Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет42/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   71
Ислам және өнеге
шаны.  Адамның  адамдығы  сынға  түсетін  осындай 
кездері  мұсылмандық  мінезден  ауытқымай,  ішкі  ар 
таразысының  өлшемдерінен  мүлт  кетпеу  –  әр  кісінің 
емес ер кісінің ғана қолынан келетін ерен қасиет екені 
аян. 
Біреуді ренжіту көбінесе мінездің нашарлығынан, 
білімнің, жеке мәдениеттің таяздығынан, дөрекіліктен, 
басқаларды өзінен төмен санаудан я болмаса өзіне жеңіл 
деп санаған қылықтың өзгеге ауыр, зіл болып тиетінін 
парықтай  алмаудан  туындап  жатады.  Жаны  жайсаң, 
мінезі  жайма  шуақ  адам  кісі  көңіліне  қаяу  түсіретін 
тұстарды  (сөзді  яки  іс-әрекетті)  жақсы  білетін,  аса 
сезімтал келеді. Көңілді тырнап кететін тікенек мінезді 
емес,  кісі  жанын  ізгілікке  бөлейтін,  жүрген  жеріне 
сыпайылық  ұялататын  сымбатты  ақылдылығынан 
таймайды. Көрген жанды сүйсінтіп, мақтадай жұмсақ 
мінезімен үлгі болады. Өзі ренжісе де өзгені ренжітуге 
жол бермейді. Өйткені, реніштің арада салқындық ту-
дыратынын, адамдарды бір-бірінен суытып, жат қылып 
жіберетінін  жақсы  біледі.  Кешіріскен  күннің  өзінде 
көңілді  көлеңке  басып,  көпке  дейін  салқындықтың 
сызы кетпей жүретінін терең сезінеді. Бұны мына бір 
ғибратты мысал да жақсы ұқтырғандай. 
Бірде жаман мінезді ұлына әкесі шеге толы жәшік 
беріп:  «Маңайыңдағы  достарыңмен  әр  жанжалдасып 
қалған сайын тақтайға бір шегеден қағып отыр», – деп 
тапсырыпты. 
Алғашқы күні-ақ баласы тақтайға көп шеге қағып 
үлгеріпті. Бір күні тақтай беті шегеге толса керек. Бұл 
жайын  әкесіне  барып  айтыпты.  Әкесі:  «Ал  енді,  ба-
лам, бүгіннен бастап, сол достарыңмен татулас, бірақ 
татуласқан әр күнің үшін тақтайдан бір шегеден суы-
рып алып отыр», – депті. 


129
Адами мінез – арға сын
Біраз  күндер  өтіпті.  Бір  күні  қараса,  тақтайдағы 
бар шеге шығарылып біткен екен. Сонда оны сырттай 
бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп 
әкеліп: «Балам, жарадың, – депті, – алайда мына тақтайға 
жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып 
қойған іздерді, көп тесікті көріп тұрсың. Бұл дегенің – 
тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмайды 
деген  сөз.  Достармен  төбелескен  сайын,  арада  жаман 
сөздер айтылады. Әр жаман сөз артына мына шегелер 
тәрізді  шұрқ  тесік  қалдырып  отырады.  Артынан  та-
туласып  жолдасың  мың  жерден  кешірдім  дегенімен, 
мына  тесіктер  секілді  көңілде  кірбіңнің  бәрібір  сыз 
болып  қалып  кететіндігі  шындық.  Сондықтан  ешбір 
досыңмен  жүз  шайыспағайсың,  балам»,  –  деген  екен 
сонда өз ісінің астарын түсіндіріп, өмірлік ұмытылмас 
сабақ ұқтырған әкесі. 
Иә,  реніш  артынан  риясыз  кешірілсе  жақсы, 
әйтпесе көп жағдайда жан сыздатар, еске түскен сайын 
көңілді қаралап, жанды жаралайтын із тастап кететіні 
ащы  да  болса  ақиқат.  «Алдыңа  келсе,  атаңның  айы-
бын кеш» деген бабаларымыз әрқашан кешірімді негіз 
етіп  ұстаған.  «Бір  ашуыңды  маған  бер»,  «Тентегімді 
жөнге салуды өзіме қалдыр», «Бір білместік өтті», егер 
бала болса «ісінің шалалығы» деп, жас болса «жастық 
шақта кімнің басынан не өтпейді» деп, үлкен кісі бол-
са «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ бола ма» де-
ген секілді сөздермен әйтеуір екі жақты өз рәуішінде 
бітістіруге,  араларын  татуластыруға,  артын  тым 
ушықтырмауға  тырысқан.  Әсіресе,  туыс  адамдардың 
бір-біріне  деген  өкпе-реніші  тым  асқынып  кетпеуіне 
көңіл бөлген. «Туыстың азары болса да, безері болмай-
ды»,  «Ағайында  өкпе  бар  да,  кек  жоқ»  деген  секілді 
аталы  сөздермен  кішкене  өкпеге  бола  біржолата  ат 


130
Ислам және өнеге
құйрығын кесу туыс адамдарға жараспас іс екендігіне 
назар  аудартып,  ынтымақ  деген  айдынды  дауылға 
ұрындырмай тұнық ұстауға барын салған. 
Бұны Абай атамыз:
Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма
Бір бес күннің орны жоқ аптығарға
Қай қызығы татиды қу өмірдің
Татуды араз, жақынды жат қыларға, – деп, өмірдегі 
ештеңе  де  ағайын  кісілердің  татулығына,  береке-
бірлігіне жетпейтіндігін әдемі ұқтырған. 
Иә,  «Соймасымды  соямын,  сүйгенімнің  көңілі 
үшін»  деген  қазаққа  көңілден  қымбат  ештеңе  жоқ. 
Өйткені, сынаптай сырғыған көңілдің кілтін таба білу, 
жүрек  ауыртпай  жүру  –  жарасымды  сыйластық  пен 
бақытқа бастайтыны белгілі. 
Мұқағали ағамыз бір өлеңінде: 
Күн батты, 
Міне, кеш кірді. 
Жанымнан бір үн естілді. 
«Рақатқа бола бес күнгі,
Ренжіте көрме ешкімді!».
Тағы да бір күн кеш кірген,
Тағы да бір үн естілген. 
«Азаматсың ғой ес кірген,
Жауласа  көрме  ешкіммен!»  –  деп,  ешкімді 
ренжітпей, ешкіммен жауласпай тату-тәтті ғұмыр кешу, 
бес күндік рақатқа бола әркіммен жаға жыртысып, ит 
пен мысықтай болмау – есі бар азаматтарға айтылған 
есті сөз екенін білдірген. 
Ешкімнің  көңілін  қалдырмау  турасында  ғұла-
малардан көптеген нақыл сөздер қалған. Ахмет Яссауи 
бабамыз: «Кәпір де болса біреуді ренжіту – Жаратушы-
ны ренжітумен тең», – десе, үлкен әулие Жәләладдин 


131
Адами мінез – арға сын
Руми:  «Қағба  –  Ибраһим  пайғамбардың  тұрғызғаны. 
Ал көңіл – Ұлы Жаратушының өзі назар салатын орын. 
Сол себепті бір кісінің көңілін қалдыру – Қағбаны мың 
рет  жыққаннан  да  ауыр»,  –  деп,  біле-білгенге  адам 
көңілі  қасиетті  Қағбадан  да  жоғары  тұратындығын 
аңғартқан. 


132


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет