етуді нəсіп ет!
Йа Раббым! Өзіңе деген махаббатты, жақсы көргендеріңе деген
махаббатты, Сенің махаббатыңа қауыштыратын амалдарға деген
махаббатты маған нəсіп ет! Ілімімізді, ықыласымызды, қабілетімізді
арттыра гөр! Жомарт жəне мейірімді құлдарыңнан болуды нəсіп ет!
Ата-анамызға, бала-шағамызға, туыстарымызға, достарымызға
жəне бүкіл дін бауырларымызға қайырлы өмір жəне көркем мінез, дұрыс
ақыл жəне денсаулық, дұрыс иман жəне дұрыс жолды нəсіп ет! Амин.
Уəлхамдулиллаhи Раббилалəмин.
Аллаhуммə салли алə Мухаммадин уə алə əли Мухаммад. Кəмə
саллəйтə алə Ибраһимə уа алə əли Ибраһим. Иннəкə хамидуммəжид,
Аллаhуммə бəрик алə Мухаммадин уə алə əли Мухаммад. Кəмə
бəракта алə Ибраһимə уа алə əли Ибраһим. Иннəкə хамидуммəжид,
Аллаhуммə Раббəнə əтинə фиддунйə хасəнəтəн. Уə фил ахирати
хасəнəтəн. Уəқинə азəбəннар,
Уəлхамдулиллаhи Раббилалəмин. Əстағфируллаh, əстағфируллаh,
əстағфируллаh əстағфируллаhəлазыйм, əлкəрим əллəзи лə илаһə иллə
hу, əлхаййəл-қаййумə уə əтубу илəйh.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет