Ислам және өнеге


« А дамның сөзі – ақылының таразысы»



Pdf көрінісі
бет8/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71
«
А
дамның сөзі – ақылының таразысы»
Қазақ  –  о  бастан  сөз  құдіретін  жете  түсіне 
білген, сөзге қатты мән берген халық. Ел ішінде ауыз 
әдебиетінің,  айтыс,  терме,  жыр,  дастан,  шешендік 
өнердің биік дәрежеде дамығаны – осының айғағы. От 
тілді, орақ ауызды сөз дүлдүлдеріне жұрт қай кезде де 
зор құрметпен қараған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай 
түйінін  білдіретін  сөзге  қатысты  мақал-мәтелдер 
жетерлік: «Сүйкімді сөз сүйек балқытар»; «Жақсы – 
байқап сөйлер, жаман – шайқап сөйлер»; «Тілден бал да 
тамады, зәр де тамады»; «Оттың шаласынан сөздің 
шаласы жаман»; «Тау мен тасты су бұзады, адамзат-
ты сөз бұзады»; «Ұялмас бетке талмас жақ бітеді»; 
«Аңдамай  сөйлеген  ауырмай  өледі»,  «Көз  жетпеген 
жерге сөз жетеді» т.б.
Рас, жас кезінен дұрыс, әсем сөйлеуге дағдылану 
–  адам  бойындағы  ізгі  қасиеттердің  бірі.  Мұсылман 
жұртшылығы  бұған  үлкен  жауапкершілікпен  қараған. 
Өйткені қасиетті Құранда бұл турасында 
«Расында  да  сіздерді  қорғаушылар  бар.  Мәрте-
белі  жазушылар.  Не  істегендеріңізді  бүкпесіз  біліп 
тұрады»
30
, – деп, әр адамда аузынан шыққан сөзді жа-
зып алып тұратын екі періште болатындығын ескерту-
де. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) өміріне көз салсақ, сөз сөйлеуге аса 
30
   «Инфитар» сүресі, 10-12 – аяттар.


28
Ислам және өнеге
бір  байыппен  қарағанын  көреміз.  Айша  анамыздың 
айтуынша,  Пайғамбарымыз  сөз  сөйлегенде  асықпай-
аптықпай  баппен  сөйлеген.  Қажет  кезінде  ұғынықты 
болу  үшін  айтқан  сөзін  бірнеше  рет  қайталаудан 
жалықпаған
31
.  Сөздері  мірдің  оғындай  өткір  әрі 
даналыққа толы болғандықтан, естіген жанға қатты әсер 
еткен. Бір тыңдаған жан тағы да тыңдауға құмартқан. 
Тілі  таза  әрі  шұрайлы,  барынша  ұғынықты  болған. 
Бұны өз сөзінде: «Арабтардың ішіндегі ең таза, шешен 
сөйлейтіні  менмін»,  –  деп  білдірген,  «Өйткені  Аллаһ 
тағала маған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта 
білетін ерекше қасиет дарытқан», – деп түсіндіретін
32

Дауысы  зор,  жағымды  әуезбен  сөйлегенде,  ел  оның 
әңгімесін  тыңдауды  бір  ғанибет  көретін.  Аузынан 
ешқашан жаман сөз шықпаған. Жаймашуақ не ашулы 
кезінде де сөздің әділін ғана айтатын. Айтқан сөзінің 
артығы не кемі болмайтын. Өте анық айтатындықтан, 
әрі  арасында  сәл  кідіретіндіктен,  тыңдап  отырған 
кісілер  сөздерін  тез  жаттап  алатын.  Жөн-жосықсыз 
сөйлейтіндерді жақтырмайтын, өзіне ұнамсыз бір жайт-
ты  жанындағыларға  сездіргісі  келгенде,  оны  астар-
лап  жеткізетін.  Өзі  тоқтағанда  барып  қасындағылар 
кезекпен  сөз  алатын.  Үнемі  сахабаларына  күлімсіреп 
қарайтын,  арасында  олардың  да  сөйлегенін  ұнатып, 
мұқият құлақ салатын. Өзін солардың қатарында санай-
тын. Пайғамбарымыздың сөз сөйлеген кезін сахабалар: 
«Біз Пайғамбарымыз сөйлей бастағанда басымызда құс 
қонақтап отырғандай, соны ұшырып алмайық дегендей 
31
  Тирмизи, Мәнақиб, 9.
32
  Али әл-Мұттақи, Кәнзул-ұммал, 11/412.


29
Адами мінез – арға сын
аса бір сақтықпен құлақ салып тыңдайтынбыз», – деп 
еске алады
33

Пайғамбарымыз  мұсылман  адамның  не  нәрсеге 
қараса да ғибратпен қарағанын, үндемеген кездерінде 
Жаратқанды  ойлап  терең  ойға  берілуін,  ал  сөйлеген 
кезінде  мәнді-мағыналы  сөз  айтуын  қалаған.  Өсек, 
өтірік,  шағыстыру,  ғайбат  секілді  көп  күнәнің  тілде 
жатқанын ұқтырып: «Адам баласы көп күнәні тілінен 
табады»,  –  деп  ескерткен.  Айша  анамыз  бір  әйелдің 
бойының  қысқалығын  айтып  қалғанында:  «Қой, 
ғайбат айтпа. Әлгі сөзіңді теңізге тастаса, тұтас былғап 
жібергендей екен», – деп сол мезет тыйған болатын
34

Әркез  мұсылман  адамның  тілге  өте  абай  болу 
керектігін сездіріп: «Шын мұсылман – тілі мен қолынан 
ешкімге  зияны  тимейтін  адам»,  –  дейтін
35
.  Бос  сөз, 
құрғақ әңгімемен уақыт өткізуді ұнатпай: «Мұсылман 
адамның Исламнан алған ең ізгі қасиеттерінің бірі –
 
бос 
сөзден арылуы» , «Кімде - кім Аллаһқа, сондай-ақ ақырет 
күнінің растығына сендім десе, сөйлегенде мәнді нәрсе 
айтсын,  әйтпесе  үндемесін»,  –  дейтін
36
.  Өзі  сөйлеуге 
қажеттілік тумаса, жай кезде үндемегенді жөн көретін: 
«Үндемеуде үлкен даналық бар, әттең, оның байыбына 
баратындар бірақ өте аз», – деп қынжылатын
37
.
Үш  кісі  отырғанда,  екі  кісінің  өзара  күбірлесіп 
сөйлескенін  дұрыс  көрмейтін.  Өйткені  бұл  үшінші 
кісінің  көңіліне  келуі  мүмкін  деп  түсіндіретін
38

«Сиырдың  шөп  күйсегеніндей  етіп,  көбікезуліктеніп 
33
  Бұхари, Жиһад, 37.
34
  Ибн Касир, Хужурат 12,3/365.
35
  Бұхари, Иман, 4-5.
36
  Бұхари, Әдаб, 31, 85.
37
  Дәйләми жеткізген хадис
38
  Бұхари, Истизан, 47.


30


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет