Ислам және ізгі қОҒАМ: діннің ҚОҒАМҒа ізгі әсері мен тәрбиесі


Үшінші: Ислам қоғамда аманатқа қиянат жасамауға бұйырады



бет4/6
Дата22.04.2023
өлшемі29,41 Kb.
#85742
1   2   3   4   5   6
Үшінші: Ислам қоғамда аманатқа қиянат жасамауға бұйырады
Мына өмір және оның ішіндегі барлық нәрсе – аманат. Отбасымыз, кәсібіміз, дініміз, тіліміз бен діліміз, еліміз бен жеріміз, бәрі-бәрі бізге аманат. Ал аманатқа қиянат жасалған қоғамда ізгілік өрге баспайды. Әр адам өз деңгейіндегі аманатты барынша сезінсе және соған сай әрекет етсе – өзін де, өзгені де бақытқа бөлейді. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ниса» сүресі, 58-аятында:
إِنَّ اللَّهَ يَأْمُرُكُمْ أَن تُؤَدُّوا الْأَمَانَاتِ إِلَىٰ أَهْلِهَا وَإِذَا حَكَمْتُم بَيْنَ النَّاسِ أَن تَحْكُمُوا بِالْعَدْلِ ۚ إِنَّ اللَّهَ نِعِمَّا يَعِظُكُم بِهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ سَمِيعًا بَصِيرًا
«Шын мәнінде, Алла Тағала сендерге аманаттарды өз иелеріне тапсыруларыңды және адамдардың арасына үкім етер болсаңдар, әділдікпен үкім етулеріңді әмір етеді. Расында, Алла сендерге нендей керемет насихат айтуда. Шүбәсіз Алла, толық естуші, бәрін көруші», – деп айтқан.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:
أدِّ الْأمَانَةَ اِلَى مَنْ اِئْتَمَنَكَ و لاَ تَخُنْ مَنْ خَانَك
«Саған сенім білдіргеннің аманатын тапсыр. Біреу саған қиянат істеген болса, сен оған қиянат істеме», – деген (имам Әбу Дәуд, Тирмизи).
Иман сөзі мен аманат сөзі араб тілінде «әмәна» деген бір түбірден тарайды. Яғни мүминнің бойындағы аманатшылдық қасиеті сол иманының жемісі десек болады.
Мұсылманның бойындағы әрбір ізгі қасиет иманынан тарайды. Жаратушы Алла Тағаланың «Әл-Мумин» деген көркем есім-сипаты бар. Мағынасы: «Өзіне иланған пенделерін панасына алушы, түрлі қасіреттен сақтаушы» деген сөз. Аманат сөзі осы сөзбен түбірлес. Сондықтан аманатшыл адам Құдай Тағаланың осы сипатына сыйынып, қамқорлығына алғандарға пана болады, қиын-қыстау сәтте қасынан табылып жанашырлық танытады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
كُلُّكُمْ رَاعٍ، وَكُلُّكُمْ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، الإِمَامُ رَاعٍ وَهُوَ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، وَالرَّجُلُ رَاعٍ فِي أَهْلِهِ، وَالْمَرْأَةُ رَاعِيَةٌ فِي بَيْتِ زَوْجِهَا، وَالْخَادِمُ فِي مَالِ سَيِّدِهِ
«Барлықтарың бақташысыңдар және барлықтарың қол астыларыңдағы кісілерге жауап бересіңдер. Басшы қол астындағыларға жауапты, ер кісі отбасына жауапты, әйелі күйеуінің үйіне жауапты, қызметші қожайынның малына жауапты», – деген (имам Бұхари).


Қисса
Мүминдердің әмірі Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын) халифалығы кезінде түн жамылып, халықтың жай-күйімен танысып жүреді. Бір кезде сүтке су қосқан анасына сөйлеп жатқан қыздың дауысын естиді: «Уа, анашым! Мұсылмандарды алдап, берген сертті бұзып, мүминдердің әміріне өтірік сөйлеп жатсың ба? Халифа Омар бұлай жасауға тыйым салған жоқ па?» – дейді.
Анасы оған: «Мүминдердің әмірі мені көріп тұрған жоқ қой!» – деп сұрайды. Қызы: «Бізді мүминдердің әмірі көрмесе де, әлемдердің Раббысы көріп тұрған жоқ па?» – деп жауап береді.
Халифа Омар (Алла оған разы болсын) әлгі сүт сатушының қызын осындай аманатқа беріктігі үшін өзіне келін етіп алған болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет