Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет63/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

«Кімде-кім  сауабын  Аллаһтан  күте  отырып,  шын 
ықыласымен  Рамазан  айында  ораза  ұстаса,  оның 
өткен  күнәлары  кешіріледі»,  «Үйінің  алдында  ағып 
жатқан өзенге күніге бес рет шомылып тұрған кісінің 
денесінде кір қалмайтыны тәрізі бес уақыт намаз да 
құлды күнәларынан тазартады», – делінген еді
330

Осы  сенім  Мәшһүр  Жүсіп  бабамыздың  өлеңінде 
былай деп өрнектелген:
Оразаң отыз күнгі – отыз кісі
Бес кісі – бес намазың, білемісің. 
Жоқ қылып жамандықты жойылтуға,
Бұларсыз дәнемеге келмес күшің. 
Жамандықты іле-шала жақсылықпен, күнәні дереу 
сауаппен  жойып  отыру  –  Исламның  алтын  қағидасы. 
329
  «Хұд» сүресі, 114-аят
330
  Бұхари, ІІ т. Б. 475.


193
Тәрбиенің негізі – имандылық
Ал  сауапқа  келгенде,  құлшылыққа  жетері  жоғы  тағы 
белгілі. 
Өзіңе болар махшарда,
Ізгіліктің пайдасы, 
Хазірет Имам Ағзам – 
Шариғаттың айнасы. 
Солардан табылған,
Шайтанды жеңбек хайласы. 
Дұрыс намаз, ораза,
Малғұнның тәніне,
Шанышарлық найзасы! – деп
Әбубәкір  Кердері  бабамыз  бұл  тұста  ораза  мен 
намаздың  шайтанды  түйретін  найза  екендігін  ай-
туда.  Өйткені  хадистерде  шайтанның  дымы  құрып 
жеңілетін кезі мұсылманның құлшылыққа тұрған кезі 
екені, Рамазан айы келгенде, тозақ есіктері жабылып, 
шайтандардың кісенделетіндігі айтылған. Бұның мәнісі: 
рухани тазалыққа көңіл бөліп, ашыққан кезде нәпсіге 
тоқтам салынатындығында. Нәпсіні елітіп, кісіні азды-
ра алмаған шайтандардың дегені болмай, мысы басы-
лып, аяқ-қолдарына бұғау салынғандай күйге ұшырауы 
өлеңде «малғұнның тәніне шаншылған найзаға» теңеліп 
образды түрде келісті суреттелген.
Құлшылықтың кісіге берер екі дүниеде де пайдасы 
мол, ол – қараңғы қабірді жарық сәулеге толтыратын 
шуақты нұр. 
Шал ақын әр мұсылманның дүниедегі тілегі – ұлы 
есеп күні тіршіліктегі игі амалдардың пайдасын тигізе 
гөр  деп  тілеу  болу  керектігін  былай  деп  нақылына 
қосқан: 
Қараңғы қабірде жатпақ қиын,


194
Ислам және өнеге
Таңла мақшар болады ұлы жиын. 
Намаз, ораза, ғибадат бек пайдалы
Аллаһдан тілек қылып, күнде сиын. 
Сол себепті ол өлімнің ақиқат екендігін ескертіп, 
құлшылық  жасауға  шақырған.  «Адамның  шынайы 
байлығы  –  бұл  дүниеде  жасаған  жақсылықтары» 
деп  хадисте  айтылғандықтан,  ол  ораза  ұстауды  анық 
байлыққа балаған. 
Қорқақ емей немене қашқан кісі,
Батыр емей немене шанышқан кісі. 
Мың жылқы біткен баймен бірдей қисап,
Оразасын үйінен ашқан кісі!
Үйінде отырып отыз күн оразаның орасан сауабын 
иеленген кісіні мың жылқылы байдан кем көрмеген ба-
бамыз насихатының жалғасында он екі мүшең сау, бал-
тыр сыздап, бас ауырмаған жай уақытта Аллаһ тағаланы 
еске алып отыруға, қай күні дәм-тұзының таусылаты-
нына қауіп етіп, құлшылыққа жақын жүруге шақырған. 
Орындамаса, күнәсі барын да ескерткен. 
Жігіттер, өлім рас, маған нансаң,
Ораза ұста, намаз оқы, тілімді алсаң. 
Ораза ұстамай, намазды оқымасаң,
Әрине, күнәсі не, өлмей қалсаң. 
Байқасақ,  бабаларымыз  оразаны  айтқан  кезде  на-
мазды да бұдан шеттетпегенін көреміз. Әркез намазды 
да қоса айтуы бес парыздың бір-бірінен бөліп-жаруға 
келмейтін  біртұтас  екендігін,  бәрін  тегіс  атқарғанда 
ғана  иман  толық  болатындығын  аңғартуда.  Абай  ата-
мыз да сол себепті парыздарды қатар тізіп, «татымды 
жеміс» беру үшін бұларды тегіс орындауға шақырған:
Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс, 


195
Тәрбиенің негізі – имандылық
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. 
Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті
Қылғанменен татымды бермес жеміс. 
Мұхаммед  пайғамбарымыз
  (саллаллаһу  алайһи  уә  сәлләм)
 
Рамазан  айында  ғана  емес  басқа  уақыттарда  да  ораза 
ұстауға өте ынтық болған. Айталық, әр айдың 13, 14, 
15 – күндері, әр аптаның дүйсенбісі мен бейсенбісінде 
үзбей ауыз бекіткен. Нәпіл оразаларды Аллаһ тағалаға 
бір  қадам  жақындау  мақсатымен  ұстайтынын  әрі 
«Пенделердің істеген амалдарын әр аптаның дүйсенбісі 
мен бейсенбісінде періштелер Аллаһ тағалаға жеткізіп 
отырады.  Осы  күндері  аузымның  берік  болғанын 
қалаймын»  деп  түсіндірген.  Рамазаннан  кейін  келетін 
Шәууәл айында алты күндік ораза ұстау да – сүннет. 
Ол  туралы  бір  хадисте  «Кімде-кім  Рамазанды  ораз-
амен  өткізіп,  бұдан  кейінгі  шәууәл  айында  алты  күн 
ораза ұстаса, жыл бойы ораза ұстағандай болады»
331
 
делінген. 
Қаңлы Жүсіп бабамыз осы оразаны меңзеп:
Рауаят жазған қай бала?
Мағынадан жоқ хабарың.
Шәууалдың алты күнінен
Қаншалық болды залалың...
Шәуалда тұтпақ алты күн,
Хадисы мен сабит-дүр, – деп ой қозғаған. 
Бабаларымыз  ораза  ұстаудың  артықшылықтары 
мен  сауаптарын  ел  ішінде  жарапазан  айтқызумен 
де  насихаттап  отырған.  Өйткені  жарапазан  өлеңінің 
негізгі  мазмұны  ғибрат,  тағылым,  әдеп,  тәлім,  өнеге, 
331
  Ибн Мажа, Сиам, 33


196
Ислам және өнеге
адалдық  пен  мейірімділікке,  адамдардың  бір-бірімен 
бауырмалдығына,  сыйластығына  негізделген.  Ауыл-
ауыл,  үй-үйді  аралаған  жарапазаншылар  ораза  ұстап, 
ауыз  бекіткен  кісілерді  құттықтаған,  ізгі  тілектер 
тілеген,  мұсылманшылықты  берік  ұстану  жөнінде 
насихаттық мәні зор өсиеттер айтқан. 
Жарапазан сөздері негізінен былай болып келген:
Ассалаумағалайкум, мұсылмандар,
Мойынын хақ жолына ұсынғандар. 
Құт орнап отбасыңа, бағың артсын, 
Құдайым қабыл етсе, ісіңді оңдар. 
Атыңнан айналайын хақ пайғамбар,
Алладан әмір келсе – жақ байланар.
Аллаға тіршілікте құлшылық қыл,
Қара жер өлгеннен соң тақтайланар.
Ораза айы келді, ей, жарандар, 
Бұл айдың фазілеті Кәламда бар. 
Өлеңі жарапазан айып емес, 
Мүминге осылайша болған хабар. 
Құдай-ау, айналайын, несібе бер,
Күлген мен ойнағанды кешіре гөр.
Күнәміз таудан үлкен, тастан қатты,
Су сеуіп тозақ отын өшіре гөр!
Ораза айы келді болып қонақ,
Күтіп ал қонағыңды болмай олақ. 
Мұндағы ғибадатың қабыл болса,
Жаннатта қойылады алтыннан тақ. 


197
Тәрбиенің негізі – имандылық
Меккеде бір ағаш бар іші қуыс,
Ораза мен намаз да ізгі жұмыс. 
Ұстасаң оразаны, жұмағыңда
Жемістер шашылады уыс-уыс. 
Айтамыз жарапазан ауылыңа, 
Бақ қонсын бар мұсылман қауымына. 
Береке, құт әкелсе, ораза айы, 
Жаз жайлау, жарық енсін ауылыңа!
332
.
Әр шумақ аяқталғанда ойды үстемелей түйіп тас-
тайтын:  «Бай  Мұхамбет  үмбетіне  жарапазан,  оразаң 
қабыл  болсын  ұстаған  жан!»  деген  сөз  қайырма 
ретінде қайталанып отырған. Ал қасиетті айдың мәнін 
ашып,  сәніне  сән  қосқан  жақсылықтың  жаршысы 
жарапазаншыларға үй иелері дәстүр бойынша сыйлық 
ұсынатын болған. 
Қорыта  келгенде,  жоғарыда  талданған  өлең-
жырлардан  біз  ата-бабаларымыздың  бес  парыздың 
бірі  ораза  ұстауға  айтарлықтай  көңіл  бөлгенін,  оны 
дәстүріне  сіңіріп,  ел  ішінде  барынша  насихаттауға 
атсалысқанын көреміз. 
Қабан жырау қандай іске береке ұялап, қандай істен 
бақыт қашатынын өз өлеңінде былай жеткізген екен:
–  Бақыт қайдан келесің?
–  Ораза, намаз оқымас. 
  Алланың атын тоқымас
  Бейнамаздан келемін. 
–  Бақыт қайда барасың?
–  Тарауық намаз оқыған, 
332
 Қ.Толыбаев. Бабадан қалған бар байлық. Қазақстан.2000.Б.90.


198
Ислам және өнеге
  Көңіліне аят тоқыған
  Ниетті елге барамын. 
  ...Сәресі, сахар ішетін, 
  Хақ жолына түсетін,
  Ниетті елге барамын... 
Иә,  «Оразалымен  оттас  бол,  имандымен  жол-
дас  бол»  демекші,  елімізде  Рамазан  айының  қасиетін 
парықтап,  ораза  ұстаушылар  қатары  жылдан-жылға 
молайып келе жатқанын ескерсек, бақыттың басы бізге 
де бұрылуы алыс емес сияқты. Ылайым солай болғай!


199
Ә


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет