Ислам және өнеге


« А қылың болса, арыңды сақта!»



Pdf көрінісі
бет43/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   71
«
А
қылың болса, арыңды сақта!»
Арлылық  –  адам  бойындағы  ең  асыл  қасиеттің 
бірі.  Арлы  кісі  –  ұят,  иба,  намыс,  қанағат,  әдеп, 
шүкіршілік  секілді  бірқатар  игі  қасиеттерді  бойына 
жинақтай білген мол парасат егесі. Қазақ халқы – та-
лайлы тағдырында сан түрлі қиындықтарды бастан 
кешсе де, арына дақ түсірмеген текті халық. Артық 
күлкі, артық ұйқы, артық тамақтың өзін арсыздыққа 
балаған ата-бабаларымыз ар тазалығына өткір сын-
мен қараған. Ел ішіне кең тараған «Мал сақтама, ар 
сақта», «Ердің құны бір ділдә, абыройы мың ділдә», «Ар 
– иманның жолдасы», «Ақылың болса, арыңды сақта, 
ар-ұят  керек  әр  уақытта»,  «Малым  –  жанымның 
садағасы,  жаным  –  арымның  садағасы»  деген  нақыл 
сөздер соның белгісі. 
Арлылық  –  тектілік  пен  көргендіктен,  иман  пен 
жігерден  туатын  қасиетті  мінез.  Арлы  адам  ең  әуелі 
ұятын  сақтайды,  адамдық  мінезден  айнуды  намыс 
көреді.  Түлкімінез  жарамсақтыққа,  жағымпаздыққа, 
сатқындыққа,  қорқаулыққа,  аярлық  пен  арамдыққа 
бармайды.  Тоғышарлық  пен  күнәдан  бойын  аулақ 
ұстап,  дүниелік  ұсақ-түйекке  бола  кісілік  қадір-
қасиетін  төмендетпейді.  Қандай  жағдайда  болмасын, 
өз  тағдырына  разылық  танытып,  тоқмейіл  қалпын 
сақтайды.  Кісіге  қол  жаймайды,  ешкімнен  ештеңе 
дәметпейді де. Арлы адам үшін кісіге масыл болудан 
артық қорлық болмақ емес. Табан ақы, маңдай терімен 
күн  көріп,  құдіретті  Жаратушының  алдында  ғана  бас 
иеді. 


133
Адами мінез – арға сын
Бұндай  асыл  мінез  турасында  адамзаттың 
ардақтысы  Мұхаммед  пайғамбарымыздың  (с.а.с.) 
өмірінен  көптеген  өнегелі  жайттарды  кездестіреміз. 
Сүйікті  елші  өз  өмірінде  жоққа  сабыр,  барға  қанағат 
етіп  өте  жұпыны  ғана  өмір  сүрді.  Не  сұраса  да,  Ұлы 
Жаратушыға ғана қол жайды. Мұң-мұқтажын да пенде-
лерге емес, ғаламның патшасы, өлшеусіз байлық егесі 
әл-Ғаниға  арнады.  Дұғаларында  арлылықты  тіледі. 
Жалқаулық  пен  қорқақтықтан  құдіретті  құдайға  си-
ынды.  Ешкімді  шылауында  ұстамай,  өз  шаруасын  өзі 
атқарғанды ұнатты. Үйдің ұсақ-түйек жұмыстарын өзі 
істеп, малға да өзі қарады. Базардан алып келе жатқан 
затын  көтеріскісі  келген  сахабасына  рұқсат  етпей, 
«Әркімнің өз затын өзі көтергені жөн. Шамасы жетпе-
се ғана мұсылман бауыры көмектеседі»
175
, – деп өсиет 
етті. 
Хадистерінде  мұсылмандарды  қанша  тарықса  да 
алақан  жаймауға,  Жаратқаннан  басқа  ешкімге  мұңын 
шақпауға, ашкөздік пен тоғышарлықтан аулақ болып, 
адал еңбекпен күн көруге шақырды. Мына бір мысал-
дар соның айғағы. 
Бірде: «Уа, расулаллаһ, маған Аллаһқа да, халыққа 
да  ұнайтын  амал  үйретіңізші»,  –  деген  бір  сахабаға: 
«Дүниеге құмартпа, сонда Аллаһ сені сүйеді. Ешкімнің 
қолындағысына  телмірме,  сонда  халық  та  сені  жақсы 
көреді», – деген даналыққа толы жауап естіген
176
.
«Сендердің  ең  қайырлыларың  –  ешкімнен  еш 
нәрсе алмағандарың»
177
, – деген Пайғамбарымыз тағы 
бірде қол жайып қайыр сұрап келген бір кісіні былай-
ша жөнге салғаны бар. Одан үйінде пұл боларлық не 
175
  Хайсами, 5/122.
176
  Ибн Мажа, Зүһд, 1.
177
  Малик, Муатта, 2/998 (1814)


134
Ислам және өнеге
барын  сұрады.  Әлгі  кісінің  жалғыз  жамылғысы  мен 
тостағаны  бар  екен.  Пайғамбарымыз  екеуін  де  алып 
келуін  бұйырды.  Заттарды  мешіттегі  кісілерге  екі 
күміске сатты да, ақшасын иесіне ұстатып тұрып: «Бір 
күміске  жейтін  азығыңды  ал,  екіншісіне  балта  сатып 
әкел»,  –  деді.  Балтаны  сатып  әкелгенде,  өзі  балтаға 
сап дайындап қойып еді. Балтаны саптап беріп жатып 
«осы балтамен отын шауып базарға сат, екі аптадан соң 
келіп  жолық»,  –  деген  еді.  Екі  аптадан  соң  әлгі  саха-
басы мәз-мейрам боп келді. Он бес күміс тапқан екен. 
Сонда Пайғамбарымыз: «Елге қол жайып тіленгеннен 
гөрі отын арқалап сатса да, әркімнің өз күнін өзі көруі 
әлдеқайда артық қой. Қайыр сұрау ауру, не кембағалдың 
ісі емес пе?» – деген еді
178

Ауф  ибн  Мәлік  (р.а.)  әңгімелеген  мына  бір 
оқиға  да  расулаллаһтың  сахабаларын  арлылыққа 
баулығанын көрсетеді:
«Біз  жеті-сегіз  кісі  расулаллаһтың  қасында  отыр 
едік.  Бір  уақытта  ол  бізге:  «Аллаһтың  елшісіне  серт 
бермейсіңдер ме?» – деді. Ал біз болсақ алдында ғана 
серт  берген  едік.  Сол  себепті  «Уа,  Аллаһтың  елшісі, 
жаңа ғана серт бермедік пе?» – дедік. Пайғамбарымыз: 
«Аллаһтың  елшісіне  серт  бермейсіңдер  ме?»  –  деді 
тағы да. Біз де қоймай: «Сізге аз ғана бұрын серт бер-
ген  едік.  Енді  не  үшін  серт  берейік?»  –  дедік.  Сонда 
Пайғамбарымыз: «Аллаһқа құлшылық жасайтындарыңа, 
Оған  серік  қоспайтындарыңа,  бес  уақыт  намаз  оқып, 
толық  мойынұсынатындарыңа,  –  сөйтті  де  даусын 
сәл  бәсеңдетіп,  –  ешкімнен  ештеңе  тіленбеуге  серт 
беріңдер», – деді. 
Ант  етейін,  сол  жерде  болған  кейбір  кісілер  дәл 
сол  күннен  бастап  қамшысы  жерге  түсіп  кетсе  де,  ат 
178
  Тирмизи, Зекет, 28.


135


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет