39
Адами мінез – арға сын
БАҚ-та жарияланған мәліметтерге сүйенсек, қазіргі
уақытта Қазақстанда ресми тіркелген нашақорлар саны
57 мың адамға жеткен. Иненің ілгегіне іліккендердің
42,5 пайызы – 17-26 жас шамасындағы жастар, ал әрбір
төртінші нашақор – 12-16 жастағы жасөспірімдер.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік мәселелері
жөніндегі республикалық ғылыми-тәжірибелік орта-
лығының директоры А.Катков тәуелсіз жүргізілген
зерттеулер қорытындысы ресми көрсеткіштен ша-
мамен 5 есеге көп екенін алға тартады. Ғалымдар ұл
балалардың 55 пайызының, қыздардың 82 пайызының
ағзасы героинды алғаш қолданғаннан кейін-ақ оған
тәуелді болып қалатынын дәлелдеген.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі
ұлттық орталықтың мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан
халқының 45,4 пайызы аптасына 1-2 рет алкогольді
өнім тұтынады. Бұның жастар арасындағы көрсеткіші
тым жоғары. 20-29 жас аралығындағы жастардың 64,4
пайызы, 15-17 жас аралығындағы жастардың 37 пайы-
зы тұрақты түрде ішімдік ішетін көрінеді. Ал 500 мыңға
жуық Қазақстандық маскүнемдікке салынған немесе
түрлі деңгейде алкоголизмге бой ұрған. Қазақстанның
денсаулық сақтау саласына бөлінетін бюджет
қаржысының 70-80 пайызы шылым мен алкогольді
өнімдерді тұтынатын, өз денсаулығына немқұрайды
қарап, түрлі ауруларға шалдыққан науқастарды ем-
деу үшін жұмсалады. Орыстың әйгілі физиологы
И.П.Павлов 20-30 г арақ немесе бір саптыаяқ сыра 10-
40 минут ішінде адамның ойлау қабілетін 17 пайызға
төмендетінін дәлелдеген.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі
ұлттық орталықтың мамандары соңғы үш жылда
40
Ислам және өнеге
маскүнемдікке салынған әйелдердің саны 14,7 пайызға
артқанын алға тартады. Тек қана Алматы қаласының
наркологиялық орталығында 5 мыңнан астам маскүнем
әйел тіркеуде болса, мұның 500-ге жуығын кәмелетке
толмаған қыз балалар құрауда.
Қазақстан халқының 27 пайызы (4 миллион адам)
темекi тартады. 4 миллионның 600 мыңнан астамы
қыз-келiншек, 120 мыңы – 13-15 жас аралығындағы
жасөспiрiмдер. Ғалымдардың айтуынша, қатерлі
ісік ауруларының 90 пайызы шылым шегетіндердің
үлесінде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
(ДДСҰ) дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн.
адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33
пайызға өсіп отырған.
Бүгін де қоғамды іштен іріткен індет болып
отырған бұндай кеселдердің бәрі де о баста жаман
әдетті жұқтырудың салдарынан болғаны белгілі.
Өйткені, жаман әдетке бір берілген адам маңдайы тасқа
тиіп, аяғымен шоқ баспайынша ештеңені бажайлай
алмайды. Бұл тұста «Жаман дағдыдан құтылу қиын.
Қанша қиғаштық болса да, жалғаса береді. Жақтырмау,
ұнатпау, қаламау, ашулану – бәрі жиылса да, оған
ешкім ештеңе істей алмайды. Ол тіпті қорлық пен жек
көруге де шыдайды», – деген Гетенің сөзінде шындық
бар дейсіз.
Достарыңызбен бөлісу: