Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет2/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

Ислам және өнеге
сөзінде  қаншалықты  сыр  жатыр  десеңізші!  Бағзы 
замандағылардың  ұстазға  деген  құрметіндей,  қазіргі 
таңда  ұстаздың  ұлылығын  танып,  лайықты  құрмет 
көрсететіндер кемде-кем. Қоғамдағы осы бір кемшілікті 
автор өз еңбегінде дөп баса білген. 
Жас  күнінде  адам  баласы  өзінің  де  бір  күні  егде 
тартып, қазыналы қарт, шежіреші әже болатынын ой-
лауы  керек.  Қартайған  шағында  құрметке  бөленгісі 
келсе,  әке-шешесіне  аянбай  қызмет  етуі  қажет.  Бес 
күндік жалғанда оларға қамқорлық танытып, жақсылық 
жасасақ,  өміріміз  мәнді,  әрбір  ісіміз  берекелі  болмақ. 
Қолда барда алтынның қадірін білмей, әке-шешесінің 
батасын ала алмаған қазақ аз ба? Бұл ой да авторды ма-
заламай қоймаса керек. «Жаратушы иелерің тек өзіне 
құлшылық  етуді,  әке-шешеге  жақсылық  жасауды 
бұйырды. Олардың (әке-шешелеріңнің) біреуі, не екеуі 
де қасыңда қартайса, оларға ешқашан «түһ» деп кейіс 
білдіруші болма, оларға ұрыспа! Үнемі жақсы сөздеріңді 
жаудыр,  жанашырлықпен  оларға  құшағыңды  жай, 
жұмсақтық таныт. «Уа, Раббым! Олар мені кішкене 
кезімде қалай мәпелеп өсірсе, сен де оларға дәл солай 
мейірімділік  таныта  гөр!»  –  деп  дұға  ет!»  («Исра» 
сүресі,  24-аят)  деген  Аллаһ  сөзін  алға  тарта  отырып, 
ата-анаға құрмет көрсетуге, олардың игі батасын, тілек-
дұғаларын  алуға  шақырады.  Көзі  тірісінде  ата-ананы 
разы  қылып,  олардың  алғысын  алудың  ақыретте  мол 
сауапқа кенелтетінін ескертеді. 
Ислам дінінің сонау Қарахандар заманында қазақ 
даласына  келгенін  айта  келіп,  шариғаттың  шамына 
көздері қарығып өскен ата-бабаларымыз Жаратушының 
ұлылығын  ұлықтап  жыр  жазғанын  Ақтамберді 
жыраудың:
Меккені іздеп не етесің,


6
Ислам және өнеге
Меккеге қашан жетесің?
Әзір Мекке алдыңда,
Пейіліңмен сыйласаң,
Ата менен анаңды, – деген толғауымен нақтылай 
түседі. Ата-анаға құрмет көрсету, қарсы келмей сыйлау, 
Меккеге барғаннан кем сауап емес екені ертедегі қазақ 
арасында да кеңінен белгілі болғанын тілге тиек етеді. 
Исі Исламның өмір сүру үрдісі қыр баласы қазаққа жат 
емес екенін тағы бір мәрте мықтай түседі.
Ұл-қызыңа әдеп үйрет, білім бер,
Қос  жалғанда  нәсіп  көріп  күлімдер,  –  деген  Ж. 
Баласағұн  бабамыздың  өлеңінің  қос  тармағы  неге 
үндейді?  Дінтанушы  Құдайберді  Бағашар  оқырман 
қауымға  осы  сұрақты  қоя  отырып,  жауапты  бірге 
іздейді.  «Әрине,  ұл-қыз  тәрбиесін  ата-ананың  елеусіз 
қалдыруына  болмайды.  «Қызға  қырық  үйден  тыйым» 
деген қазақ мақалын ойға алсақ, біздің қоғам бақытты 
қоғам  болуы  үшін,  ұл-қызға  жастайынан  бойына 
имандылықтың дәнін сеуіп, әдептілікке, еңбекқорлыққа 
баулуымыз керек. Әйтпесе, өз баласынан, өзінің туған 
әке-шешесінен  жерінетіндер  қайдан  шықты?  Көшеге 
шыға  қалсаңыз,  барлық  жайттарды  көзіңіз  көріп 
қанығып  қайтады.  Жанжалдасқан  жанды  да,  іздеу 
салынғанды да, ренжіскен екі досты да, сөздің парқын 
білмей,  қалай  болса  солай  сөйлеген  парықсызды  да, 
ұятты жиып қойып елден қысылмаған қос «ғашықты» 
да,  кекірейген  келінді  де,  жалғанды  жалпағынан  ба-
сып жүрген жуанды да – бәрін-бәрін осы қала ішінен 
кезіктіресіз. Сыпайы сәлемдесіп, жылы қабақ танытып, 
көмек қолын ұсынуға даяр, қағілез, мейірімді жандарды 
көп кезіктірдім деп айта аласыз ба? Болса да көп емес. 
Біліп жасаса да, білмей жасаса да, күнәнің кірінен ары-
ла  алмай  жүргендер  баршылық.  Бұл  адам  баласының 


7
Ислам және өнеге
имани  тұрғыдан  азғындауы»,  –  дейді  болашақ  ұрпақ 
тәрбиесі тұрғысынан терең толғанып. 
Имани  тұрғыдан  азғындау  дегеніміз  не?  Бұл 
сұраққа  да  оқырман  кітап  ішінен  жауап  таба  алады. 
«Ойыншы-күлкішілдік,  я  бір  қайғыға  салыну,  я  бір 
нәрсеге  құмарлық  пайда  болу,  салғырттық  –  күллі 
ақыл  мен  ғылымды  тоздыратұғын  нәрселер»  деген 
хакім  Абай  сөзін  негізге  ала  отырып  автор  «өсек, 
өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ», сонау 
Абай заманындағы зәрін төккен дерт болса, ол бүгінгі 
таңның өзегіне түскен құрт болып отырғаны ащы бол-
са да шындық» деп қоғамдағы қаны тамшылап тұрған 
шындық екенін нақты көрсетеді. 
Мұнымен  қоса,  автордың  «Артық  күлкі  жиреніш 
тудырады»,  «Адамның  сөзі  –  ақылының  таразысы», 
«Әдепсіздерден  «әдеп»  үйрену»,  «Ашулы  жұдырық 
күліп  тұрған  бетті  ұра  алмайды»  деген  тақырыптарда 
қозғаған ой-толғамдары, тайқазанда қайнаған сорпадай 
сапырылысқан  заманның  тамырын  дәл  басып  тұр  де-
сек, артық айтпағанымыз.
Ізгілік  ізінің  ғұмыры  ұзақ  болмақ  екендігін 
көрсететін,  жақсылықтың  туын  желбіреткен,  иман 
аясы  туралы  жазылған  бірқатар  «сөз»,  «реніш», 
«мақтаншақтық»,  «тазалық»,  «ата-ана»,  «сәлемдесу» 
туралы мақалалар оқығанның көңіліне ой салары анық. 
Солардың бірқатарына тоқтала кетуді жөн санадық. 
Қазақ үш нәрсені арсыз дейді. Соның бірі – күлкі. 
Адам  баласы  шаттанғанда,  қуанып  бақыттан  басы 
айналғанда күледі, іштей қаламаса да, жай жымиып қоя 
салатындар бар. Демек, күлкі әр түрлі. «Орынсыз күлкі 
ұрыс  шақырар»,  «Арсызға  арға  байлап  күлкі  береді» 
деген тәмсіл сөздердің тылсымын Пайғамбарымыздың 


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет