Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет12/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71
«Жаман әдет – жұқпалы»
Нашар әдет қайдан жұғады? Нашар әдет күнделікті 
араласқан  адамдардан,  дос-жарандардан,  қоршаған 
ортадан, көрген бейәдеп бейнефильмдерден т.б. жұғады. 
«Әр сәби өмірге күнәдан таза болмыспен келеді» деп ха-
дисте айтылғандай, адамның сәби шақтағы пәк болмы-
сы есейе бастаған шағында жақсы-жаман орталарға тап 
болуына  байланысты  өзгереді.  Әсіресе  жасөспірімдік 
әрі жастық шақта еліктеушілік қасиеті басым тұрады. 
Бұл уақытта «Бір рет сынап көргенде тұрған не бар?», 
«Мен  одан  қалаған  уақытымда  бас  тарта  алам»  деген 
жеңсік ой көп адамның алдануына әкеліп соғады. Шын 
мәнінде  «Бір  еткеніңді  екі  етерсің.  Екі  еткеніңді  үш 
етерсің. Үш еткеніңді әдет етпей не етерсің?!» демекші, 
екі-үш  рет  қайталанған  істің  әдетке  айналғанын  адам 
сезбей  қалады.  Бастапқыда  ескермегендіктен,  одан 
құтылу  барған  сайын  қиындай  түседі.  Бұл  турасын-
да  мына  бір  ғибратты  әңгіменің  мазмұны  адамға  ой 
саларлық: 
Бір  жас  жігіт  жаман  әдеттерінен  арылудың  жо-
лын  сұрап  бір  данышпанға  барыпты.  Данышпан  кісі 
оған: «Сен ана бір жас шыбықты суыршы», – депті. Ол 
қиналмай-ақ суырып алыпты. Енді одан жуанын суы-
руын тапсырыпты. Ол досын көмекке шақырыпты. Ал 
одан да жуан ағашты көрсеткен екен, көп адам жина-
лып  ырғаса  да,  оны  орнынан  қозғалта  алмапты.  Сон-
да данышпан: «Көрдің бе? – депті, – жаман дағдыдан 
бастапқы  кезде  құтылу  жеңіл.  Ол  кезде  оған  өзіңнің 
де  шамаң  жетеді.  Кейіннен  достарыңды  көмекке 
шақырасың. Ал нашар қылықты көп уақыт қайталап, ол 
қанға әбден сіңгенде, көмекке қанша адамды шақырсаң 
да, бәрі кеш болады», – деген екен. 


37
Адами мінез – арға сын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет