Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет59/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71
сәмания, I, 122-б., Кувейт, 1973.
289
  Ахмед ибн ХанбалМуснәд, VI, 72-б.


182
Ислам және өнеге
Пайғамбарымыз  балалардың  кіш  етіп  қойғанына 
да түсіністікпен қарайтын. Бұл жайында Уммул-Фадл 
басынан өткен мына бір оқиғаны баяндаған: 
«Мен  Алидің  ұлы  Хұсейінді  емізіп  жатқанымда, 
Аллаһ  елшісі  (с.а.с.)  қасыма  келіп,  баланы  сұрады. 
Қолына  ұстатқаным  сол  еді,  сәби  үстіне  сиіп  қойды. 
Баланы қайта алмақ болып қолымды соза бергенімде: 
«Асықпа, аяқтасын. Кедергі жасама», – деді. Ал киімінің 
былғанған  жерін  сумен  тазалап  жіберді»
290
.  Баланың 
еркінен тыс болған іске қабақ шытпайтын. 
Баланы алдамауға, берген уәдені орындауға қатты 
көңіл бөлетін. 
Бірде  Мәдинаға  һижрет  жасаған  сахаба  аналары-
мыздың  бірі  Ләйла  (р.а.)  Пайғамбарымыздың  үйінде 
отырған кезде сыртта ойнап жүрген ұлын шақырып: 

  Балам,  келе  қойшы,  саған  бір  нәрсе  беремін,  – 
дейді.
Бұны  естігенде  Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  дереу 
одан:

  Ұлыңызға не бермексіз? – деп сұрайды.
Әйел:  −  Құрма  берейін  деп  едім,  –  дегенінде,  − 
Егер балаға «бір нәрсе берем» деп шақырып, еш нәрсе 
бермесеңіз, амал дәптеріңізге «өтірік айтты» деп жазы-
лар еді, – деп ескерткен
291

Аллаһ  елшісінің  (с.а.с.)  балаларға  деген  сүйіс-
пеншілігі алабөтен еді. Он жыл қызметінде болған Әнәс 
(р.а.) былай дейді: «Бала-шағасына Пайғамбарымыздан 
артық мейірімді жанды көр-медім»
292

290
  әл-Хаким ән-»Ниса» бури, әл-Мустәдрәк аләс-Сахихайн, III, 
180-б., Хайдарабад, 1335.
291
  Әбу Дәуіт, Әдаб, 80.
292
  Бәззар, 5/а.


183
Тәрбиенің негізі – имандылық
Бір  хадисінде  былай  деген:  «Балаларыңды  көп 
сүйіңдер.  Себебі,  сүйген  сайын  жаннатта  бір  дәреже 
беріледі.  Әрбір  дәреженің  ара  қашықтығы  бес  жүз 
жыл.  Періштелер  әр  сүйгендеріңді  санап,  жазып 
отырады»
293
.
Бір  күні  Аллаһ  елшісі  (с.а.с.)  немересі  Хасанды 
өбектеп,  сүйгіштеп  отырғанда,  қасына  келген  Ақра 
ибн Хабис: «Ойпырым-ай, менің бір емес он балам бар, 
ешқайсысын әлі күнге басынан сипап, маңдайынан сүйген 
емеспін!»,−  дейді  таңданып.  Сонда  Пайғамбарымыз: 
«Сен  басқаларға  мейірімділік  танытпасаң,  Аллаһ  та 
саған  мейірімділік  көрсетпейді»
294
,−  деген  мағынада 
жауап қатады. 
Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  балаларды  райхан  гүліне 
ұқсатып
295
,  ал  иісін  жаннаттың  иісіне  теңеген
296

Немерелерін  жиі-жиі  қасына  шақырып,  бауырына  ба-
сып, мейірлене иіскейтін. Тіпті кейде оларды құшақтап, 
сүйгеннен кейін: «Я, Аллаһ тағалам, бұларды мен жақсы 
көремін, Сен де оларды жақсы көре гөр!»
297
 – деп дұға 
ететін. Бөлмесіне ешкім кірмесін деген уақыттарда да 
немерелері кірсе қарсылық танытпайтын. Тіпті мешітте 
жамағатпен  намаз  оқып  жатқанда,  немерелері  келіп 
ұмар-жұмар үстіне асылып ойнайтын. 
Әбу Қатада былай дейді: 
«Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  бір  күні  жиен  немересі 
Умамәні  иығына  отырғызған  күйде  мешітке  келді. 
Жамағатқа  намаз  оқытты.  Рүкуғқа  иілгенде,  қызды 
жерге  түсіретін,  сәждеден  тұрған  кезде,  қайтадан 
293
  Мүснаду Зәйд ибн Али 505.
294
  Әбу Дәуіт, Әдаб 156. (4/355).
295
  Айни, Ұмда 16/243.
296
  Мәжмау-зауаид, 8/156.
297
  Бұхари, Фәдаилүс-сахаба. 18 (5/30).


184


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет