Ислам және ізгі қОҒАМ: діннің ҚОҒАМҒа ізгі әсері мен тәрбиесі


Екінші: Ислам қоғамда жалқаулықпен күресуге шақырады



бет3/6
Дата22.04.2023
өлшемі29,41 Kb.
#85742
1   2   3   4   5   6
Екінші: Ислам қоғамда жалқаулықпен күресуге шақырады
Жалқаулық – қандайда бір жұмысты істеуге еріну, жайбасарлық қылу, баяу қозғалу, кертартпалық етумен айқындалатын адам бойындағы жағымсыз сипат. Қасиетті Құранда жалқаулық екіжүзділердің негізгі сипаттарының бірі ретінде сипатталады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ниса» сүресі, 142-аятында:
وَإِذَا قَامُواْ إِلَى الصَّلاَةِ قَامُواْ كُسَالَى يُرَآؤُونَ النَّاسَ وَلاَ يَذْكُرُونَ اللّهَ إِلاَّ قَلِيلاً
«Қашан олар намазға тұрса, жалқауланып тұрады. Адамдарға көрсету үшін оқып, олар Алланы өте аз еске алады», – деп айтқан.
Жалқаулық дертіне тап болған адам қандай да бір істі атқару қажет болғанда ерініп, сылтау іздеп, ертеңге қалдыруға тырысады. Сондықтан да ондай адам еш уақыт өзінің көздеген мақсатына жете алмайды. Махмұд Қашқари бабамыз: «Еріншекке есік те асу көрінер, жалқауға бұлт та жүк көрінер», – деуі осыдан. Хакім Абай:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз, – деп, еріншектікті бес дұшпанның біріне жатқызған. Ақын қара сөздерінде мұның мән-мағынасын ашып: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады», – деген.
Адам баласы бақытсыздығына, көбіне оның жалқаулығы себеп болады. Сол себепті де асыл дініміз Ислам жалқаулықтан аулақ болуға үндеп, ізгілік істер атқаруда, еңбек етуде белсенді болуға шақырады. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
اللَّهُمَّ إنِّي أَعُوذ بِكَ مِنَ الْعَجْزِ وَالْكَسَلِ
«Уа, Аллам! Расында, мен Өзіңе әлсіздіктен және жалқаулықтан (сақта деп) сыйынамын», – деп дұға ететін болған.


Қисса
Бір күні Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Маған көмектесіңізші, үйде тіске басар ештеңем жоқ», – деп өтініш айтады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірнеше мәрте көмек қолын созады. Бірақ, әлгі кісі көмек сұрауын тоқтатпайды. Бір күні Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) одан: «Үйіңде не бар?» – деп сұрайды. Ол кісі: «Бір ыдысым және төсенішім бар», – дейді. Алла Елшісі оған сол заттарды алып келуін бұйырады. Кейін ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ыдыс пен төсенішті қолына ұстап, сахабаларына: «Мынаны кім алады?» – деп сұрайды. Бір сахаба «Мен бір дирхамға аламын», – дейді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Одан көбірек берем дейтіндер бар ма?» – дейді. Бір адам: «Мен екі дирһам беремін», – дейді. Алла Елшісі сол кісіге әлгі заттарды сатады. Екі дирхамды әлгі адамға беріп: «Мынаның біреуіне үй ішіңе тамақ ал, ал екіншісіне балтаның басын сатып алып кел», – дейді. Әлгі кісі балтаның басын алып келгенде, Алланың Елшісі оның сабын өз қолымен жасап, саптап береді. Кейін: «Енді бұл балтаны алып, отын шауып, оны сат. Он бес күннен кейін кел», – дейді. Осыдан кейін ол кісінің жағдайы жақсарып, отбасын қамтамасыз етіп, өзі де әдемі киіммен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алдына келеді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған: «Адамдардан сұрап, қиямет күні қара бет болып келгенше саған осы нәрсе жақсырақ емес пе?» – деп өмірлік сабақ береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет