Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет44/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71
Адами мінез – арға сын
үстінде тұрса да, ешкімді жұмсамай, өздері түсіп ала-
тын болды»
179

Рас, сахабалар арлылыққа қатты көңіл бөлді. Бір-
бірін бауыр тұтып, қолындағы байлығын тең бөліскенде 
де  бұл  мінезден  таймады.  Меккедегі  мұсылмандар 
Мәдинаға қоныс аударғанда (һижрет) орын алған мына 
бір оқиға өте ғибратты. 
Сол  көштен  кейін  Пайғамбарымыз  (с.а.с.) 
мұһажирлар мен ансарларды өзара бауыр етіп жария-
лайды.  Бұны  естігенде  Сағыд  ибн  Рәби  (р.а.)  өзінің 
дәулетінің тең жартысын жаңадан келген діндес бауы-
ры Абдуррахман ибн Ауфқа (р.а.) бөліп бермек болады. 
Сонда  бұндай  жомарт  мінезге  Абдуррахман  ибн  Ауф 
не деп жауап берді дейсіз ғой? Ол бар болғаны сыпайы 
ғана:  «Аллаһ  сіздің  дәулетіңізге  де,  отбасыңызға  да 
берекесін берсін. Сіз маған базардың жолын көрсетіп 
жіберсеңіз болғаны», – деген еді
180
.
 Ардақты сахабамыз 
дайын  байлықты  иеленгеннен  гөрі  өзі  еңбектенгенді 
артық санаған. Әйгілі сахаба Әбу Хұрайраның да (р.а.) 
аштықтан  көзі  қарауытып  құлап  қалғанның  өзінде 
ешкімнен ештеңе сұрамағаны айтылады.
Міне, нағыз арлылық! 
Хадисте  «Кімде-кім  тіленуден  сақтанса,  Аллаһ 
оны арлы қылады. Кімде-кім елге қол жаймаса, Аллаһ 
оның күнін ешкімге қаратпайды. Кім сабырлы болуға 
тырысса,  Аллаһ  оны  сабырлы  қылады.  Адам  баласы-
на  сабырдан  үлкен,  әрі  қайырлы  нәрсе  берілмеген» 
делінгендіктен,  сахабалар  ешкімнен  көмек  сұрамай, 
қиындықтарға сабыр етіп, барынша арлы өмір сүруге 
тырысқан
181
.
 
179
  Мүслим, Зекет, 108.
180
  Бұхари, Буйу, 1.
181
  Бұхари, Зекет, 265/3.


136
Ислам және өнеге
Ар  мен  абыройды  сақтауда  тарихта  мұсылман 
ғалымдарының  көрсеткен  өнегесі  өз  алдына  бір  төбе. 
Олар қашан да ілімнің қадірін түсірмеуге жанын салған. 
Сол  үшін  бұйымтай  айтып  патша  мен  бай-бағланның 
есігін  тоздырмаған.  Атақ,  мансап,  шен-шекпенге 
құмартпай, тақуалық жолын мықтап ұстанған. «Ең жа-
ман ғалым – патшаға жалынышты болып барған ғалым, 
ең жақсы патша – ғалымды өзі іздеп келген патша» деп 
қараған.  Айталық,  Аббаси  әулетінің  халифасы  Харұн 
Рашид әйгілі ғалым Имам Мәліктен күн сайын ордаға 
келіп  балаларын  оқытуды  талап  етеді.  Алайда  ғалым 
оған  мұның  орынсыз  екенін,  қайта  балалардың  өзіне 
келіп сабақ алғаны дұрыс болатынын айтып, сонда ғана 
ілімнің  қадірі  жоғалмайтынын  түсіндіреді.  Қисынды 
уәжге тоқтап, кешірім сұраған халифа балаларын Имам 
Мәліктің  үйіне  жіберіп  тұруға  келіседі.  Ұлық  имам 
Әбу Ханифаның да адал саудамен айналысып, барын-
ша  жақсы  киім  киіп  жүруі  де  осындай  ізгі  ниеттен 
туған.  Ол  ілім  жолындағы  шәкірттерінен  қаражатын 
аямай, қажет кезінде өзі үйлендіріп, оларды өзгелерге 
мұқтаж етпеуге тырысқан. Яғни, басқаларға жалынып, 
тіленуіне жол бермеген. 
«Сұм-сұғанақ  ортасында  ұялдым,  күні-түні  азап 
тарттым,  құрыдым»  деп  Жүсіп  Баласағұн  бабамыз 
айтқандай, қазақ халқы да өз тұрмысында ұятсыздық, 
тоғышарлық, ашқарақтық, жалқаулық секілді жағымсыз 
қылықтарды сынаған. «Мешкей деген жақсы ат емес», 
«Ашты тойғызарсың, ал ашкөзді қайтіп тойғызасың», 
«Сұқ  семірмейді,  ұры  байымайды»,  «Жас  ұялшақ  ке-
лер,  арсыз  сұрамшақ  келер»  деген  секілді  сөздермен 
балаларын  тәрбиелеген.  Әсіресе,  қыз  баланың  арлы, 
ибалы, әдепті болып өсуін қатты қадағалаған. «Қызға 
қырық  үйден  тыйым»  жасап,  оның  абыройына  ел  бо-


137
Адами мінез – арға сын
лып жауапкершілікпен қарауға шақырған. «Арсыз бол-
са, қызың жау» деп (Жетес шешен) қыздың арсыздығы 
тұтас елдің басына салық болады деп қараған. 
Әбубәкір Кердері бабамыз (1861-1905) бір өлеңінде 
әдепті қыз бен әдепсіз қыздың мінезін былай деп сурет-
теген екен:
Қыз болуда не пайда?
Болмаса сабыр, салмағы.
Қыздарды көркем көрсеткен
Мінездің сынық болмағы.
Жігіттерді көргенде,
Жалтаң-жалтаң қараса
Кеткендей-ақ алмағы. 
Оның аты қыз емес
Шайтанның ұшқан қаңбағы.
Ата-анадан асылы
Ұлықсатсыз жүрмеген.
Сұрамаған сөзді білмеген
Қыздардың осы саңлағы! 
Қыздарды  арлылыққа  тәрбиелеуде  әлі  некелеспе-
ген  қыз  бен  жігітті  оңаша  қалдырмау,  әйел  затының 
ашық-шашық киінбеу, ақ некені қадірлеу секілді Ислам 
дініндегі ұлағаттардың берері мол. 
Бұған қоса, ата-бабаларымыз ар сақтауда нүктедей 
пайдаға  бола  үтірдей  иілмеуге,  болар-болмас  дүниеге 
бола арын сатпауға, дүниеқоңызданып абырой төкпеуге, 
сақалын саудалап сүйкімін кетірмеуге, ешкімдің алдын-
да  төмендемеуге,  шама  келгенше  кісіге  қарыздар  боп 
қалмауға, оның орнына не тілесе де Аллаһтан тілеуге 
шақырған. 
Бұл  турасында  Ыбырай  Алтынсариннің  айтқан 
мына бір шумақ өлеңінде үлкен ғибрат жатыр:
Адамға бір өзіңдей көзің сүзбе,


138
Ислам және өнеге
Бір әділ қазынасы кең патшаңды ізде. 
Қорексіз еш пендесін қалдырмайды,
Жаратқан бір Тәңіріңнен күдер үзбе! 
Бұл бізге «Адамнан тілегеннің екі көзі, ал Аллаһдан 
тілегеннің екі бүйірі шығады» деген аталы сөзді еске 
салады. 
Нұржан Наушабай да (1859-1919) бір өлеңінде осы 
ойды қостап, былай деген:
Пендеге пенде қылма жүз салдырып,
Телміртпе бір жаманға көз талдырып,
Мақұрым ете көрме, Раббым Қадыр,
Рахымет қазынаңнан құр қалдырып. 
Бұл  шумақтарда  өзің  сияқты  пенделерге  көз 
сүзгеннен гөрі қазынасы кең Жаратушыдан тілегеннің 
артықшылығы,  Раббымыздың  жомарттығы  шексіз 
екені  еске  салынған.  Расында  да,  Раббымыз  жер 
бетіндегі  сансыз  тіршілік  иелеріне  күн  сайын  үзбей 
ризық беруші Раззақ, барлық нәрсеге құдіретті Қадыр. 
Оның рақым қазынасы ешқашан түгесілмейді. Құранда 
айтылғандай, адам баласы Аллаһқа мұқтаж, алайда Ол 
еш нәрсеге мұқтаж емес, әрі мақталуға лайық
182

Иә, арлылық ең ізгі қасиет десек, арсыздық адамға 
ешқашанда жақсылық, опа әкелмейді. Арсыз адамның 
екі дүниесі де қараңғы. Ел де арсыз адамнан қашады. 
Өзінің  қара  сөзінде  «Жарлы  болсаң,  арлы  болма»  де-
ген мақалдың дұрыс еместігін сынаған Абай атамыз да 
«Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын!» де-
меп пе еді?! 
 
182
   «Фатыр» сүресі, 15-аят.


139


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет