Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет55/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71
Е
кінші
 
Бөлім
Тәрбиенің негізі – 
имандылық


170
«
М
ені Раббым тәрбиеледі!»
Тарихта  адами  болмысына  рухани  кемелдігі  жа-
расып, тән сұлулығын жан сұлулығымен ажарландыра 
түскен тұлғалар некен-саяқ. Сондай ғажап тұлғаның 
бірі  әрі  бірегейі  –  Мұхаммед  Мұстафа 
(саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)
  болғаны  белгілі.  Аллаһ  тағаланың  ерекше  сүйіп 
жаратқан  пендесінің  қай  қырына  көз  салсаңыз  да, 
таңғы  шықтай  мөлдірлігі  мен  періштедей  пәктігіне 
куә  боласыз.  Көркемдігіне  көз  тойдырып,  көңіліңіз 
тебіренеді.  Кір  шалмаған  жан  айнасына  үңілгенде, 
ақыл-парасатына  жығылып,  Пайғамбарлығын  мой-
ындай  түсесіз.  Бойдағы  қасиеттерінің  әрбірі  әлемге 
ұстаз ретінде келген жанның үлкен өнеге, мол тәрбие 
егесі екенін аңдатуда. 
Ақиқат алыбы (с.а.с.) тым кішіпейіл еді. 
Оның өмірде аштыққа сабыр етіп, тоқтыққа шүкір 
еткен  құл  пайғамбарлықты  таңдауы
229
,  жұпыны  ғана 
тірлік кешіп, «Мен Аллаһтың құлымын» дегенді мақтана 
айтуы  да  осы  кішіпейілдігінен  туған.  «Жүрегінде 
тозаңдай тәкаппарлық бар адам жаннатқа кірмейді»
230

– деп ескерткен ол әрқашан өзін айналасындағы адам-
дармен қатар ұстаған. Бай-кедей деп алаламай, баршаға 
ыстық  құшағын  айқара  ашқан.  «Кімде-кім  кішірейсе, 
Аллаһ  оның  абырой-беделін  көтере  түседі;  Кімде-
кім өзін зор қылса, Аллаһ оны қор қылады»
231
, – деп, 
229
  Ахмед ибн ХанбалМүснәд, ІІ, 231. 
230
  Мүслим, Иман, 147; Ғазали, Ихияу-улумудин, 3/239.
231
  Ахмед ибн ХанбәлМүснәд, ІІІ, 76.


171
Тәрбиенің негізі – имандылық
үнемі сыпайы мінез, биязы қалпынан танбаған. Кезде-
скен адамға бірінші болып амандасуы да осыған дәлел. 
Мешіт  жұмысында  ел  бір  кірпіштен  тасыса,  ол  екі 
кірпіштен тасыған. Өз шаруасын өзі атқарып, үй ішінде 
жарларына  көмектескен.  Бұл  жайында  Айша  анамыз 
(р.а.): «Аллаһ расулы үй ішінде киімін өзі жамап, аяқ 
киімін өзі жөндеп, әйелдерінің үй шаруасына жәрдем 
ететін»
232
, − деуде. 
Жетімді  аяп,  жесірге  пана  болып,  науқастардың 
қалын сұраған. Қарсы алдына келгенде өзінен қорқып 
дірілдеген  адамға:  «Бауырым,  қорықпа,  мен  де  сен 
сияқты  қатқан  нан  жеген  Құрайыштың  бір  әйелінің 
баласымын»
233
, – деп басу айтқан. 
Пайғамбарымыздың    (с.а.с)    осындай  тамаша  қа-
сиеті жайында ғалым Қады Ияд: «Аллаһ тағала нәсіп 
еткен жоғары дәрежесіне қарамастан хазірет Пайғамбар 
өте кішіпейіл еді. Өркөкіректік оның табиғатына жат бо-
латын. Ешқашан тәкаппарланбайтын. Атына мінгенде, 
артына  адам  мінгестіріп,  кедей-кепшіктің  үйін  ара-
лап,  пақырлармен  отырып  әңгімелесетін.  Құлдардың 
шақыруын  қабылдап,  қонаққа  баратын.  Сахабалары-
мен  араласып,  бір  жиынға  барғанда,  ешкімді  орынан 
тұрғызып  әурелеместен,  шеттегі  бос  орынға  жайғаса 
кететін»
234
, – деген. 
Ақиық елші (с.а.с) үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге 
ізет көрсетуден жалықпаған. 
Өз өмірінде қашан да қарт кісілерді құрметтеуімен, 
жасы  кішілерге  мейірбандық  танытуымен  үлгі 
көрсеткен. Су немесе сүт ішкен кездерінде түгел ішпей, 
232
  Тирмизи, Шәмаил, 78
233
  Ибн Мажа, Әтима, 30
234
  Қады Ияд, әш-Шифа, I,101-б.


172


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет