Ислам және ізгі қОҒАМ: діннің ҚОҒАМҒа ізгі әсері мен тәрбиесі


Бірінші: Ислам қоғамға сауаттылықтың дәнін екті



бет2/6
Дата22.04.2023
өлшемі29,41 Kb.
#85742
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
03.02.2023. Жұма уағызы. Ізгі қоғам (1)

Бірінші: Ислам қоғамға сауаттылықтың дәнін екті
Соңғы елші Мұхаммед пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келуімен қараңғылықтың бұлты сейілді. Адамзатқа бақыт әкелетін ислам дінін жеткізу үшін Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті Құран аяттары түсірілді. Ең алғашқы түскен аят:
اقْرَأْ بِاسْمِ رَبِّكَ الَّذِي خَلَقَ . خَلَقَ الْإِنْسَانَ مِنْ عَلَقٍ . اقْرَأْ وَرَبُّكَ الْأَكْرَمُ . الَّذِي عَلَّمَ بِالْقَلَمِ . عَلَّمَ الْإِنْسَانَ مَا لَمْ يَعْلَمْ .
«Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білдірді», – деп, оқуға, білімге бұйырған («Ғалақ» сүресі, 1-5-аят).
Міне осыдан бастап, ислам ғылым-білім діні екенін дәлелдеді. Ал ғылым адамдардың санасын оятып, тапталған құқықтарының қорғалуына, өркениетке қол жеткізуге септігін тигізді.
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінің әрбір сәтінде сахабаларын оқып-білуге, білгенін іске асырып, өзгелерді де үйретуге шақырған. Мысалы, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылмандардың сауатын арттыру үшін Бәдір соғысында қолға түскен меккелік тұтқындардың оқу-жазу білетіндеріне 10 мұсылманға оқу-жазу үйрету шартымен азаттық берген. Пайғамбар мешітінің жанынан қоныс аударып келген жағдайы жоқ сахабаларға арнайы жай әзірлеп, мешітке жинап, іліммен шұғылдануға жұмылдырған. Хадис шәріпте:
طَلَبُ العِلْمِ فَرِيْضَةٌ عَلَىْ كُلِّ مُسْلِمٍ
«Білімді талап ету – әрбір мұсылманға парыз», – деп, білім алудың әрбір ер және әйел мұсылманға міндет екенін айтқан (имам Ибн Мәжа).
Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осындай тәлімін көрген саңлақ сахабалар білімнің маңызын ерекше бағалап, оны бәрінен артық қоя білді.
Бір күні атақты сахаба Ибн Аббасқа (Алла оған разы болсын) Басра қаласынан арнайы келген бір жолаушы: «Дүние артық па, әлде білім артық па?» – деп сұрайды. Сонда Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Білім артық», – деп жауап береді. Әлгі адам: «Оны қалай дәлелдейсің?», – дегенде, Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Дүние – перғауындардың мирасы, ал білім – Пайғамбарлардың мирасы. Дүниені Алла Тағала кез келген құлына береді, білімді тек сүйген құлына ғана береді. Дүниені жұмсасаң, таусылып қалады. Ал білімді қанша жұмсасаң да таусылмайды, керісінше арта түседі. Дүние жиған адам қияметте қайдан алып, қалай жұмсағаны жайлы сұралады. Бірақ білімді адам қияметте білім алғаны үшін де, оны жұмсағаны үшін де мол сауапқа кенеледі», – деп жауап берген екен.
Ата-бабаларымыз да мақал-мәтелдерде: «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғәріп», «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл», «Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады», – деп білім алудың артықшылықтары жөнінде өте көп өсиет айтқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет